Шанкиева Гулнар Нуржанқызы
Атырау облысы
Индер ауданы
Аққала орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: З дыбысы және әрпімен таныстыру. Көркем етіп жазуға үйрету.
Дамытушылығы: Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту.
Тәрбиелілігі:Адамгешілікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ -жауап
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Түгендеу.
Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Білімді тексеру. 1) И дыбысы қандай дыбыс?
2) Сөздің қай жерінде, қай дыбыстан кейін жазылады?
3) И дыбысынан келетін сөздер ойлау
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Сурет бойынша жұмыс.
– Мынау кім? (– Ол қыз бала.)
— Дұрыс ол қыз баланың есімі – Зәуре болсын.
— Зәуре деген сөздің басында қандай дыбыс естіледі? (З дыбысы)
— Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсындар? ( Дауыссыз)
Зәуре сөзіндегі барлық дыбыстарды текшемен белгілеу.
Оқулықпен жұмыс:
— Зығыр, зырылдауық сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.
— « З» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату.
— З-ның әріп таңбасымен таныстыру. Жазба түрі-Зз
— Хормен баған түрінде жазылған сөздерді оқыту.
Таза, зығыр,жалбыз, қобыз, тазы, қызыл, қарбыз, тоғыз, қозы,қымыз, жұлдыз,сызғыш.
г) Баған түрінде берілген сөздерде з дыбысы сөздің қай жерінде естіліп
тұрғанын анықтау
Ү. Жаңа білімді бекіту. 1. Мәтінді тізбектей оқыту.
2.Сұрақ-жауап әдісімен мазмұнына түсінік беру.
3.Әңгімелету.
Сергіту сәті:
4.Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену
Қол жаттығуын жасау. З дыбысы бар заттардың суреттерін салу немесе
қозының суретін салып, дыбыстық талдау жасау.
— Зы-зы- зы, секіреді қозы.
5.Тақтамен жұмыс:
З Зада, Зере, Зәуре, Зейнеп
з зығыр, зәулім, сағыз.
Ойын «Мен бастаймын , сен аяқта » ойыны
Ойын шарты: Мен сөйлемді бастаймын , сендер аяқтайсындар.
Мыс: Апам базардан сәбіз ( әкелді). Зәуре таңертең (мектепке барды.)
Вокзалда кісілер (көп). Айзада сурет салып (отыр).
ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін қандай әріппен таныстық?
-З дыбысына сөздер ойлату.
-З дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.
Мадақтау
[bws_related_posts]