Атырау облысы Махамбет ауданы
Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі
Мұғалімі: Альдешова Фарида.Бақтығалиқызы.
Бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс арқылы сауаттылығын арттыру
Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту ең алдымен білім беру ұйымдар білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуді меңзейді. Алайда,білім беру үдерісінің нәтижелілігі білім алушылардың білім алудағы жетістіктерін сырттай және іштей бағалау қорытындыларын басқару жүйесін кәсібі тиімді түрде құруға тікелей тәуелді. Қазақстан республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық оқушылардың халықаралық «мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау» PIRLS-зерттеуіне қатысу жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасының білі және ғылым министрлігі мен оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық (IEA) арасында 2012 жылдың 31қазанында білім беру PIRLS-аясында қазақстандық бастауыш мектептің төртінші сынып оқушыларының PIRLS-2016 жылы зерттеуіне қатысуы туралы ынтымақтастық Келісіміне қол қойылды.Бұл бірегей зерттеу еліміздің балалар тәрбиесінде қарапайым оқу мәдениеті мен дағдыларының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға бағытталады. Әлемдік контексте оқу сауаттылығы заманауи қоғамдағы өмірге деген дайындықтың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.PIRLS-зерттеуінің мақсаты әртүрлі әлем елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады.Аталмыш зерттеу ісінің халықаралық сарапшылар ойына келісе отырып,«Оқырман сауаттылығын»-бұл адамның өмірде толыққанды қалыптасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әр түрлі жазба сөйлеу формасын түсіну және терең ойлау қабілеті.Соның негізінде адамзат және қоғам үшін білім саясатында басты принцип қалыптастырады.
PIRLS-зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады.
-Білім беру саласында әлемдік басымдылықтарда көрініс тапқан құралдар негізінде алынған нәтижелердің талдауы нақты өлшеуіштермен белгіленуі.
-Білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы және олардың тиімділігі.
— Зерттеу қорытындысына әсер ететін контекстегі дәйектемелерді анықтау.
-Ғылыми дәлелденген әлемдік ақпараттық қауымдастықтың мәліметтерін алу.
-Тәуелсіз елдер нәтижесін,сонымен қатар білім саясатын жақсарту нұсқауын зерттеуге қатысушыларға ұсынады.
Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды,себебі оқытудың алғашқы төрт жылы нақты барлық білімді және үйрену қабілеттерін шыңдаудың негізі.Мазмұны және формат бойынша білімді табысты жалғастыруда негізгі мектепте әртүрлі мәтіндерді қолдану үшін осы уақыт арасында қатысушылар оқып үйрену керек. Бастауыш мектептен бастап балаларды оқытудағы негізгі жетістіктердің бірі ол-оқушылардың ақпараттық біліктілігі қалыптасады.Өйткені бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай оқудың іргетасы болып табылады.Оқушылардың оқу сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін заманауи мұғалімнен оқу қызметінің формасын,әдіс-тәсілдерін тауып қолданып табу талап етіледі.Бастауыш мектеп мұғаліміне кіші сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс істеу шеберлігінің негізін салу яғни ақпарат дерекнамасын білу,қызықтырған сұрақтарға жауап іздей алу,таңдалып алынған мәліметтерді сауатты көркемдеу мен ұсыну маңызды. Білім алу мен әртүрлі ақпарат дерекнамасын жұмыс істеу балалардың ақпаратты дұрыс қабылдап,оның сапасын бағалауға және жасырын мағынасын түсініп,үйренуге көмектеседі. Оқушылардың оқу сауаттылығына байланысты дағдысын қалыптастыру, тәрбиелік іс-шаралар және қосымша білім беру сияқты оқу компаненттерінің тығыз байланысы кезінде жоғарғы жетістіктерге жетеді.Сонымен қатар,отбасылық оқу мәдениетін дамыту барысында ата-аналар қауымымен жұмыс жүргізуге де маңызды. Қазақстандық оқушыларды халықаралық салыстырмалы PIRLS-2016 зерттеуіне мақсатты бағыттауға әлі уақыт бар.Бастауыш сынып оқушыларының 4сынып соңында орта және жоғарғы буында білім алудағы табысты үрдіс үшін оқу-ақпараттық білімін қалыптастыруда біріккен мақсатты бағытталған аса маңызды жұмыс қажет.Қазіргі уақытта республика бойынша PIRLS-2016 зерттеуіне қатысу мақсатында іс-шаралар өткізілуде. Ол зерттеудің мақсаты мен оның өткізілу тәртібін, тапсырмалардың ерекшеліктерін мұғалімдер мен оқушыларға,ата-аналарға бағдар етуге, біліктігі мен дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақаланы жүргізіліп жатқан жұмыстың бір бөлшегі деп санауға болады.
PIRLS зерттеуіндегі оқу сауаттылығы -оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы.Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес,оқубарысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау.Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіндегі материалдарды салыстыру, автордың ойын аңғару, жауапқа дайындалу барысында нақты дәлелдемелер табу ұсынылады. Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PIRL тестерінің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер қолданылады.
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін қазіргі заман талаптарына байланысты өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз.Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі -оқу сауаттылығы.
Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі [2,б. 4].
Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады.Сондай әдіс-тәсілдердің бірі-оқу болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады.Оқу сауаттылығы бойынша оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет.
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал.Біз бұл жұмысымызда оқушылардың оқу сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту әдістерінің рөлі мен маңызын ашып көрсетпекпіз.
«Бірге жиналу – бұл бастама, бірге қалу – бұл алға жылжу, ал бірге жұмыстану – бұл жетістік» деп Генри Форд атап көрсеткендей,оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді белсенді оқыту әдістерін анықтау. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі білім мазмұнын жаңғыртуды талап етеді. Білім мазмұнын жаңарту білім беруші ұстазға тікелей байланысты. Осы орайда ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің «Мұғалім-мектептің жүрегі» деген сөзі жүрекке оралады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілілігі, алдыңғы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Өзімнің бірнеше жылдық ұстаздық тәжірибемде оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруда жаңа-әдіс тәсілдерді қолдану ерекше орын алатынын түсіндім.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.«Білім негізі – бастауышта қаланады»десек, ұрпақ тәрбиесі алдында бастауыш сынып мұғалімдеріне зор жауапкершілік жүктейді. Мұғалімнің әр сабақты қызықты етіп құруы,оқушыларға қойылатын талабы күннен – күнге арта түсіп, сабақтың әр кезеңін әдістемелік талапқа сай оқытудың жаңа-әдіс тәсілдерін жүргізілуі шарт.Сондай жаңа-әдіс тәсілдердің бірі-«Сыни тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту». Бұл әдіс-тәсіл құрылымы үш кезең бойынша қолданылады. 1.Қызығушылықты ояту. 2.Мағынаны тани білу.
- Ой толғаныс. Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтижелерге қол жеткізеді.
— оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді.
— басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйренеді.
— өз ойын топ алдында ашық айтуға, қорғай білуге баулиды.
— өз бетінше ізденуге ұмтылдырады.
— сабаққа қызығушылығы артып, белсенділігі өте жоғары болады.
— шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша көбіне мәтінмен жұмыс жүргізуді дейгейлік тапсырмалар арқылы береміз.
1-деңгейде мәтінді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсінеді.
2-деңгейде кейіпкерлерге мінездеме береді,табиғат суреттерін тауып оқиды.
3- деңгейде мәтінді өз ойымен аяқтау, оны талдау жұмыстары жүргізіледі.
4-деңгейде нағыз шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Егер өлеңмен таныссақ, осы өлең ұйқасына салып, өлең құрау, шығарма жазу т.б. орындайды. Оқушылардың тілдік қорын, сөз өнерін дамытуда «Ертегі құрау» ойыны, ойдан жұмбақ, жаңылтпаштар құрау т.б. ойындарын жүргіземін. Әдебиеттік оқуда көбіне бірыңғай сөз жүзінде өтуі оқушыларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан оқушылардың қабілеттерін арттыру үшін рөлдік ойындардың орны ерекше.Мысалы: 3-сыныпта Ана тілінен И.Крылов Абайдың аудармасындағы «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңінде шегіртке мен құмырсқа болып өздері ойнап, сахна өнеріне бейімделеді. Өлеңді оқып танысқаннан кейін, рөлге бөліп оқытамын.
Шағын ғана диалогтың оқушыға әсері мол. Оқушыларға сахналық киімдер дайындап көрсеткенде өте тардымды шықты. Менің бір байқағаным жай уақытта көп сөйлемейтін оқушым құмырсқа рөлін өте тартымды орындады. Бұдан мынадай қорытынды шығардым. Әр балада қабілет бар, соны аша білу – ұстаздың міндеті. Одан кейін құмырсқа,шегіртке суреттерін бейнелеу өнерінде жалғастырдым.Венн диаграммасын көрсету арқылы бұл жәндіктерге сипаттама беріледі.Дүниетану пәнімен байланыстырып пән аралық байланысқа қол жеткіздім. Осы орайда сыныптағы әдебиеттік оқу сабағында «Төле бидің төрелігін» 3сыныпта, «Үш бидің толғауын»,2-сыныпта«Аңқау арыстан»,әңгімелерін диалог түрінде жазып,сахналық түрінде қойылым көрсеттім.Сахналық қойылым бір жағынан ерекше қабілет-дарынын көрсетіп,шығармашылық қырын ашса,екіншіден мәтінді терең түсінеді,сөз құдіретін ұғынуға көмектеседі.
Әдебиеттік оқу пәні-баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Әдебиеттік оқу сабақтарында баланың тапқырлығын, зерделігін дамытатын шығармашылық тапсырмалар орындату баланың ой-өрісін, қиялын, есте сақтауқабілеттерін дамытады. Әр сабақта жақсы материалды талдауға көңіл бөлемін.
Талдау дегеніміз- бірлескен ізденіс. Ізденіс оқушыны шығармашылық іс-әрекетке жетелейді. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілді пайдалану арқылы біз оқушы қиялын, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта түсіп, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
Үздіксіз бір ізді жүргізілген шығармашылық әрекет оқушыны білім шыңына шығарады.
Мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің PIRLS тапсырмаларына негізделіп құрастырылған үлгілері.
Тұтас мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңдер.
Райымбек батыр ерлігі.
Ерлік табиғаты қалың көпшіліктің түсінігіне сия беретін іс емес. Махамбет:
Халыққа тентек атанбай, Ерлердің ісі бітер ме ? деген. Ерлік болмысында тентектік бар. Ерлікті түсіну үшін де мерзім керек. Ерлік те – ғашықтық сияқты құбылыс. Шын берілу қажет болса, құрбандыққа іштей даярлық болады. Ер адам мерт болам демейді, себебі оған қуат беретін – намыс.Бұл жөнінде мақал да тура айтылған: “Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді”. Ерлік деген бір сәттік көрініс емес, ерлік – батырдың қалыпты жағдайы. Ерлік табиғаты тылсым. Нағыз ерлер ер атанам деп ерлік жасамайды. Ерлік адамның өз болмысынан шығады. Ерлік жасап атымды қалдырам дегендер де болады, бірақ олар туралы әңгіме бөлек. Ал, бүкіл болмысы, ғұмыры ерлікке толы жандар болады, міне, сондай адам – Райымбек бабамыз.
- Батырдың бойындағы ерлік пен батырлық ұғымдарының мәнін қалай түсінесіздер?
А. Адам бойындағы мақтаншақтық
В. Адам бойындағы төбелеске құштарлық
С. Әрқашан алға қойған мақсатты орындау
Д. Әрқашан алға қойған мақсатты орындау
Е. Елі үшін, жері үшін ешқашанда тайынбайтын, тайсалмайтын, халқы үшін құрбан болуға дайын,үлкен рух.
- Ерлік тек ерлер, батырлардың ғана ісі ме?
А. Ия, оны тек ерлер ғана істей алады
В. Ия, батыр боп туған адамдардың ғана ісі
С. Жоқ, ерлік және батырлық адамгершілігі бар, әр адамға тән қасиет.
Д. Білмеймін.
Е. Иә, ерлікті батырлар ғана жасайды
- Ерлік адам болмысының қандай қасиеті?
А. Мейірімділік қасиеті
В. Қорқақтық қасиеті
С. Жалқаулық қасиеті
Д. Сабырлылық қасиеті
Е. Ең жоғарғы адамгершілік қасиеттің бірі
- Ер адам мерт болам демейді, себебі, оған қуат беретін – … не нарсе?
А. Намыс
В. Өжеттік
С. Іскерлік
Д. Еңбекқорлық
Е. Спорт
- Мәтінді оқығанда не нәрсеге сүйсінуге болады?
Жолдыаяқ – ақылды ит
Жолдыаяқ екеуіміз бұта-жыңғылдардың арасымен өтетін жалғыз аяқ жолмен келе жаттық. Бір кезде Жолдыаяқ жақын тұрған бұтаның арғы шетіне жүгіріп барып, алдыңғы аяғын көтеріп тұра қалды. Мен итімнің бұл қылығына таң-тамаша болып, оған жақындадым. Оның қарсы алдынан құрдың балапаны шыға келіп, қайтадан бұта-бұтаның арасымен жорғалап қаша жөнелгенін көрдім. Бір қызығы, Жолдыаяқ оны қуған жоқ, дереу кері бұрылып, бұтаны бір айналып өтті де, екінші бір жерге барып қайтадан артқы аяғымен тік тұра қалды. Қарасам, тағы да балапан құрдың алдынан шығыпты. Байғұс құр не істерін білмей, енді тіпті басқа жаққа қаша жөнелді. Жолдыаяқ бәрібір оны жібермеді, өзге иттер құсап артынан қуып аса көп қиналмай-ақ, тағы да алдынан шықты. Құдды бір өзінің асқан ақылдылығын танытып, құрдың кеткен бағытын дәл аңғарып, оның одан кейін не істейтінін қапысыз бағдарлай алғанын білдіргендей, үнемі оның жолын кесумен болды. Бір қызығы, оған тиіспейді де, ойын ойнағандай масаттанып, «не істейін» дегендей, мен жаққа қарап қояды. Ал құрдың балапаны болса, шыр-шыр етіп, қалай қашса да қарсы кезігіп, амалы таусылып, шыбын жанын қоярға жер таппады. Мен оны қатты аяп кеттім.
— Жолдыаяқ, болды енді, тиіспе!- деп дауыстадым итіме. Сол-ақ екен, Жолдыаяқ оны әурелеуін қойды. Көзімен ұзатып сап, ойыны қанған баладай өзіне-өзі разы болып, тілін салақтатып қасыма келді. Құрдың балапаны бір бұтадан екіншісіне кетіп, одан үшіншісіненасып, көзден ғайып болды.
Осылайша, Жолдыаяқтың асқан ақылдылығына әбден көзім жетті.
- Шығарманың идеясына сәйкес келетін жауапты таңдаңыз?
А. Бала мен ит
В. Ит пен балапан
С. Балықтар
Д. Қыдыру
Е.Жеті қазынаның бірі, баланың досы әрі серігі -Жолдыаяқтың ақылдылығын паш ету
- Егер сіз баланың орнында болсаңыз қандай әрекетке барар едіңіз?
А. Ешкімнен қорықпаушы едім.
В. Итіме қарамаушы едім.
С. Жолдыаяққа тиіскізбей, балапанды ұясына шейін апарып салушы едім.
Д. Балапанды өзіммен алып кетуші едім.
Е. Ешқандай әрекетке бармаушы едім.
- Мәтінге басқаша қандай тақырып лайық деп ойлайсыз?
А. Төрт мезгіл.
В. Жыл мезгілі
С. Жолдағы оқиға
Д. Құстар
Е. Алма ағаштары
Торғай мен адам
Өткен заманда бір саясатшы тор құрып қойса, торына кішкене бір торғай түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына ұстап үйіне апара жатса, торғай тілге келіп былай депті:
– Мен кішкене торғаймын, союға жарамаймын, қапасқа салсаң құсалықпен өлемін. Мені еркіме қоя бер, кең дүниеге жібер. Ақысына сізге екі ауыз ақыл айтайын, – депті.
– Кәне, ақылыңды айт, – депті адам.
– Жарайды, бір ауызын қолында , бір ауызын жерге түскен соң айтайын. Өйткені қос қолдап қысып тұрғанда, өкпем қысылып ештеңе айта алмаймын, – депті торғай.Аңшы босатыпты.Бірінші – өткен іске өкінбе, екінші-көзбен көрмей сенбе! – депті. Торғай анадай жерге қонып отырып: – сен ештеңені білмедің, менің бөтекемде жұдырықтай гауһар бар еді, – дейді. Адам қонып отырған торғайды ұстауға тұра ұмтылыпты.Торғай әр жерге ұшып қонып ұстатпайды.Адам қуып қоймаған соң ,адамға былай дейді: «Менің жаңағы айтқан өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтекеме ондай зат қалай сыяды? Бұл бір. Екінші – мен саған ұстатпаймын, қанатым бар. Сондықтан өткен іске өкінбе» – деп ұшып кетті.
1.Мәтінде қандай нақыл сөз айтылған?
А. Қапасқа салсаң құсалықпен өлемін
Б. Өткен іске өкінбе, көзбен көрмей сенбе!
В. Менің бөтегемде жұдырықтай гауһар бар еді.
Г. Менің жаңағы айтқан өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме ондай зат қалай сыяды?
2.Адамның торғай айтқан нақыл сөзді ұқпағанын қайдан білуге болады?
А. Адам торғайды жіберіп қойды.
Б. Адам торғайды қуа жөнелді
В. Адам торғайдың сөзіне сеніп қалды.
Г. Торғайдың сөзіне алданып қалды.
- Адам қандай? Мінездеме бер? Дәлелде.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4.Торғай Адамның нақыл сөзді ұққан- ұқпағанын қалай тексеріп көрді? Үзінді келтір.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5.Торғай адамға неге ұстатпады?
А. Ағашта қонып отырды Б. Торғай жүгіргіш
В. Торғай босап кетті Г. Торғайдың қанаттары бар.
- Мәтін арқылы автор қандай идея айтқысы келді. Өз сөзіңмен жаз.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7.Берілген мәтіннің жанры қандай?
А. Ертегі Б. Аңыз В. Мысал Г. Мақал
8.Мына пікірлердің қайсысы мәтін оқиғасының қорытындысына сәйкес келеді?
А. Торғай өз ақылының арқасында ажалдан құтылды.
Б. Адам ақымақ болған соң торғайды қуды.
В. Торғай адамды ақылды еткісі келді.
Г. Өткен іске өкінбеу керек.
Ақселеу Сейдімбек «Әйел- Ана» тақырыбына талдау.
1-тапсырма. Мақалдың мағынасын түсіндіру /өз ойын айту./
1.Әйелдің пірі еркек
2.Еркек- үйдің егесі, әйел-үйдің шегесі
3.Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.
4.Әжемді тыңдағаным,өзімді тыңдағаным
2-тапсырма. « Ана »кім?
- Өмір сыйлаушы.
2.Қымбатты жан.
3.Ақылшы
4.Қамқоршы
5.Тәрбиеші.
3-тапсырма «Әйел-Ана »тақырыбына хат жаз.
———————————————————————————————————————————————————————————————
4-тапсырма.
«Табынар- ем ана деген тәңірге..»тақырыбында ана туралы шағын эссе жазу.
5-тапсырма.
«Әйел-ана» ертегідегі кейіпкер бейнесін салу.
6-тапсырма.
Халық ертегісін салыстыра отырып ұқсастығы мен айрмашылығын тап.
Халық ертегісі:——————————————————
Әдеби ертегісі:————————————————-
7-тапсырма.
Ер-азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын табар едің ?
Мысал келтір.———————————————————————————
—————————————————————————————————-
[bws_related_posts]