Екібастұз қаласы С. Торайғыров атындағы
№22 гимназия-мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты: Тәуелсіздігіміздің білім саласына қосқан үлесін айтып, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.
Тәрбие сағатының өту барысын және мақсатын түсіндіру
Барысы:
Білім дегеніміз — күш,
Күш дегеніміз — білім.
— Білімдіден шыққан сөз- дүниені нұрға бөлейді. Білім ақылмен ұштаспаса, төңірегін қараңғылата түседі. Өмірмен жанасқан білім – бұл өлшеусіз байлық.
/Келген қонақтармен таныстырып өту./
- Сакиянова Алияның анасы Қарғаш апай –Баянауыл орта мектебін күміс медальмен аяқтаған
- Исабаева Салтанат -11 сынып оқушысы оқу үздігі
- Бабаев Айдар – 10 сынып оқушысы оқу үздігі.
- Боранова Мадина Борановна- тәрбие ісінің меңгерушісі
- Урумбаева Қазкен Тәуекелқызы- тарих пәнінің мұғалімі.
Оқушылардың орындауында:
Жүсіп Баласұғынның «Құтты білек» дастанынан үзінді
Дилназь:
Ақыл- шырақ , қара түнді ашатын,
Білім- жарық, нұрын саған шашатын,
Ақыл қолдап біліммен ер жетілер,
Екеуімен қадірі артып бекінер..
Ақылдығы қадір құрмет лайықты,
Ақымақ жан керек, сезбес айыпты!
Сайран:
Ақыл болса,асыл болар- болса ер,
Білім болса, бектік қылар- қылса ер,
Ақыл кімде болса-болар асыл ой,
Білім кімде болса- бек һәм басым ол.
Ақылмен кісі асыл атанар.
Бекке ел ісі біліммен жасалар.
Амина:
Талай ізгі іс, атқарылар ақылмен
Мың рақымет ақыл- еске асыл кен!
Пайдасы көп,аз ақылды аз деме!
Қадірі көп,аз білімді аз деме!
Төрт нәрсе бар, аз деп үғып кейіме,
Дана айтқан сөзді тұйгін зейінге,
Адильхан
Білім — байлық азаймас һәм жоғалмас,
Еш қарақшы, үрыға да тоналмас!
Ақыл, сенің анттасқан нақ жолдасың,
Білім, сенген мейірімді қандасың…
Ақыл керек, білім таңдап аларға,
Білім керек ңске жақсы қарарға….
Алтынгай:
Біліктіні тыңда, ақылдың бүлағы,
Білімді сөз- шырын, жанның құнары
Біраз нәрсе кісінің қас дұшпаны,
Білсе оларды өзін қинап қысқаны.
Бұның бірі – тілдің жалған айтқаны,
Бұдан басқа- айтқан сөздің қайтқаны.
Қазіргі қоғамда шын мәнінде білімді адам бағалана ма?
Білім артық па, байлық артық па? Білімнің қандай пайдасы бар?
ХХІ ғасырда білім құнды капиталға айналды ма? — дегенге саятын бүгінгі әңгімеміз, құрметті оқушылар.
Білімді болу дегеніміз не? Сізді қандай ойға жетелейді?
1. Білімді болу – бәрінене бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады./Азиза/
2.Білім бұл қолдағы шырақ. Адамның санасы – түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз түбіндегі інжу –маржан, гауһар тас. Білім адамға оңайлықпен түспейді, оны меңгеру үшін көл- көсір өлшеусіз әрекет ету керек./Алтынай/
3.Ғылым- білімге түбегейлі берілген адам ғана ойлаған мақсатына жете алады.Білімнің керек емес жері жоқ. Ол саған тоңғанда киім, ашыққанда тамақ, әлсірегенде қуат. /Дильназ/
4. білім сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой- арманын, талап- тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады. Кімде білім мол болса, сол жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алады. /Әсем/
Қарғаш апай сізге алғашқы сауалымызды қойсақ. Алдымен өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз.
Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?
Білімді өз бойыңызға қандай жолмен жинақтадыңыз?
Мақсаттарыңа жету үшін өз білімдерің жеткілікті деп ойлайсыңдар ма?
Білімді шыңдау үшін не істеу қажет?
Білімге деген құштарлық
Айдар мен Салтанатқа қойылар сауалдар: /Оқушылар сауалы/
ХХІ ғасырда білім құнды капиталға айналды ма?
Қай пәнді сүйіп оқыдыңыз?
Қай пән бойынша өзіңізді білімдімін деп есептейсіз?
Бастауышты оқыған ана тілінен мысалы оқыған мәтін есіңде бар ма?
Мектептен өзіңізге не алдыңыз?
Оқыған қандай кітап есіңіз де?
Мадина Борановнаға сұрақ:
Ізгілікті білім дегенді қалай түсіндіресіз?
/Оқушылардың сұрақтары./
Қазкен Тәуекеловнаға қойылар сауал:
Әр заманның өз данышпаны бар. Кезінде жоғары білім алмаған адамдардың арасынан да талай мықтылар шыққан. Мысалы, Әл-Фарабидің заманында қандай технология болды? Абайдың заманында да жоғары білім болған жоқ. Абай орта білім де ала алған жоқ.
Бұл туралы не айта алар едіңіз?
Енді бір мезгіл назарымызды экранға салсақ. Білімге құштарлық/ слайд/
Мұғалім сөзі: Бұл балаларды құлағынан сүйреп мектепке алып барудың еш қажеті жоқ. Олар ешбір сабақты қалт жібермейді. Олар үй тапсырмасына салғырт қарап, бір-бірінен көшірмейді. Олардың білім нәрімен сусындағылары келеді. Және олар сол ниеттерінің жетегіне ілесіп, күн сайын таңертең Үндістан астанасы Делидегі көпірдің астына жиналады.
Мұнда Раджеш Кумар Шарма өз еркімен шалғай аймақтарда тұратын балалар үшін тегін мектеп ашқан. Өйткені, білімге шын ынталы оқушылардың ата-аналары ақшалары жоқ болғандықтан оларды толыққанды мектепке бере алмай отыр.
Сондықтан, Раджеш Кумар Шарма ұстаздың мектебі — әзірге білім алып, сауаттанудың жалғыз жолы болып тұр. Оқушылар көпір астындағы мектептің кедейліктен құтқарып, армандарының орындалуына жол ашатындығына шын сенеді.
«Мектепте» екі тақта мен екі орындықтан басқа ештеңе жоқ. Парта да, мектеп ғимараты да! Шалғай жерлерден жиналған оқушылар төселген алашалардың үстіне отырып оқуды, жазуды, есептеуді үйреніп жүр. Раджеш Кумар Шарманың айтуынша, балалар үш жылдан бері тегін біліп алып жатыр екен. Олардың ынталары мен қабілеттері өте жоғары көрінеді.
Үндістан жеріндегі мына қарадомалақ балалардың әрекеті — күн сайын сабақтан қашып кетуге әдеттенген, компьютермен, интерактивті тақталармен, жаңа үлгідегі парталармен жабдықталған тегін мектептерде білім алудан бас тартып, еркелікке бой алдырып жүрген миллиондаған оқушыларға үлгі бола алады деген үміттеміз.
Ал енді балалар, келген қонақтар осы көрініс туралы қандай ой түйер едіңіздер. /Оқушылар мен қонақтар сөзі тыңдалады/
Мұғалім: Ал енді мен сіздердің ізгілікті білімдеріңе, парасыттылықтарыңа сеніп мынадай тапсырма бермекпін.
«Мен хирургпын»
Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін анықтау.
Ауруханада бес ауру жатыр. Сіздер дәрігерсіздер. Емдеу үшін сіз ауырып жатқан адамдарыңызға жүрек салуларыңыз керек, бірақ жүрек жалғыз. Сіз кімге көмектесер едіңіз?
көп балалы ана.70жаста.
5-айлық нәресте,қыз бала,6-жасар ер бала, құрылысшы,қаңғыбас.
/ойларын айтып, өздерінше дәлелдеп берулері керек./
Мұғалім: — Білімді адам ақшалы болса да жарлы деуге болмайды. Білімді сеннен ешкім ұрлай алмайды, алғанымен оны бойына сіңіре алмайды.
-Білімсіз ешнәрсе ашылмайды.
Білекті болсаң ғана қоғамнан лайықты орныңды тауып, атаң шартарапқа жайылады. Білімдіге қашан да орын тиеді. Білімді босаға жақта отырғанымен біртіндеп төрге шығады. Нағыз білімдік адамгершілік, имандылық қылықпен нұрланып тұруы тиіс.
Білім артық па, байлық артық па?/Оқушылар сөзі/
Мұғалім: Білімнің де білімі бар, жаттап алған құрғақ білімнен пайда аз.Адамды адам ететін, оның өмір сүруін жетілдіретін, іс- әрекетпен, тәжірибемен байланысқан білім нағыз білім болып саналады.
1 оқушы:
Білім… Біздің халқымыз білімді болудың мәнін тым ертеден-ақ ұққан. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейтіні содан болса керек. Теңіздің тамшыдан құралатыны сияқты қоғам да, ел де, халық та жеке адамдардан құралады. Білімді адамдар неғұрлым көп болса, ел де соғұрлым бай болмақ.
2- оқушы
Ал, сол білімді бала бойына дарытуға еңбек ететін тұлғалар бар.Ол әрине, ұстаз….Осынау сөзде қаншама мән –мағына жатыр десеңші. Ғалым иесі де, ғылым иесі де, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамызған ақын да – бәрі- бәрі ұстаздан білім алады.Ұстаздарға мың тағзым.
3- оқушы:
Білім сусынын сондай – ақ кітап арқылы аламыз.Кітапты біз қымбат мұра ретінде бағалаймыз. Кітап туралы «Мен одан артық қайырымды көршіні, одан әділ досты, елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін» деген екен араб жазушысы Әл Жиһаз.
6- Оқушы:
«Білім… Білім — байлық, Білім- алтын, алғашқы кірпіші қаланатын жер – мектеп. Материалдық байлық, рухани байлық. Өйткені, ел білімнің, ғылымы мен техниканы дамытудың, экономикалық білімді арттырып отырудың арқасында байып отыр.»
Мұғалім:
Ел болашағы — білімде. Қазақстанның болашағы өздеріңсіңдер.
Білім нәрімен сусындаған білімді бала, сен де қоғамның мүшесісің,еліміздің болашақ азаматысың.
Туған еліміздің бай да, дәулетті болғанын қаласаң, өзіңнің де мұң- мұқтажсыз дәулетті өмір сүргің келсе, осы бастан білімді боп өсуге күш салуға тиіссің. Болашақ сені жетелейді.Қадағалап оқып жүрген шәкірттің білім аясының үздіксіз кеңи беретіні анық.Сондықтан, балалар талаптарыңа нұр жаусын!