Басы » Cыныптан тыс » Ғажайып алаң

Ғажайып алаң

Екібастұз қаласы
С. Торайғыров атындағы
№22 гимназия мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Нұртазина Мақпоз Мұхамметқызы

Ғажайып алаң
Ал енді құрметті қонақтар!
Ертеңгілігімізде   «Ғажайыптар алаңы»  ойынын тамашалаңыздар. Ойынды бастамас бұрын ойын шартымен барабандағы бөлімдермен таныстырайын.
Б- банкрот
О-ойын кезегі көшіріледі.
&- Музыкалық сәлем
Әріптерді бір оқушы жазып тұрады. Бір оқушы ұпайларды жазады.
Ал ойыншылар айтылған әріптерді жазып , сызып отырасыздар.
Ендеше бірінші үштіктің ойыншылары аналардаң анасы – әжелерді ортаға шақырайық.
Ғажайып ойынының тақырыбы аналар, қыздар киетін киім, сәнді әшекейлер, бүгінгі мереке иесіне арналаған қажетті заттарға арналады.
І. Бірінші тапсырма. Аяқ киім атын табу. Қазақтың аяқ киімдері: байпақ, мәсі кебіс, етік. Етікті ертеде иленген теріден тіксе, қазір былғарыдан тігетіні бәрімізге аян.Былғары әр түрлі түске боялады (қара, сары, қызыл) т.с. Қыз келіншектер көбінесе қызыл түсті былғарыдан, оюлап етік тіктіріп киген.Ол етіктің өзінің ерекше аты болған. Қалай деп аталған соны тауып көрелік. 6 әріптен тұрады.( Сапиян)
Сәттілік тілеймін. (Әр ойыншыға сөз беру, таныстыру)
Бірінші ойыннан кейін ақ әже әні орындалады.  (Музыкалық пауза)
Бірінші ойынның жеңімпазы- …………………………….әжесі.
ІІ Ортаға екінші топ — аналар тобын шақырайық.  Сіздерге тапсырма қыз аты болмақ. Бала дүниеге келгеннен кейін ата- анасы азан шақыртып баласына ат қойғызады. Қазақтың ат қойуының  өзінен халықтық, ұлттық ерекшелігі, таными түсінігі, ой арманы көрініп тұрады. Мысалы баласы бай, дәулетті болсын деген ниетпен : Дәулет, Байбол десе, күшті ,ер жүрек болсын деп Арыстан, Алпамыс. Қазір сіздер «Абай жолы»  романының авторы  Ұлы жазушы Мұқтар Әуезов өзінің қызына өзіндік мағына беретін ат қойған екен. Ендеше Мұқтар Әуезовтың қызының аты кім болған. (Мұғамила)
(Әр ойыншыға сөз беру, таныстыру)
Музыкалық үзіліс Ән
ІІІ. Сынып көркі қыздарды ортаға шақырайық.
Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе –елдің көркі деп қыз бен гүлді қатар қойған, яғни қызды гүлге теңеген. Үшінші топқа берілген тапсырма гүл атын табуға арналады. Бұл гүл өскендк дала құлырып сала береді,Бұл гүлден кейін даланы аспан түстес ботагөз гүлдері басады.
( жауқазын)
Музыкалық үзіліс.
ҮІ. Жанкүйерлермен ойын. Құрметті көрермендер
Сіздерге тапсырма қыз аты болмақ. қыздары сұлу сымбатты болсын деп Айсұлу, Нұргүл, Раушан, Әсем т.с.заттар . Келесі тапсырма қыз аты. (Қырмызы)
Ү. Қазір әр топтан жеңіске жеткен ойыншыларды ортаға шақырайық.
Зергерлік өнер- ерте заманнан келе жатқан сәндік өнердің бір түрі. Әшекей заттарға сырға, сақина, алқа, шашбау т.с.с жатады. Қыздардың көп пайдаланған бұйымдарының бірін Абай атамыз өлеңге қосқан тыңдап көрелік.
Білектей арқасына өрген бұрым,
…………. сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Камшат бөрік ақ тамақ, қара қасты.
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.  (Шолпы)
Бұл не деп ойлайсыздар? ( қыз, ана, әже)
Жеңген ойыншының ұпайлары жиналып, өзіне керек заттарды ұпай санына сәйкес таңдалып алынады. Ақтық ойынды ойнау ұсынылады.
ҮІ. Ақтық ойын (супер игра) тапсырмасы тағы да қыз баланың сымбаты мен көркіне байланысты болмақ. Мысалы мынадай теңеулерді тыңдап көрелік. Сұңғақ бойлы, күлім көзді, сүмбел шашты, ақ маңдайлы, сүрме қасты, қыр мұрынды т.с.с деп (суреттеген)  сомдаған. Қыздар шашын тағы қалай деп суреттеген.  (қолаң)
Сы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *