Басы » Tәрбие сағаттары » Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

Екібастұз қаласы,

С. Торайғыров атындағы

№22 гимназия -мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Салықова Гүлбақыт Амангелдіқызы

 Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

Армысыңдар халайық

Бармысыңдар халайық

Наурыз тойда жиналып

Шаттанып бір қалайық.

Міне, шуақты да шырайлы мерекеміз — Наурыз мейрамы да келіп жетті.

Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы.

 Наурыз мерекесі құтты болсын!

1-жүргізуші:   22 наурызда күн мен түн теңеледi. Табиғат гүлге, өріс төлге толғанда, адам жаны да жаңарып, жасарып, жүрегі әсем әнді, әуезді жырды аңсайды.

 Ұлыс күнінде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар, ер адамдар қос қолдасып төс соғыстырады, әйелдер құшақтасады, ерлер мен әйелдер кездессе, құшақ айқастырады. Қос қолдап амандасып, төс соғыстыру – өмір тірегім – төсім, тіршілік көзім – екі қолым аман-сау болсын дегенді білдіреді.

Күй « » әсем

Ендеше

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.  Би

Осы той «Наурызнама» деп аталады. Әдетте, наурызнаманы бай, ауқатты кiсiлер жасаған. Бiрақ әр шаңырақ өзiнше наурыз көже пiсiрiп, ақ толы аяғын босағадан аттағанның бәрiне ұсынған. Ауыл ақсақалдары үй-үйден дәм татып, үйдегiлерге ыдыспен сыбаға тасып жүрген. Ол сыбаға iшiлместен бұрын қазанға құйылады. Бұл «Дәм-тұзымыз араласқан тату болайық» дегеннiң белгiсi.

Бүгінгі біздің Наурыз тойымызға үш ауыл қонаққа келген екен. Ендеше ауылдарды таныстырып өтелік.

І- Сәкен ауылы. ІІ Мұқағали ауылы. ІІІ Шәмші ауылы (3 минут)

Ұландар:

 

  1. О, жарандар, жарандар!

Бәрің мұнда қараңдар,

Наурыз тойы басталды,

Текке қарап тұрмаңдар!

  1. Әуелесін армандар,

Үміті от боп жанғандар.

Бақ дарып, Қызыр қарасын,

Мерекеден қалмаңдар!

 О, жарандар, жарандар!

Тамашадан қалмаңдар.

Құс қанаты көңілмен,

Жер әлемді шарлаңдар!

  1. Оятып шың мен асқарды,

Ерітіп мұз бен асқарды.

Нұрландырған даланы,

Наурыз тойы басталды

1.О, халайық! Наурыз тойы құтты болсын!

2.Ұлыс оң болсын, қайда барсаң жол болсын!

3.Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

4.Ұлыс бақты болсын, төрт түлк ақты болсын!

Қыдыр ата келеді:

 Оу, аман ба, жарандар,

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң

Естіліп тұр шаттық ән.

Жұрағатым қуанып,

Рахатын тапты жан.

Келе жатыр жырымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

Күннің жаңа нұры бар.

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам – бұл,

Қарсы алайық тұрыңдар!  (Бәрі орындарынан тұрып қарсы алады)

Наурыз қыз;

Сәлем ата-аналар!

Айналайын балалар!

Қызыр баба аман ба?

Жаса жайлы заманда.

Уақыт үдеп келдім мен,

Бақыт тілеп адамға.

Қудым жерден суықты,

Қырдан салқын бу шықты.

Гүл жайнаған көктемде

Гүлдей сыйлық көп менде.

Ал, ата жоғара шығыңыздар. Төрлетіңіздер. Біздің ауылдардың өнерін тамашалаңыздар.

Қыдыр ата : ерекше көзге түскен адамдарға берер сыйлығымыз да бар.

І бөлім Тамаша келесі кезекте ән жарыс «Қос жұлдыз»  ата-ана, оқушылар.

             І-ауыл  2 ән

ІІ бөлім. Мақал- мәтел сайысын тамашалап жіберелік.Мақал-мәтел.«А,Б,Ә,Д,Ж»

           ІІ ауыл  2 ән

ІІІ бөлім «Құрақ көрпе сайысы»

Жүр:    Наурызда Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады, тал-теректер бүршiк жарады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi.Құрақ көрпелерді тамашалайық Ал енді  әр ауылдан келгеншебер келіншектерімізді қарсы алайық.

19 наурыз —  Жайнау күні. Белгісі — құрақ көрпеше. Бұл күні әркім өз үйін әшекейлейді, көше, ауыл алуан түске безендіріледі. Төрге құрақ көрпе төселеді, қабырғаларға кілем жайылады

Балдәурен. Балалық шақ — Тым-ақ келте.

Сол кезден қалған белгі — Бір-ақ көрпе.

Бүгінде көз алдымда тұрады ылғи.

Марқұм анам құраған — Құрақ көрпе! –деген екен Қайрат Жұмағалиев.

жүргізуші:

 Ал енді шеберлеріміздің бұйымдарымен таныссақ.Әр шебер өз бұйымымен таныстырып өтеді.

Қатысушылар айтып өтеді. Сіз қандай бұйым тіктіңіз?Қанша уақыт кетті?Сіз осы байқауға әдейі тіктіңіз бе? Әлде ертеректе әзірлеген бұйымыңыз ба? Ол оюларды сізге кім үйретті? Әлде өзіңіз ойдан құрадыңыз ба?

жүргізуші:   Мәселен, қазақта құрақ көрпеге періште қонады деген ұғым бар.    Құрақ көрпенің шаршап келіп отырған кісіні түлететін қасиеті бар екен.

-жүргізуші:  Оюлар нешеге бөлінеді.

 Қазақтың оюлары негізінен төрт түрге бөлінеді екен. Жан-жануар, өсімдік, аспан әлемі және геометриялық оюлар.

  жан-жануар тақырыбына қазмойын, табан, аққу, өркеш, өрмекші, қошқар мүйіз сияқты оюлар жатады екен.

 өсімдік тақырыбында ағаш, гүл, сегіз жапырақ деген оюлар бар.

Аспан әлемі  Шеңбер, ай, жұлдыз, шұғыла сияқты оюлар аспан әлеміне қатысты болса,  Геометриялық оюлар   Сүйір, ирек, шынжыр, балдақ оюларын геометриялық оюларға жатқызамыз.

Түстер туралы:Ақ түс- жарық пен тазалық.  Сары-үйдегі жарасытқ, жақсылық, күн сәулесі.Жасыл түс- қуаныш, көңілділік. Қызыл- жастық. Көк түс- нұрлы аспан, бейбітшілік.

           Көрпе тіккенде мата таңдауға да көңіл бөлген жөн.

Көрпеге мақпал маталар, парша, атлас қолданылады

Тамаша.рахмет өнерлеріңіз өрлей берсін!

Қыдыр ата: тамаша менің де сіздерге дайындаған ұлттық ойындарым бар.

Ұлттық ойындар ойнау.( Күш сынасу, алтын жүзік, күрес, Қол тартыс)

       Егер осы тартыста қыздар жағы жеңсе, жаңа туған жыл «жақсы жыл» болады деп қуанысады. Ал еркектер басымдық көрсетсе «туған жыл суық, жайсыз болады». Әйелдер жағы жеңсе ел қуанады екен. Себебі бұл дәстүрдің шығу тарихы өте ерте заманда басталса керек. Ата бабларымыздың ұғымынша,»Күн», «Ана», «Құт береке», «Молшылық, «Мейірім» барлығы да бір ұғымға сиятындықтан, қыз бен жігіт тартысында қыз баланың жеңгенін мақұл көрген.

ІҮ бөлім.Наурыз шаттық әніміз

                Салтанатты сәніміз

                Ән салып жас кәріміз,

                 Би, билейміз бәріміз.    Би жарыс

Ү.Бата  жарас. Дастархан, балаға наурызға.

Домбыра тартыс : Әсем, Нұрасыл, Жансейіт, Дилназ, Азиза

ҮІ бөлім. Сөзжұмбақ.

1. наурызша 2. Наурызгүл  3. Наурызкөк  4. наурызтөл  5.ұйқыашар 6.Қызыр 7.бесқонақ 8.Өлара  9. Наурызнама 10. бидай 11селтеткізер 12.жаңа күн

Наурызтөл

         Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал- жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.

 

Наурызкөк.   Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе?» деп шақырады, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді, оны бақыт құсы қатарына қосады.

Наурызша.  Наурыз айында ашық күндері қолдан жасаған ою-өрнекті әрі жұп-жұқа қиыршық қар түседі. Ол күн көзіне шашырап, жылтылдап құбылады. Анықтап қарағанда басқа қар қиыршықтарындай емес жеңіл де үлпілдек болады. Мұны халық «наурызша» деп атаған. «Наурызша» жаң жылдағы жылылықтың белгісі.

«Бес қонақ»  Қазақтар 1 жылды әрқайсысы 30 күннен тұратын 12 айға бөлген. Санға кірмей қалған 5 күнді «бесқонақ» деп атаған..Себебі, халқымыз жылдың 365 күннен тұратынын жақсы білген, әрбір жыл маусымын 90 күннен тұратынын шамалап, Жыл басының кәзіргіше 14 наурыздан (бұрынғыша 1 наурыз) атап өтіп, ол айдың 14 көкекке (кәзір мұны арапша «сәуір» атап жүрміз) дейін созылатынын дәл есептеп шығарған және 14-18 көкек аралығы табиғи «өлара», яғни ешбір жылдық күнтізбеге кірмейтін бес күн, яғни, уақыт тарапынан «бес қонақ» екенін бейнелеп айтып кеткен. Сөйтіп, қазақтың күнтізбесінде 365 күн болғанмен, оның бесеуі жылың төрт  маусымына кірмеген, жылдың «қонағы» есептелген. Бұл бес күн ішінде жыл бойы болатын табиғиауа райәының «мінезін»  көрсететінін шамалап білген. Осы «БЕС ҚОНАҚтың» қылығына қарап жылдық ауа райын болжаған.Бір қызығы бұл бес күн ішінде қар да, жаңбыр да жауған, боран да болатын болған, қар еріп, сел де болған. Кейді ол он күнге созылатын да жағдайы бар. .

   Жастар өз алдына «Бастаңғы» кешіне жиналады: қыздар «Ұйқыашар» асын әзірлеп, жігіттер жағы «Селтеткізер» (сюрприз) дайындайды. Олар таң атқанша сайран құрып, таң ата Бас таңды қарсы алуға көшеге шығады.

ІІІ ауыл ән

Қыдыр ата сыйлықтарын таратады.

Ертедегi дәстүр бойынша наурызнама тоғыз күн тойланатын болса, соның сегiзiншi күнi «той тарқар» болады. Мұнда бұған дейiн өнерiн ортаға салып, оза шапқан дарабоздарға, қарсыласының жауырынын жерге тигiзген балуандарға, тiптi тайы озып келген жас балаға да «ат терi» деп сыйлық берген.

Жүр:

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға толтырып жатыр міне маңайды.

Мал біткеннен бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Құтты болсын ұлыстың Ұлы күні,

Шаттандырған елімді Тәңір нұры.

Табиғатты түлеткен нұрландырып,

Құтты болсын Наурыздың жаңа күні.

Наурыз тойға жиналған халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Мереке басы болсын берекенің,

Ардақта Наурыз тойы салтыңды елім!

Жігіт: — Сізді көріп сермеді жыр құлашын,
Кеудемде бір қамданып тұрды лашын.
Наурызда жөн сұрау айып емес,
Амансың ба?
Атың кім Құрбыласым!

Қыз: — Жыр дегенің әнің бе жер тепкізген,
Жөн сұрайтын бар ма адам еркек бізден.

Жас кезінде атам ат сұрамай-ақ,
Сыйлық беріп әжемді селт еткізген.

Жігіт: — Не десең де теңсіңдер, еріктерің,
Сый жинауға алаңға келіп пе едің?
Өйтетіндей ескеріп ерте тұрып,
Өзің маған «Ұйқыашар» беріп пе едің?

Қыз: — Бейтанысқа біз қашан «таян» дедік,
Қозы келсе болар ма Баян да ерік.
Ұйқың әлі, жігітім, ашлымаса,
Тұрмын ба мен түсіңде аян беріп?!


Жігіт: — Ағаттығым болды-ау бұл бір істеген,
Ендігіде жөніммен дұрыс келем.
Наурыздың, құрбылас, құтты болсын,
Танысармыз «бір көрген біліс» — деген…

1 пікір

  1. өте жақсы сайт қалай тіркелуге болады?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *