Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,Шапырашты ауылы,
№39 С.Бекбосынов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп
Информатика пәні мұғалімі Калиева Жамила Ерсеитовна
Paint графикалық редакторының құралдары
Сабақ мақсаты: Paint графикалық редакторының құралдарымен танысу, құрал
Білімділік: міндеттерін және құралдарды тәжірибелік
жұмыстарда қолдана білу
Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша
практикалық жұмыстар жасату арқылы
білімдерін, ойлау қабілетін арттыру
Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ұлттық салт – дәстүрге, пәнді сүюге, өзінің
Отанын сүюге,қызығушылыққа, қайырымды болуға,
дарындылыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: Диалог, топтық жұмыс, миға шабуыл,бекіту тесті
Оқудың ресурстары: компьютер, презентация көрсетілімдері,
интерактивті тақта,жұмыс дәптері,оқулық
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу)( 3 мин)
топқа бөлу түстер арқылы
психологиялық кезең «Мен»
ІІ Үй тапсырмасын тізбектей сұрау презентация көрсетілімі арқылы сұрақ- жауап бойынша (АКТ) (5 мин)
Ой қозғау (СТО) (3 мин)
Оқушының көңілін сабаққа аудару үшін сыни сұрақ қою «Графика дегеніміз не?» (СТО)
Сабақты бастамас бұрын бағалау критериилерін түсіндіру (оқу үшін және оқыту үшін бағалау)
Мағынаны ашу
ІІІ Жаңа сабақты өтілген тақырыппен байланыстыра түсіндіру ( АКТ) (5 мин)
- 1. Paint графикалық редакторы туралы қысқаша қайталап түсіндіру.
Paint графикалық редакторы өз аты айтып тұрғандай, ол сурет салуға арналған редактор.Редакторды іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Paint
2. Жаңа сабақ: Paint графикалық редакторының құралдары
Paint графикалық редакторында 16 құрал пайдаланылады.Құралдарды пайдалану үшін қажетті құралдың үстінде маус нұсқағышын шертеміз, таңдалған құрал бойынша жұмыс алаңында сурет саламыз. Құрал міндетін білу: кез- келген құралдың үстіне маус нұсқағышын орналастырамыз сол кезде ішінде жазуы бар кішкен төрт бұрыш пайда болады, ол жазу құралдың атқаратын қызметін білдіреді.
Paint құралдары:
Аттары мен қызметтерін көрсете түсіндіру
- 3. Постер дайындау Тақырыптар 1. «Paint графикалық редактордағы терезе обьектілері» 2. «Paint графикалық редактордағы сурет салу кезеңдері»
(интербелсенді оқыту білім алудағы жаңа тәсілдер) (10мин)
4. Тәжірибелік жұмыс. (АКТ) ( 10 мин)
1.Оқушылардан техника қауіпсіздік ережелерін сұрау
2. Тапсырма беру
3. Компьютерге орналастыру
Тапсырмалар: Paint графикалық редакторының құралдарын пайдалана
отырып, өз қалауларымен сурет салу
« Сергіту кезеңі»
Толғаныс бөлімі
Сабақты бекіту редакторға байланысты тест жұмысы. (5 мин)
6. Үйге тапсырма: Paint графикалық редакторының
құралдары.сурет салып келу
Рефлексия жазу. Сабақтан алған әсерлері. Қойылатын сұрақтары. 2 мин
Қорытынды: бағалау 2 мин.
Саламатсызба Айбек ағай Рaint графикалық редакторының құралдары деген слайтыңызды жіберіңізші