Басы » Психология » МАҒАН ӨМІР ҚЫМБАТ (Презентация)бет 81

МАҒАН ӨМІР ҚЫМБАТ (Презентация)

МАҒАН ӨМІР ҚЫМБАТ

З. Раимбекова

Жуалы ауданы, Ақбастау ауылы, №14 Бейімбет Майлин орта мектебінің педагог-психологі

 

Сабақтың мақсаты: Өмірде өзіне сенімді болуға, өзін табуға, алдына мақсат қоя  білуіне  не үшін, не істеп жүргеніне жауап бере алуға үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Білім дамыту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Талдау, бағалау, әңгімелеу, сахналау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада слаидтарды пайдалану, «мен өмірді  қолдаймын» деген жазуы бар плакат, түрлі-түсті қаламдар, ақ парақтар, түрлі –түсті фломастерлер, қайшы, жапсырма қағаздары.

Сабақтың болжамданған нәтижесі: Өмір құндылығы туралы тереңірек білім алады, өмірдің мәнін түсіне біліп, өмірге құштарлықтары артады.

Сыныбы:  7

Сабақтың жоспары: 1. « Мен бүгін » жаттығуы

  1.    « Өмір талпынысы » тренингі.
  2.    « Өмір белестері »  тренингі.
  3. Сергіту сәті: « Саяхат » ойыны.
  4.   Аутотренинг.
  5. « Өмір символын жасау » жаттығуы.
  6. С. Бәйтерековтың   «Өмір-өмір»  өлеңі.
  7. «Мен өмірді қолдаймын!» тренингі.

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамын.

— Сәлеметсіздер ме балалар! Біздің бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Маған өмір қымбат» деп аталады.

 

Өмір деген тұрмайды: қап-қарадан

Өмір деген тұрады:  Ақ-қарадан.

Ақ-қара. Екі арасын ашып өтіп,

Арамен өз бақытын тапқан адам

 

Өміріме өзімнің таң қаламын,

Қалмаймын деп қатардан қамданамын.

Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

Ертеңіме үмітпен қамданамын.

 

 

 

 

 

 

  1. « Мен бүгін »

Әр қатысушы бүгінгі өздерінің көңіл-күйлерін айтып шығады.

 

                 

 

  1. « Өмір талпынысы » тренингі.

Музыка жай ойналып тұрады. Ортада пілләға оралған көбелек болып киінген оқушы тұрады.

Бір күні пілләда кішкене саңылау пайда болды. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адам, осы саңылаудан көбелектің қалай шығатынын ұзақ уақыт қызыға бақылап тұрды. Ұзақ уақыт өтті, қаншама күш салса да саңылау сол күйі өзгеріссіз қала берді. Көбелекте күш қалмады. Осының бәрін бақылап тұрған адам көмектеспек ниетте пілләні пышағымен кесіп жіберді. Сол сәтте көбелек шықты, бірақ қанаттары қатпаған, өте әлсіз, мөлдір, зорға қимылдайды. Адам әлі де бақылағанын жалғастырып, қазір-қазір қанаттары қатып, күш жинап, ұшып кететіндей елестетіп тұрды. Бірақ ешқандай өзгеріс сезілмеді.

  • Мен күш сұрадым. Ал өмір маған күшті болу үшін қиындық берді.
  • Мен ақыл сұрадым. Ал өмір маған көптеген мәселелер берді.
  • Мен байлық сұрадым. Ал өмір маған жұмыс істеу үшін ми мен күш берді.
  • Мен мүмкіндік сұрадым. Ал өмір маған жеңіп шығу үшін кедергілер берді.
  • Мен махаббат сұрадым. Ал өмір маған мәселелерімді шешуге көмектесу үшін адамдар берді.
  • Мен игілік сұрадым. Ал өмір маған мүмкіндіктер берді.

Мен өз сұрағанымның ешқайсысын да ала алмадым. Бірақ өмірден өзіме керектімнің бәрін алдым.

Енді сіздерден сұрайтынымыз, осы көбелектің қанатының қатайып, самғап ұшуына өз көмектеріңізді берсеңіздер. ( Қатысушылар алдарындағы жапсырма қағазға өздерінің өмір құндылықтарын жазып көбелектің қанатына жабыстырады) Осы құндылықтарды бойына күш қылып жинаған көбелек қанаттарын қағып-қағып жіберіп ұшып кетеді.

 

  1. « Өмір белестері » тренингі.

Шеңберге тұрып, көздеріңізді жұмыңыздар. Қолдарыңызды алға созып, ары-бері жүріп көріңіз. Осы жағдайда өз тұрған жеріңізден қарсы жаққа шығыңыз. Бір адамның  иығына қолыңызды қойып, оны өз иығым деп есептеңіз, иықтарыңыздан ұстаған қалпы барлығыңыз жабық шеңбер құрыңыздар. Шеңбер бойына айналып жүріңіздер. Қолдарыңызды құрбыңыздың иығынан алып, ары-бері жүріп көріңіз.

Енді, осы жағдайда жаңа ғана ұстап жүрген өз иығыңызды қайта табыңыз.

 

Осы өз иықтарын іздеу сәтінде мына сөздер айтылады:

 Мұндай қиындықтар өмірде де кездеседі, сол қиындықтарды біз жеңе білуіміз қажет. Сен өз иығыңды тура табуың керек. Өзіңді таба білуің керек. Өйткені ол өзіңдікі, оны өзгерте алмайсың, сол сияқты сен өз ата-анаңды , жақындарыңды, достарыңды өзгерте алмайсың, ауыстыра алмайсың. Қандай болса да, ол сенің ата-анаң, ол сенің досың.

 

Тренингті қорытындылау:    1.  Көзіңізді жұмып жүрген қиын болды ма?

  1. Қандай ойда болдыңыз?

 

  1. Сергіту сәті: « Саяхат » ойыны.

Мен айға ұшайын деп жатырмын. Онда біз білмейтін не нәрселер бар екендігін көргім келеді. Ол жақта игі істер, жақсылықтар көп дейді . Соларды қызықтап көру үшін менімен бірге кімнің барғысы келеді.

Нұсқау:  Оқушы өз атын айтып, өзімен міндетті түрде біреуді немесе бір

затты алып кетем деп айтуы қажет. Жауап дұрыс болу үшін оқушының атының алғашқы әрпімен, алып кететін нәрсесінің алғашқы әрпі сәйкес келуі қерек.

 

Мысалы:  Менің атым Айзере. Мен сізбен бірге айға ұшамын. Өзіммен бірге

айна ала кетемін.

 

  1. Аутотренинг.

Интерактивті тақтада «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында гүл дестелеріне өмір туралы дәйексөздер жазылған слайд. Музыка жай ойналып тұрады.

 

  1. « Өмір символын жасау » жаттығуы.

Әр қатысушы алдындағы қажетті құрал-жабдықтарды пайдаланып тақырыпқа байланысты өз символын жасайды. Жасаған символдарын жеке-жеке қорғайды.

 

  1. С. Бәйтерековтың «Өмір-өмір»  өлеңін оқимыз.

Өмір, өмір өмірдің мәні қандай,

Қайратыңды қайратқа жанығандай.

Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда,

Өмірің өз қолыңда.

 

Жүлде алғанда, жарыста озғаныңда,

Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда.

Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда,

Өмірің өз қолыңда.

 

Өмір, өмір, өмірдің жөні басқа,

Сүрінбестен болады жаңылмасқа,

Болады шегінбеске,

Болады жеңілмеске,

Өмірің өз қолыңда.

 

Өмір, өмір бар оның өз жұмбағы,

Бақыт үшін қанша жан көз жұмбады.

Арманда кетті қанша,

Арманда кетті қанша,

Өмірің өз қолыңда.

 

Өтті қанша бозінген, боздаған да,

Осы өмір қашанда өз қолыңда

Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда,

Өмірің өз қолыңда.

 

  1. «Мен өмірді қолдаймын‼» тренингі.

«Мен өмірді қолдаймын» деген жазуы бар плакатқа қатысушылар қолдарын бастырып, өз аттарын жазып қояды.

 

 

Қорытынды:    Өздерінің жасаған символдарына бүгінгі тренингтен алған әсерлерін, өз тілектерін жазады да, айтып шығады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *