ызылорда облысы
Арал ауданы6 Құмбазар ауылы
№200 орта мектебі
Барақбаева Базаркүл Алдашбайқызы
Әр құсқа өз тұмсығы қажет
Сабақтың тақырыбы: «Әр құсқа өз тұмсығы қажет».
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құстар жайлы алған білімдерін тереңдету. Құстардың бір-бірінен айырмашылығын байқау.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін іскерлік дағдыларын есте сақтау, ой — өрісін дамыта отырып жылдамдық, шапшаңдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғауға, аялауға, патриоттыққа, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Құстар жайлы бүктеме. Құстардың суреттері. Қима қағаздар. Халық болжамдары жазылған плакаттар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ой шақыру, 5 жолды өлең.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Бүркеніш рең аңға да қажет»
- Бүркеніш рең аңға не үшін қажет?
- Жолбарыстың тарғыл реңі қандай жағдайға бейімделген?
- Аңдар неге жуынады?
- Бунақденелілер иісті қалай сезеді?
Қорытынды.
Аңдар Бунақденелілер
Жаңа сабақ: «Әр құсқа өз тұмсығы қажет»
Ой шақыру:
Бүркіт Қарға Дуадақ
Шымшық Құстар Қарлығаш
Тоқылдақ Торғай
Тақтаға бүркіт, бірқазан, тоқылдақтың суреттерін ілемін. Оқушылардан осы құстар туралы білетіндерін сұраймын және оны өзім толықтырамын. Тоқылдақ ағаш діңін өткір қашау сияқты тұмсығымен үңгумен болады. Оның тұмсығы – қашау, ал ұзын тілі құртты суырып алатын ілмешек қызметін атқарады.
Бірқазан жемін аулаған кезде қапшығына балықты толтырып алады да, соңынан олжасын жайлап жеуге кіріседі. Ол ұясын адам бара алмайтын батпаққа салады. Олар өз жауларынан жұмыртқасын солай қорғайды. Бүркіттің 7 түрі бар. Олардың арасындағы ең ерекше ғажабы – қыран бүркіт. Ол қасқырды да алады. Өткір орақ тұмсығымен өзі аулаған аң – құстардың етін оңай жұлып жейді. Бүркіт жұмыртқасын мейілінше сақтықпен қорғайды. Оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру. Кітаппен жұмыс: Бүктемемен таныстыру: «Үй құстары», «Жабайы құстар».
Топпен жұмыс:
1 – топ: 5 жолды өлең құрастыру.
2 – топ: Жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру.
3 – топ: Сурет салу.
Халық болжамдарымен таныстыру.
- Көктемде қарлығаш келісімен, күн күркіреу басталады.
Күн күркіресе, көк дүркірейді.
- Сұрқарлығаштар төмендеп ұшса, жауын болады.
- Тырна келісімен күн жылынады.
- Тауықтар құмға шомылса, ауа райы бұзылады.
«Құстармен әңгіме» ойыны.
3-топқа 3 сурет беріледі. Сол бойынша әңгіме құрастырады.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз қорларын молайту, жүйелі сөз сөйлеу мен қатесіз жазуға үйрету. Қарғаға байланысты халық болжамын таныстыру.
Қорытынды: Бағалау.
Үй тапсырмасы: «Әр құсқа өз тұмсығы қажет».
[bws_related_posts]