С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі
Мұғалімі: Карипова Алтын Садыковна
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері. Абай. Күз.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды сөйлем мүшелері туралы түсініктерін толықтыру. Тұрлаулы, тұрлаузсыз мүшелерді ажырата алу. Сөзге дұрыс сұрақ қоя білу дағдысын қалыптастыру.
2.Абай Құнанбайұлының «Күз» өлеңін оқи отырып, Абай Құнанбайұлы табиғаттың төрт мезгілін шебер суреттейтін ақын екеніне көз жеткізу. Абай шығармаларын насихаттау. Өлеңнің әр шумағының негізгі ойын таба білуге үйрету.
3.Бала бойында Ұлы ойшыл Абайдың рухани мұрасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, Слайд «Абай Құнанбайұлы», «сөйлем мүшелері».
Сабақтың түрі : кіріктірілген сабақ қазақ тілі мен әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу.
- Сыныпты 3 топқа бөлу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
- «Қиын сұрақтар» аралы.
Дәптерден үйге берілген тапсырмаларын оқып, жай және құрмалас сөйлем туралы түсінгендерін айтқызу.(Әр топтан бір баладан)
ІІІ. Жаңа сабақ .
1.№1 слайд. Интербелсенді тақтадағы берілген сөйлемдерді оқып, сөздерге сұрақ қою, әр сөздің толық мағынасы бар екеніне көз жеткізу.
№2 слайд Сөйлем мүшесінің ережесін қоытып шығару
№3 слайд Сөйлем мүшесінің түрлері (тұрлаулы, тұрлаусыз.)
- 2. «Ғажайып оқулық» аралы оқулықпен жұмыс 46 бет
1- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауыш пен баяндауыштың астын сызу, сұрақ қою.
Әр топтан бір баладан тақтаға шығып сөйлемді талдау.
1-топ Адамдар санауды өте ертеде үйренген.
2- топ Олар алғашқыда саусақтарын санаған.
3- топ. Адамдар әлгі тастарды жіпке тізіп қоятын.
Қорытынды: бастауыш пен баяндауыш туралы не айтуға болады?
Бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады.
Сондықтан, оларды сөйлемнің негізі дейді.
2- жаттығу. Тақтада орындау. Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін табу,
Тұрлаусыз мүшелердің астын сызу, сұрақ қою.
3- жаттығу ( оқулықтарды жабу)
а) Интербелсенді тақтадан берілген суретті мұқият қарап есте сақтау.
2-3 сөйлемнен тұратын мәтін жазу, мәтінге ат қою.(Вербалді әдіс)
ә) сөйлемдерді оқып, талдау.
ІІ.а) Аудио таспа арқылы «Әжемнің әңгімесін» тыңдау.
ә) әңгімедегі басты кейіпкер кім? (Абай Құнанбайұлы )
б) № 4 слайд Абай Құнанбайұлы туралы оқушылардың ойларын тыңдау.
- «Мәтіндер» аралы. Оқулықпен жұмыс әдебиеттің 50- бетін ашу.
- Абай. «Күз» -өлеңді іштей оқу.
— кезекпен мәнерлеп оқу.
- Сөздік жұмыс: Ыс- түтіннің күйесі
Құрысын заңы- әдет
- Әр топқа 1 шумақтан бөліп беру. Мәтінді талдау.(топпен жұмыс)
1-топ 1-шумақты оқып, тақырып қою, сол тақырыпты ашатын кілт сөзін немесе сөз тіркесін табу,
2-топ 2-шумақты оқып, тақырып қою, сол тақырыпты ашатын кілт сөзін немесе сөз тіркесін табу,
3- топ-шумақты оқып, тақырып қою, сол тақырыпты ашатын кілт сөзін немесе сөз тіркесін табу,
- «Қиын тапсырмалар аралы». Карточкадағы тапсырмаларды топпен оқып, іштей талдап, жауап беру.
1-топ Өлеңде автор күзді күнгі жануарлардың қылығын қалай суреттеген?
2-топ Өлеңнен автордың күзгі жер беті мен аспанды суреттеген жерін тауып оқу.
3- топ Автордың күзгі қазақ ауылы мен қазақтың үйін суреттеуі.
С: Автор күзгі қураған ағашты неге теңейді?
Осы ойдан Абай өмір сүрген кездегі бұқара халықтың қандай жағдайын көруге болады?
( кедейшілік ) Мұғалімнің түсінігі.
№ 5 слайд тақтадан сөздік жұмыс жүргізу.
Бүгін ел көктеуде, ертең жайлауға көшеді, оның күні өтсе, күзеуі, қыстауы бар.
Ғ.Мүсірепов.
Сұрақ. Асты сызылып тұрған сөздердің мағынасын түсіндір.( топпен ақылдасып, ойларын ортаға салу).
- Қорытындылау № 6 слайд АБАЙ
- «Түйін» топтастыру. «Төртіншісі артық»
№ 7 слайд тақтадан мұқият оқып, өз ойларын айту
1.ақын 2. сазгер 3. саяхатшы 4. аудармашы.
- Әдебиеттен үйге тапсырма беру.
- Қазақ тілі Шығармашылық диктант ( тиісті тыныс белгісін қою)
Абай кестелі сөздің иесі. Абай көркем әдебиеттің темірқазағы.
Рефлесия: Сөйлем мүшесін сызбаға түсіру. ( топпен жұмыс)
- Үйге тапсырма 5-жаттығу.
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы оқып, әдебиеттен
2 сөйлем жазып, дәлелдеу.
10.Білім бағалау
[bws_related_posts]