Жумагулова Жанар Дуйсембаевна
Ы.Алтынсарин атындағы
орта мектебінің І деңгейлік курстан өткен
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Жангелдин ауданы
Қостанай облысы
«Блум жүйесі»
Тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау.
( Етістік категориясы бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау дәптерге)
(5 сыныпқа қазақ тілі пәні бойынша)
Сабақтың мақсаты :
а) Етістіктің сөз табы ретіндегі ерекшелігі ; етістіктің зат есіммен байланысы ;
Етістіктің өзіндік ерекшелігі ; Етістіктің тұлғасына қарай негізгі , туынды болып бөлінетіндігін түсіндіру;
ә) Етістіктердің құрамына қарай дара күрделі болып бөлінетіндігі.
Күрделі етістіктердің құрамын жасау жолын түсіндіру;
б) Іс-әрекеттің жүзеге асуына қатысты етістіктердің болымды, болымсыз түрлерінің жасалуын түсіндіру;
в) Етістік білдіретін мағынасына қарай салт, сабақты болып бөлінуін,Сабақты етістікті ажырата білу жолдарын түсіндіру;
г) Тұйық етістіктің –д жұрнағының жалғану ерекшеліктері: бірде дауысты,бірде дауыссыз болуы –у жұрнағының түбірдегі дыбыстарды өзгертуін түсіндіру.
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру. Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық ,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп , шешендік өнерге баулу
Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс байланыстыруға,диалог және жаңа сөздерді үйрету арқылы олардың сөйлеу әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: Отбасында ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Сабақ «Блум» жүйесімен өтеді.
Жұмыс формалары: Топтық, жұптық, жекелей.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, диалог оқыту, түсіндіру,тест, диктант,көрініс кесте толтыру, сұрақ – жауап, баяндау, талдау, «Блум» жүйесі,тіл дамыту әдістері.
Сабақтың көрнекілігі : Түрлі түсті бояулар, үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика Батыр болсаң, жауды қайтар.
элементтерін қолдану: Шешен болсаң дауды қайтар .
Сабақтың барысы:
-Мұғалім сөзі:
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Оқушылар таңғы шеңберде тұрып бір — біріне сәттілік тілейді,
Сәттілік бүгін тілеймін!
Мен саған,
Сен маған,
Қолымызды көтеріп,
Күнге қарап,
Қуанышын төк маған!
Жүрегімнің ыстығын,
Сыйлаймын саған,
Қабыл ал!
Мен саған, Сен маған
Оқушыларды орындарына отырғызбастан бұрын екі түрлі кәмпит түрлерімен 2 топқа бөліп аламын.
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу ,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, көрнекі құралдарды
тақтаға ілу,интерактивті тақтаны іске қосу.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау : «Миға шабуыл» әдісімен
Өткен тапсырманы еске түсіріп ,оқушыларға бірнеше сұрақтар үлестіремін..
1.Зат есім дегеніміз не?
Мысал келтір
2.Сын есім дегеніміз не?
Мысал келтір.
3.Етістік дегеніміз не?
Мысал келтір
- Сан есім дегеніміз не?
Мысал келтір
«Көпір тапсырмалар»
1. Сөйлемдегі етістіктерді тауып, түбірі мен жұрнақтарын дефис арқылы ажырат.
Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан түсті.
Домбыра алдырып, Әбдірахман ән салды.
2. Сызба кестені толтырыңдар.
Етістік –
Мағынасына қарай:
Тұлғасына қарай:
Құрамына қарай:
Ерекше түрі:
Әр топтың тапсырмалары алдарында жатады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындап, түсіндірген топтағы оқушыға қарсы топ балл қойып отырады.
Оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындау. Оқушылар өздері деңгейлікті орындау керек.Орындап болған оқушы жауабын оқиды, айтады, кейбірі тақтаға жазып көрсетеді.
Теориясы: «Білу»
1 — Деңгейлік тапсырма.
1-жаттығу. Етістіктерді есімшеге,көсемшеге айналдыру.
Жұрнақтар жалғау керек.
Кел
Жүр
Сал
Сөйле
Ора
Қи
Осы сөздерге мысал келтіру.
2-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жазу. Оны жазып болған оқушылар етістік сөздерге түсінік береді.
Қарсы топ сұрақ қойып өздері жауап береді.
Төмендегі етістіктерді бір сөз тіркесінде салт, екінші тіркесте сабақты етіп құрап, мысал жазыңдар.
а) Айнаш …. жақсы көреді. Мен …….таныстым. (3 мысалды топ өзі жалғастырады.)
б) Айбек …… отырғызды. Мен………… тазаладым. (3 мысалды топ өзі жалғастырады.)
в)Сіз біздің …білесіз. Мен ….бара жатырмын.(ауызша)
Теориясы: «Түсіну»
2 — деңгейлік тапсырма
3-жаттығу.
Мына етістіктер қандай мақал – мәтелдерде кездеседі?
Етістіктің құрамына талдау жаса.
Адамның адамшылдығы жақсы ……..болады.
Жақсы адам ғана жақсы ……бола алады.
….алмайды,…алады.
….жоғалту керек, ….ашығу керек екен.
Теориясы: «Қолдану»
3 — деңгейлік тапсырма
«Суреттер сыр шертеді»
«Мектеп оқушылары» деген тақырыпта мәтін құрау
4-жаттығу.
Теориясы: «Жинақтау»
4 — деңгейлік тапсырма
Альтернативтік тест («ия»,»жоқ»)
Зат есім — іс — әрекет, қимылынды білдіретін сөз табы.
а) «ия». б) «жоқ».- Іс — қимылды,іс — әрекетті білдіретін сөз табы — Етістік.
а) «ия». б) «жоқ».
.3.Тұйық етістік етістіктің ерекше түрі болып есептеле ме?
а) «ия». б) «жоқ».
- Көсемшелерше түрленетін етістіктің ерекше түрі — Есімше .
а) «ия». б) «жоқ». - Өзінің алдындағы байланысып тұрған сөздің табыс септікте
келуін талап ететін етістік түрі — Салт етістік.
а) «ия». б) «жоқ». - Есімдерше түрленетін етістіктің ерекше түрі — Көсемше .
а) «ия». б) «жоқ».
7.Табыс септіктің келуін талап етпейтін етістіктің түрі — Сабақты етістік.
а) «ия». б) «жоқ».
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Нәтиже: Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі Ж. Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген етістік сөз табынан алған білімдерді және біліктерін пысықтауға ықпал жасадым.
Деңгейлік тапсырмалар төменгі сыныптардан модульдері бойынша тақырыптарды қамтуда.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен жұмыс істеуге баулиды, ой еңбегімен айналысуына көздейді.
Деңгейлік тапсырмаларды өздігінен жаңа сабақты меңгерту, тақырыпты пысықтау, қайталау сабақтарында пайдалануға болады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын байытуға, тілін дамытуға бағыттайды.Өмірдің өзі етістіктен құралатыны анық.
Оқушы білімін бағалау:
Бағалау парақтары бойынша тиісті бағаларын қоямын.
Үйге тапсырма:
1.Ойтолғау «Етістік» тақырыбында жазып келу.
- Е — сөзжұмбақ құрып келу.
Т
І
С
Т
І
К
Деңгейлік тапсырманы тапсырманы парақша түрінде үлестіріп беремін.
(Төмендегі үлгілері)
1.Сұраққа жауап жазу және мысал келтіру:
- Сызба кестені толтыру.
3.Етістіктерді есімшеге,көсемшеге айналдыру.
4.Мына етістіктер қандай мақал – мәтелдерде кездеседі?
5.» Адасқан әріптер» Осы үлгіде ойын-тренинг ұйымдастыру әр топ.
1.Сұраққа жауап жазу және мысал келтіру:
«Миға шабуыл» әдісімен үй тапсырмасының жұмысы.
1.Зат есім дегеніміз не?
Мысал келтір
2.Сын есім дегеніміз не?
Мысал келтір.
3.Етістік дегеніміз не?
Мысал келтір
- Сан есім дегеніміз не?
Мысал келтір
1-топқа. Сөйлемдегі етістіктерді тауып, түбірі мен жұрнақтарын дефис арқылы ажырат.
Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан түсті.
1І-топқа.Сөйлемдегі етістіктерді тауып, түбірі мен жұрнақтарын дефис арқылы ажырат.
Домбыра алдырып, Әбдірахман ән салды.
- Сызба кестені толтыру.
Етістік | |
Мағынасына қарай: | |
Тұлғасына қарай: | |
Құрамына қарай: | |
Ерекше түрі: |
3.Етістіктерді есімшеге,көсемшеге айналдыру.
а) Етістіктерді есімшеге,көсемшеге айналдыру.
Жұрнақтар жалғау керек.
Кел
Жүр
Сал
Осы сөздерге мысал келтіру.
б) Етістіктерді есімшеге,көсемшеге айналдыру.
Жұрнақтар жалғау керек.
Сөйле
Ора
Қи
Осы сөздерге мысал келтіру.
Төмендегі етістіктерді бір сөз тіркесінде салт, екінші тіркесте сабақты етіп құрап, мысал жазыңдар.
а) Айнаш …. жақсы көреді.
б) Мен ……. таныстым.
(3 мысалды топ өзі жалғастырады.)
в)……………………………………………………………………………………………………………….
Төмендегі етістіктерді бір сөз тіркесінде салт, екінші тіркесте сабақты етіп құрап, мысал жазыңдар.
а) Айбек …… отырғызды.
б) Мен………… тазаладым.
(3 мысалды топ өзі жалғастырады.)
в)…………………………………………………………………………………………………………………
4.Мына етістіктер қандай мақал – мәтелдерде кездеседі?
а) Етістіктің құрамына талдау жаса.
- ……. алмайды, ………. алады.
- Жақсы адам ғана жақсы ………………….бола алады.
Мына етістіктер қандай мақал – мәтелдерде кездеседі?
б) Етістіктің құрамына талдау жаса.
- Адамның адамшылдығы жақсы ………….болады.
- ………..жоғалту керек, ………..ашығу керек екен.
5.» Адасқан әріптер»
І-топқа.
- Көйақ лек — қай сөз табына жатады?
- Мтекпе — қай сөз табына жатады?
- Оықдыылт — қай сөз табына жатады?
- Жешітіспні — қай сөз табына жатады?
» Адасқан әріптер»
ІІ-топқа.
- Үенлк мекпет — қай сөз табына жатады?
- Засортпл — қай сөз табына жатады?
- Ілтнсүідірді — қай сөз табына жатады?
- Сантокшісінбе — қай сөз табына жатады?
[bws_related_posts]