Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданы
Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі Аксенова А.Р.
Ашық сабақ: «Жануарлардың тіршілік ортасы және оларға қажетті жағдайлар»
/Ассамблеяның 20 жылдығына арналады/
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: | |||
А) ақпараттық құзыреттілік | Жануралар әлемнің алуан түрлілігі және жануарлардың тіршіліктері үшін қажетті жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлерімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету.
|
||
Ә) коммуникативтік құзыреттілік | Оқушыларды сенімділікпен жұмыс жасауға, бар ынтасын оқуға беруге, бір-бірінің пікірлерін тыңдауға, құрметтеуге, өз пікірлерін ашық білдіруге тәрбиелеу. Өз беттерінше жұмыс істеуге, еркін сөйлеуге, өз ойларын ел алдында аша білуге ынталандыру | ||
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі | Тіршілік атаулыға қамқорлықпен қарауға баулу | ||
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | ||
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: | Білім беруді ізгілендіру, «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы. С.Н Лысенкованың “Түсіндіре басқару” технологиясы /оқушылардың өзбетінше білім алуы/ «Қазір және осы жерде», «Еркін таңдау», «Тұлғалық әсер ету алаңы».
Шалва Амонашвилидің «Қарым — қатынас» педагогикасы. Шаталовтың «Тірек-сызба» технологиясы. |
||
Сабақтың әдісі: | түсіндіру, көрнекілік, баяндау | ||
Пәнаралық байланыс: | Бейнелеу өнері, ана тілі. | ||
Оқыту құралдары: | магнитті тақта мен суреттер, АКТ қысқа митражды 3 кино | ||
Сабақтың барысы: | Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі | Күтілетін нәтиже |
І. Ұйымдастыру бөлімі
Рефлексия
Бақылау күнделігімен жұмыс
Жаңа сабақ
Сергіту сәті
Бекіту
Үй тапсырмасы
Бағалау
|
/Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқу-құралдарының дайындығын, сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарларын сабаққа аудару/
-Cood morning children! -Set doun! Қазақстан республикасының Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығы аясында өткелі отырған жас ғалымдар кездесуін ашық деп жариялаймын! /әнұран ойнатылады/ -Рахмет! Баршыңызда Хан Ордасы ауылына қош келдіңіздер! Бүгін жер ғаламшарының әр елінен жас ғалымдар жиналып отырмыз. Алғашқы зерттеу жұмыстарымызды қорғауға бас қостық. Аз уақыт назарымызды ауылымыздың әсем табиғатына назар аударайық. Атамекен… Туған жер… Отан.. Бұл – ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі. Адам ес жия бастаған сәттен туған жерінің қадір-қасиетін түсіну арқылы өзін танып біледі. Өз Атамекенін сүйген адам өз халқының, Отанының, жалпы адамзатқа ортақ Жер-ананың қадір-қасиетін жақсы түсінеді. Ұлтарақтай болса да, Жер планетасынан асқан сұлу табиғат жоқ. Табиғатта керек емес нәрсе болмайды, барлығы да бір — біріне қажет, әрі керек нәрсе. Бүгінгі кездесуімізге еш кедергі тигізбейді деген оймен ауа райын анықтап, белгілеп алайық. Ауа райын хабарлауға Қазақстаннан Ерболат Нұрхан, Ресейден Кайратова Көркем, Қытай елінің Жасқайрат Азат атты жас ғалымдарын шақырамын. Thank you, set down please! — Ортада талқылайтын өзекті тақырып «Жануарлардың тіршілік ортасы және оларға қажетті жағдайлар». Құрметті жас ғалымдар, алғашқы баяндамашы, жас зерттеуші Ерболат Нұрханды, Қазақстан республикасының өкілін шақырғым келіп отыр.
Қазақстанның жас ғалымына бізге берген ақпараты үшін алғыс айтамыз! Қытай елінен келген жас ғалымдарға бет бұрғым келіп отыр. Сіздердің тақырып бойынша айтарыңыз.
Thank you, set down please! Енді Үндістаннан келген ғалымдардың зерттеулеріне сөз берелік.
Үндістаннан келген ғалымдарымызға алғыс білдіреміз. Жапония елінің ғалымдары тақырып бойынша айтарыңыз. Әсем мен Әсетті шақырамын.
Ендігі Ресейден келген жас ғалымның баяндамасын тыңдасақ.
Көрші Өзбекстаннан келген жас орманшы — Гүлвира, сіздің қосарыңыз.
Грузия елінен келген мал дәрігерлері сіздерге сөз берсек.
Грекия ғалымдарының айтары бар ма?
/Мұғалім мокрафонды пайдаланып сұрақ қояды/ Енді, құрметті жас ғалымдар, бүгінгі кездесуімізден не үйреніп, білдіңіздер? /Постерлермен жұмыс/ 1 топ – суда мекендейтін жануарларды жапсыру 2 топ- орманда мекендейтін жануарларды жапсыру
«Идеал тапсырма» әдісі өздеріңіз үй тапсырмасын таңдайсыздар, тақырып «Жануарлардың мекен ету ортасы» шығарма, сурет салу, өлең шығару, эссе жазу Бүгінгі сабақты үлкен саусақтарыңызбен бағалап көрейік: жақсы, орташа, нашар. Енді мен сіздерге баға беремін. |
/Амандасады, оқу-құралдарын дайындайды, сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады; көңіл-күйлері көтеріңкі болады/
— Cood morning Teatger!
/Әнұранға тұрады./
Барлығы аудио-таспаны тыңдайды
Көркем– сегодня погода ясная, ветер северо-восточный, есть мороз. Азат- sunny, wind, frost. Е.Нұрхан – күн ашық, солтүстік-шығыс жел бағыты соғып тұр, аздаған аяз бар -90С
Нұрхан- менің баяндамамның тақырыбы «Орда ауылындағы жануарлардың тіршілік ортасы». Мына тақтаға назар аударсаңыздар, ауылымызда құстар, жануарлар және жәндіктер мекен етеді. Олардың тіршілік ортасы: орман, Қопа көлі, жазық дала, Нарын құмы. Жануарлардың бәріне де ауа, топырақ, жарық қажет. Менің геоботаникалық қорықшасының қызметкерінен алған сұхбатыма назар аударыңыздар! /видео-ролик/- Аққаным апа, біздің аймақта қандай жануарлар мекендейді? –Жануарлардың жойылып кетпесі үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатырсыз? Рахмет!
Азат –Жердің бірнеше қабаты бар, солардың бірі атмосфераға тоқтағым келіп отыр. Атмо-ауа, сфера- қабат дегенді білдіреді. Жердің ауа қабатында тіршілік ететін жануарлар бар. Менің айтқым келетіні мысалы: құстар жерде, суда тіршілік еткенімен ауасыз өмір сүре алмайды. Атмосфера, яғни жердің ауа қабаты құстардың тіршілік ортасы. Барлық жануарлар ауамен тыныс алады. Енді әріптесім, ғалым Дарханды ортаға шақырамын. Дархан–мен орнитологпын. Құстарды зерттейтін ғалыммын. Құстардың түрлері өте көп. Олар екі аяқты, екі қанатты, үсті қауырсынмен жабылған. Олардың тісі жоқ, тұмсығы бар. Сондықтан олар азығын шайнамай бірден жұтады. Көптеген құстар ұшады. Бірақ түйеқұс пен дуадақ ұша алмайды. Құстардың тіршілік ортасы – ағаш, су, ауа, адамдар салған үйшіктер. Әлемдегі ең кішкентай құс –ол колибри. Азат- біздің зерттеулеріміз бойынша орман, дала, су,үй құстары болады екен. Орман құстары – тоқылдақ, үкі,бұлбұл. Дала –дуадақ, бөдене. Су – аққу, үйрек, қазтамақ, шағала. Үй – тауық, күркетауық, қаз. Құстар дәндермен, құрттармен, көбелектермен қоректенеді және жыртқыш құстар бар екен, олар – бүркіт-қоянмен, үкі-тышқандармен қоректенеді. Нұрзада – Сәлеметсіздер ме! Біздер жер қабаты – гидросфераға тоқтағымыз келіп отыр. Біздің зерттеулеріміз бойынша гидро-су, сфера – қабат, яғни су қабаты. Суда мекендейтін көптеген жануарлар бар. Оларға да ауа, жылу, жарық қажет. Бірақ олар басқа жануарлар сияқты мұрындарымен емес, желбезек арқылы дем алады екен. Орыс тілінде жабры дейді. Ендігі кезекті әріптесім ихтиолог маманы Заринаға беремін. Ихтиолог- балықтарды зерттейтін ғалым. Зарина – суда тіршілік ететін жануарлар ішіндегі ең үлкені ол көк кит. Суда тағы тасбақалар, жыландар, дельфиндер мекендейді. Балықтардың да алуан түрі бар. Олар: алабұға, бекіре, жайын, сазан, т.б. суда тіршілік ететін жыртқыштың бірі –ол қолтырауын. Видео көрейік. Жылан, бақа, қолтырауын, тасбақа оларды қосмекенділер дейміз. Себебі олар жерде де, судада мекендейді. Ең әдемісі дельфиндер, олар суға батқан адамдарды құтқарады. Тыңдағандарыңызға рахмет!
Әсет –біздер литосфера,яғни жердің қатты қабатында мекендейтін жануарлар жөнінде зерттеулерімізді айтпақшымыз. Топырақтың беткі және астынғы қабатында да тіршілік бар. Топырақта ауа,ылғал бар, ол ұсақ жануарлардың мекен ортасы. Жер астында олар ін қазады, жол жасайды, топырақты қопсытады, сол арқылы топыраққа ауа кіреді. Ендігі кезекті зоолог маман, яғни жануарларды зерттейтін ғалым, әріптесім Әсемге бергім келеді. Әсем- жануарлар орман, дала, шөл, үй жануарлары болып бөлінеді. Орманда мекендетін жануарлар: қасқыр, аю, қоян, түлкі. Далада киік, саршұнақ, қоян. Шөлде – бүйе, жылан. Үйде – жылқы, түйе, сиыр, қой. Жануарлар өз төлдерін тірі туады және сүтпен қоректендіреді. Жабайы жануарлар өз қоректері мен паналарын өздері табады, ал үй жануарларына азық пен пананы адамдар жасайды. Әлемдегі ең ірі жануар ол піл. Ең әдемі жәндік ол көбелек. Ал қауіптілері ол бүйе және жылан. Видеоға назар аударыңыз. /видео/ Көркем – Здравствуйте, уважаемые гости и коллеги. Разрешите поздравить всех вас с 20 летием Ассамблеи Народов Казахстана. Мен бүгін жас ғалымдарының зерттеулеріне қосарым, жануарлар әлемін қорғауға алу, оны болашақ ұрпаққа аманаттау парызымыз. 1948 жылы әлемдегі ғалымдар табиғатты қорғау одағын құрды. Олар әлемде жойылып кеткен жануарлар туралы «Қара кітап» және жойылып бара жатқан жануарлар туралы «Қызыл кітап» шығарды. Қызыл түс бағдаршамның «Тоқта!» дегенін білдіреді.«Қызыл кітапқа» -киік, құлан, жабайы қызғалдақ, қар барысы кіріп отыр. Сонымен қатар, қорықтар мен саябақтар ашылды. Қазақстанда 10 қорық бар. Олар. /стенд/ уважаемые коллеги давайте все вместе будем беречь природу нашей Земли. Сәлеметсіздер ме! Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Орманда жүру ережелері». Орман жануарлардың тіршілік ортасы. Сондықтан орманға демалуға келгенде ағаштарды сындыруға, өртуге болмайды. Ол құстардың, тиіндердің мекені және азығы. Мұнда олар ұяларын да салады. Ақгүл – Жануарларды қорғап, аман алып қалу үшін олардың мекендейтін ортасын, орман, қораларды залалсыздандыру қажет. Нұрхан-Иә, себебі олар түрлі ауруларға шалдығып, бір-біріне жұқтыруы мүмкін. Ауру түрлері: қарасан, құтыру, оба, бруцеллез. Сондықтан әр елде мал дәрігері болған жөн. -Ернұр- барлық тіршілік иесіне су, ауа, жылу, топырақ, жарық қажет. Мирас- жануарлардың тіршілік ортасы су, ауа, топырақ, жердің беткі қабаты.
/Оқушылар сабақтан алған білімдерін қорытындылайды/
Күнделіктеріне жазады.
Оқушылар саусақтарымен көрсетеді. |
Сынып сабаққа дайын, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды. |