Басы » Бастауыш сыныптар » Математиканың дүниетанумен байланысы

Математиканың дүниетанумен байланысы

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Айекешова Гүлмира Сәбитқызы

Пәннің аты: дүниетану Уақыты:17.11.2015 Мұғалімі: Айекешова Г.с
Сабақтың атауы       Математиканың дүниетанумен байланысы
Мақсаты 1. Оқушыларға математиканың дүниетанумен байланысы туралы білімдерін кеңейту, жетілдіру2. Жаңа материалды талдау, қорытынды жасау дағдыларын, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал «Сиқырлы қобдиша» тренингі арқылы жағымды көңіл-күйді орнату.

«Сиқырлы фигуралар» арқылы топқа бөліну.(үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын тексеру «Кит аузында» ойыны арқылы өткізіледі.

-бақылау деген не?

-зертханалық жұмыс дегеніміз не?

-адам табиғатты қалай зерттейді?

-қандай құралдар қоршаған дүниені зерттеуге көмектеседі?

-зертханалық жұмыс жүргізгенде техникалық қауіпсіздікті қалай сақтаймыз?

-ұзақ  мерзімді бақылау қалай жүргізіледі?

-қысқа мерзімді бақылау қалай жүргізіледі?

-қандай адамның байқағыштық қасиеті дамиды?

-зертханалық жұмысты қандай заттармен жүргізуге болады?

-сынып терезесінің алдындағы құмырадағы гүлді алып қарсы беттегі күн түспейтін жаққа қойғанда не байқадың?

-аквариумдағы балықтарға күнде бір мезгілде жем бердің. Жем берер алдында қабарғасын түрттің. Бірнеше күн өткеннен кейін аквариумның қабырғасын қаққанда не байқауға болады?

Сұрақтарға жауап берген топ орындарында қалады да, жауап бере алмаған топ киттің аузына түседі.
Қызығушылықты ояту  Суретке талдау жасау арқылы жаңа тақырыпты ашу. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану «Тыңдайтын үштік» әдісі

4 топқа төрт тапсырма.  Әр бөлімі,  әр топқа

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Зертханалық  жұмыс 1топ- термометрді салқын, жылы суға сал. Не байқадың?

2 топ-термометр пайдаланып, сынып ішінің және даланың температурасын өлше.

3 топ-салмағың мен бойыңды өлше.өлшем бірлігін айт.

4 топ-күн, ай, жыл, апта күнін, уақытты  анықта

Дамытушылық

тапсырма

4 топқа көне атауларды беремін сол бойынша ізденіп, ортаға салады
Бекіту «Алтын балық» ойыны арқылы өтеді
Үйге тапсырма     Оқып, мазмұндау

 

Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс                2 жұлдыз,1 ұсыныс Жұлдыз бен ұсынысын білдіреді

 

 

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *