Басы » Бастауыш сыныптар » Баға. Құн. Теңге

Баға. Құн. Теңге

Даутбаева А.Б.

Сабақтың тақырыбы: Баға. Құн. Теңге

Сабақтың мақсаты: Құн, баға және ақша бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;
Санның құрамына өрнектер құрастыра білу дағдыларын дамыту, шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл байлығын дамыту;логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту
Экономикалық тәрбие беру, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: баға, ақша бірліктері туралы білім  қалыптасады; есептердің әр түрін құрастыра алады  және шығара алады; кестелік қосу және азайтуды, логикалық есептерді  жылдам шығара алады. Өз ойын еркін айта алады.

Көрнекті құралдар: бағалау парағы, слайд.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: диалог, топтық жұмыс, бағалау (оқытудағы жаңа тәсілдер)

 

Сабақ кезеңдері

Жұмыс түрлерінің мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылығын ояту

Сәлемдесу.

 

(Музыка ойнап тұрады.) әр оқушыға турлі түсті фигуралар таратылады.

 

 

Балалар түстерине қарай бес топқа бөлінеді.

     
Үй тапсырмасы № 6 (а) мәсел есеп

?

Қарбыз-8кг  Қауын-3кг

8+3=11 (кг)

Жауабы: барлығы 11килограмм

 

Бірінші оқушы шартыны,екінші оқушы шешуін, үшінші жауабын оқиды. Қалған оқушылар тексереді.

Диалог

(Мұғалім-оқушы)

Сладта көрсетілген ақшалардың суретіне назар аударту
— Ақшаның тағы қандай түрлерін білесіңдер?
— Біздің қазақстандық ақша қалай аталады?
— Теңге туралы, биыл 20 жылдығы біздің сабақпен ұштасып отырғанын айту
Ұлттық валюта
Қазақстандық теңге
«Теңге» — орта ғасырдағы түріктектес халықтардың күміс тиындықтарды «денге» немесе «таньга» деген сөзінен шыққан.
1993 жылы 15 қарашада алғашқы ұлттық ақша айналымына кірді.
 

 

—          доллар, рубль, сом т. б.

 

—          Теңге

 

Жаңа сабақ

 

Балалар, бізге ақша не үшін керек?
Мұғалім алғашқыда балалардың ақша, тауардың кұны ( бір нәрсе сатып алу үшін өз беттерінше дүкенге барған кездері болды ма, т. б.) туралы күнделікті тұрмыстағы түсініктерін анықтайды.
 

Оқушылар өз ойларын айтады.

     
«Дүкен» ойыны» «Дүкен» ойыны түрінде жүргізетінін хабарлау. Алдын ала «тауарларды», оған ілінетін «бағаларын» дайындап қояды. Мұғалім «дүкен сөрелеріне» тауарларды орналастырып, бағаларын іледі. Оның дүкенінде тауарлар «сатылатынын» хабарлайды.

            Ал балалар, біздің дүкенге баруға сиқырлы ақша керек. Ол ақшаларды табу үшін мына есептеулерді орындауымыз керек.

6+9            15 — 8        8+9            11 — 2
13 – 8        14 — 7       11 — 4          7+9
5+9            6+7          13 — 6          9+9
17 — 9         16 – 8      9+8             8+7

 

Ары қарай мұғалім балалардың назарын бір заттың қанша тұратынына аударады да, бұл заттың бағасы екенін айтып, дүкеннен не алатындарын сұрайды.
Тақтада көрсетілген заттарды сатып алуға екі оқушыдан шақырады. Олардың алған заттарының бағасын қосып, барлық сатып алған затқа төленген ақшаның заттың құны екенін айтады.
Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады.

Оқушылардың бірі «сатып алушы» болады да, оған тауар «сатып алу» тапсырылады.
Сергіту сәті Мұғалім еңбек сабағында жасап үйренген әмиянды жасау керектігін айтады. Жасалған әмиянға өздерінің алдында жатқан ақшаларын салып қоюлары тапсырылады. Музыка ырғағымен балалар бүктеу тәсілі арқылы әмиян жасайды.

 

Математикалық диктант

 

 

а) 30 бен 40 сандарының қосындысына 10- ды қос;

ә) 60 пен 40 сандарының қосындысынан 20- ны азайт;

б) 90 мен 70 сандарының айырмасына 50-ді қос;

в) 30 санына 80 мен  60 сандарының айырмасын қос.

 

   

30+40+10=80

(60+40)-20=80

(90-70)+50=70

30+(80-60)=50

Өздік жұмыс  № 2

І нұсқа:  а) Болды-100тг

                   Қойын дәптер-?тг

                   Қалды-40 тг

                   Шешуі: 100-40=60(тг)

 Жауабы: Қойын дәптер 60теңге тұрады.

?

ІІ нұсқа ә) бірінші д.- 9 тг                    Екінші д.-6 тг

                    9+6=15 (тг)

         Жауабы:барлығы 15 теңге болады.

 

 

Әр оқушы дәптерге орындайды. Әр топтан бірінші болған бір оқушы дәптерін алып келеді. оқушы

 Интерактивті тақтамен жұмыс  №6. Кесте бойынша өрнектер құрастырып жаз. Олардың мәнін тап. балалар өрнектерді жазып, өз жазған өрнектерін оқып берулері қадағаланады.
Топтық жұмыс №7.  Әр топқа әртүрлі фигуралар беріледі. Фигуралардан жануарлар бейнесін құрастыру қажет.

 

 Әр топ кез келген жануарды құрастырып, А3 қағазға жапсырып, тақтаға екі оқушы шығып қорғайды.
Қорытынды  – Біз бүгін қандай жаңа сөздермен таныстық?
— Нені үйрендік?
— Құн, теңге, баға.

 

 

Үйге тапсырма № 6   51 бет. Есептеп дұрыстығын шығару. Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау Әр тапсырмадан кейін оқушылар гүл жапырағын жапсырады. Тапсырмаға жауап бермеген жағдайда гүлдің жапыраған жапсырмайды.

Гүлдің  құрылуына қарай өзін өзі бағалайды.

 

1 пікір

  1. https://goo.gl/J6dvG9
    Таза адал сауданы дамытайық
    Qazsauda – қазақша жарнама алаңы. Қазақтілді сайтты қолдайық.
    Қазақша сауданы дамытайық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *