Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен политехникалық колледжі
Инирбаева Шалкы Нұрлиходжаевна
ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАНҒА ҚУАТ
Мақсаты:1. Студенттерге жақсы сөздің адам өміріндегі маңызын, өзара қарым-қатынасындағы ынта- ықыласын, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту.
2.Студенттерді қоршаған ортаға , айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту
3. Табиғатқа сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайылыққа, жақсы сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа,А3 қағаздары, түрлі-түсті бояулар, табиғат көрінісінің мазмұнды суреті
1.Оқушыларды шеңберге шақыру. Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстағанда нені сезінеміз? Сендер гүлдердің, ағаштардың, жануарлардың, құстардың атынан өз тілектеріңді білдіріңдер.
-Мен мейірімді күнмін! Мен барлығыңа мейірімділікті тілеймін.
-Мен әдемі гүлмін! Бүгінгі күн жақсы өтсін деп тілеймін.
-Мен кішкентай арамын! Сіздерге денсаулық тілеймін.
-Мен көрікті ағашпын! Ашық аспан тілеймін.
-Мен биік таумын! Сіздерге таудай талап тілеймін.
-Мен мөлдір сумын! Мөлдір судай болыңыз.
-Мен адаммын! Сіздерге үлкен қуаныш тілеймін.
8. Кіріспе.
Қазақ халқы сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне сөйлеудің парқына және қай жерде қалай сөйлеуге айырықша мән берген. Бір ауыз жылы сөзбен жүрек жарасын жазуға да болады.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жақсы сөз-жанға қуат» деп аталады. Бір ауыз жаман сөзбен жүректі ауыртып көңілге қаяу салғаннан гөрі, жақсы сөз айтып көңіл жадыратқанға не жетсін. Су туралы-ғылыми фильм бар екен. Сонда жапондық бір ғалымның зерттеуі 3 бөлмеге 3 банкі су құйып, олардың ішіне күріш салып, біріншісіне «сен өмірдегі ең тамаша күрішсің, рахмет саған! Сен менің денсаулығыма қуат бересің!» деген сияқты жылы сөздерді айтса, екіншісіне жаман сөздер айтқан, ал үшіншісіне тіпті назар аудармаған. 40 күннен соң 1-ші банкідегі күріштің хош иісі шығып, баданадай-баданадай болып өсіп, суы мөлдір болса, 2-ші банкідегі су қап-қара болып, күріш шіруге айналған, ал 3-ші банкідегі күріш мүк басып, көгеріп кетіпті.Судың есте сақтау қабілеті бар екенін ғылым дәлелдеді.Жақсы сөз айтып су ішсең, денсаулығыңа пайда, жаман сөз айтып ішсең –зиян.Ендеше бір-бірімізге жылы сөзді көп айтсақ, бағанағы күріштей жайнап кетеміз. Жаман сөз айтсақ көңілімізде жаман болады. Бүгін біз осы тақырыпта ойланып, осы тақырыпта жұмыс жасаймыз.
Отырған оқушылардың барлығына күннің шапағы бейнеленген қағаз таратылып беріледі. Күн шапағына оқушылар адамның жақсы көретін қасиеттерін жазуы керек (жайлы әуен қойып қою). Тақтадағы күн ортасында «жақсы адам» деп жазулы тұрады. Жазғандарын әкеліп жапсырады.
«Күн шуағымен жылу береді, ал адам жылы сөз айту арқылы бір-біріне жылу береді»,- деп жасырулы тұрған Ғ.Мұстафиннің сөзін ашу керек. Бұл сөздерді дәптерге жазуға болады.
1.Ойын «Сен айтқан жылы сөз….»-деп аталады.
Мұғалім бір баланың құлағына «Сен қандай әдемісің»деп сыбырлайды, ал ол бала келесі балаға сыбырлайды.т.с.с. Ең соңындағы оқушы өзі естіген «сен қандай әдемісің» деген сөзді бәріне естіртіп тұрып айтады. Ал, енді осы ойынды кім қорытындылайды? 2.Өзіммен-өзім. Шығармашылық жұмыс. Мұғалім оқушыларға ойға беріліп, қиялдарын шарықтатып, туған елімізді, өскен жерімізді шарлап шығуға шақырады. Жаңбырдан соңғы табиғатты бейнелеу тапсырылады (кемпірқосақ).
3. Мұғалім кемпірқосақ суретіне қарап тұрып, кемпірқосақтың әр түсіне арнап оқушыларға ой тастайды.
7. Қорытынды: бүгінгі сабақтан біз бір ауыз жылы сөздің адам жанын жадырататынын, көңіліне жылы сөз ұялататынын білдік.