Математика пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы: «Көбейту мен бөлу кестесін қайталау»
№ 19 орта мектебінің 3 «Е» сынып мұғалімі
Рахимжанова Толқын Жалмукановна
Пәнніңаты:
математика |
Уақыты:30.11.15 | Кабинет:203
Мұғалім:Рахимжанова Т.Ж. Сынып:3 «Е» |
Сабақтың атауы | Көбейту мен бөлуді қайталау | |
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақ типі: |
Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту.
Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдылары жетіледі Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау,танымдық қабілеттері артады., шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысы қалыптасады. Тәрбиелік: Пәнаралық және өмірмен байланысты іске асыру,оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру. Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру. Сабақтың түрі: пысықтау Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау,кіріктіру, топтық жұмыс. Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, дидактикалық үлестірмелер,оқулық,дәптер. Пәнаралық байланыс: |
|
Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық
Әрбір адам –Туысым,досым,жұрағат. Әрбір сабақ-Үйрену,ұғу,ұлағат Әрбір ісің-Тірлік,тірек,адамдық Әрбір сөзің-Шыңдық,бірлік,адалдық Олай болса балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Әрбір ісімізге мұқият болайық.Бүгінгі сабақта біз көбейту және бөлу тақырыбы бойынша алған білімізді пысықтаймыз. |
|
Қызығушылықты ояту
Ой толғаныс |
1-кезең. Бағдарлау- мотивациялық кезең. А)Тірек білімді белсендіру:Миға шабуыл.Көбейту мен бөлу кестесін қайталауға арналаған жаттығулар.«Жұбынды тап» ойыны.Берілген карточкалармен оқушы өз жұбын табады. Ә)Өрнектерді пайдаланып,тура теңдіктер құр. 20:2+5 120:10 4 х 3 9 х2 3 х 6 80:2 –12 200:10 5 х 4 7 х 4 5 х 3 Интерактивті тақтада жауаптарын тексереді,бағалайды.Бағдаршам
Б)Көбейту мен бөлу кестесін қайталау 4х9 24:3 3х6 36:4 3х7 40:4 7х4 21:3 6х2 28:4 1х9 18:2 Интерактивті тақтада жауаптарын тексереді және бағалайды (Бағдаршам)
В)Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.Топтық жұмыс Көбейту мен бөлу кестесін тексеру.Амалдарды орындау «Кім жылдам» ойыны 1-ші қатар (34+20):6 80: 10+12 100-8х10 (85-15)х9 0х (42+7)
2-ші қатар (76-26) х 8 49 : 7 х 8 46 -64 : 8 50 – 24 :3 4х5+4х9
3-ші қатар 81 : 9 х 6 34 +6 х 9 90 – 7 х 8 (24 + 16) : 8 Интерактивті тақтада жауабын тексереді.
Г) Сұрақтарға жауап бер — екі жұмыртқаны 6 минут пісіреді.Осындай 8 жұмыртқаны қанша уақыт пісіреді? -мыналардың қайсысы уақыт бірлігі емес:секунд,апта,километр,ай. (километр) — қандай бірдей үш санның көбейтіндісінің мәні 1-ге тең болды. (1х1х1=1) -қайыңда 28 алма өсіп тұрды.Оның 5-ін қарға алып кетті . 4-і жерге құлады.Қанша алма қалды? — Ер адамнан «неше балаңыз бар деп»сұрапты ?Сонда ол «менің төрт ұлым бар және олардың әрқайсысының туған қарындасы бар»-деп жауап беріпті.Оның неше баласы болған? (бес) — қайсысы ауыр: 1 кг мақта ма немесе 1 кг темір ме? (бірдей) — Салтанат кітаптың 16 бетін ,ал Серік 8 бетін оқыды.қайсысы артық және неше есе артық? -Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады.Ал қай айда 28 деген сан бар? (барлық айда)
2-кезең. Операциялық — орындаушылық кезең. А)оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс
№ 1 тапсырма б 103 №3 А)Фигураның периметрін табу.Өзін-өзі бағалау бағдаршам Оқушылар өздері орындайды, жұппен талдайды, өзара тексереді, қателерін түзетеді.
Ә)Жұптық жұмыс №3.Өзара тексеру.Бағалау .бағдаршам
Б) Өздік жұмыс.№6 Бағалау.Бас бармақ.
3-кезең. Рефлексиялық — бағалау кезеңі Рефлексия. Бүгінгі сабақта мен үйрендім: маған қызықты болды маған қиын болды мен түсіндім |
|
Сергіту сәті Логикалық сұрақтарға жауап береді.
|
||
Үйге тапсырма | Бет 104№7 | |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
өте керемет сабақ