Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені.
«Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
ІІ санатты, ІІІ (базалық) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Жанабекова Г.А.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы: Бб дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Бб дыбысы мен әрпін таныту
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: СТО –ассоциация, «Топтастыру», «Ыстық орындық» әдістері.
Сабақтың нәтижесі: Оқушылар Бб дыбысы және әріп таңбасымен толық танысады. Б дыбысы бар сөздерді буынға бөліп дыбыстық талдау жасауды, сурет бойынша әңгіме құрауды игереді. Б дыбысынан басталатын заттарды тауып, атын атап, ажыратып топтастырады. Кеспе әріптерден сөз құрауды меңгереді, өз пікірлерін дәлелдей алады.
Тапсырмалар: топқа бөлу, сұрақ – жауап, шығармашылық тапсырма, топтастыру, ой қозғау.
Дерек көздер: Интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, «Әліппе» оқулығы.
Түйінді идеялар: Сабақ барысында оқушылар жұптасып, топтасып жүмыс жасауға, пікірлерін айтып дәлелдей алуға үйренеді, өзгенің пікірін сыйлап, құрметтеуге дағдыланып, ортақ шешім қабылдауға қалыптасады.
кезеңдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Дереккөздер мен қолданы-латын ресурс-тар | ||
Мотивациялық қозғаушы | Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша адамды құрметтеп, Бас иеміз біз. Шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне жақсы тілектер айту. Оқушыларды геометриялық пішіндердің көмегімен топтарға бөлу. |
Оқушылар сәлемдеседі, оң қолын сермейді, сол қолын сермейді. Кеудесіне қолын қойып, басын изейді. Жақсы тілектер тілейді, топқа бөлінеді | Геометриялық пішіндер | |||
Үй тапсырмасын сұрау
«Ыстық орындық» тәсілі бойынша сұрақтарға жауап алу. — Қазақ тілінде неше дыбыс бар? — Неше әріп бар? — Дыбыстар нешеге бөлінеді? — Қандай дауысты дыбыстармен таныспыз? — Қандай дауыссыз дыбыстарды білеміз? Тапсырмалар: 1 – топ «М» дыбысы бар сөздерді атайды. 2- топ «Тамақ» мәтінінің мазмұнын айтады. 3- топ Бағандағы сөздерді оқиды. |
Әр топтан бір оқушыдан шығып, ортада тұрған орындыққа отырады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды. |
Әр топ «Бағдаршам» әдісімен бірін-бірі бағалайды. |
Интербелсенді тақта, оқулық. | |||
Іізденушілік — ұйымдастырушы | Тұсаукесер
Жұмбақ жасырылады. — Бұл сөзде бізге таныс емес дыбыс бар ма? — Балалар қалай ойлайсыңдар, бүгін біз қандай дыбыспен танысамыз? Негізгі бөлім Б әрпінің баспа, жазба түрін көрсету. Б дыбысы айтылған кезде үстінгі ерін мен астыңғы ерін түйісіп, кедергіге ұшырап шығатының айтып түсіндіремін. Хормен Б дыбысын айтқызамын. Б әрпін қандай текшемен белгілейміз? 1-топ. Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасайды. 2-топ Бақа сөзіне сөйлем құрайды. 3-топ Б дыбысы бар сөздер ойластырып айтады. Сергіту сәті. Мен дыбыстарды әндетіп айтамын, сендер Б дыбысын естіген кезде қолдарыңды шапалақтайсыңдар. А-А-А-АУ-У-У-УО-О-О-О-ОА-А-А-АБ-Б-Б….. Оқулықпен жұмыс. 1-топ бағандарды сөздерді оқиды. 2-топ «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Б дыбысы бар суреттерді тауып топтастыру. 3-топ «Адасқан әріптер» ойыны. Кеспе әріптерден сөз құрау. Дәптермен жұмыс. Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Әдемілеп жазайық. Дәптерге Б әрпін жазу. |
Жұмбақты шеше отырып, бүгінгі сабақта танысатын дыбысты анықтайды. Балалар жұмбақтың шешуі бақа екенін айтады,
Бб дыбысы мен әрпі
Б дыбысының баспа, жазба түрін көреді.
Б дыбысының дауыссыз дыбыс екенін түсінеді.
Балалар хормен айтады Қолдарындағы көк текшелерін көтеріп көрсетеді
Оқушылар тапсырманы топта талқылап, әр топтан бір оқушыдан шығып берілген тапсырманы қорғайды Балалар Б дыбысын естігенде қолдарын шапалақтайды.
Сөздерді оқиды, мағынасын түсіндіреді. Суреттерді топтастырады.
Кеспе әріптерден сөздер құрайды.
Балалар үлгі дәптердегі Б әрпін жазады. |
Топтар«Бас бармақ» тәсілімен бірін-бірі бағалайды
Тапсырманы орындаған балаларға фишкалар беріп отырамын. |
Интербелсенді тақта
Б әрпінің таңбасы
Текшелер
Плакат, маркер
Оқулық
Суреттер
Әріптер кассасы
Жұмыс дәптері |
||
Рефлексивті-түзетуші | Қорытынды
«Топтастыру» әдісі сабақты қорытындылау. Рефлексия: смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсетеді. Үйге тапсырма: Мадақтау. Топтағы фишкаларды санап, жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз атанған топты мақтау, мадақтау. |
Оқушылар тапсырманы топта орындайды.
Сабақтан алған әсерлерін айтып, тиісті смайликтерді көтереді.
Балалар фишкаларды санап шығады. |
|
Плакат, маркер
Смайликтер
Фишкалар |
||