Назым Тұрысбаева Болатовна
Тақырыбы: «Музыкалық калейдоскоп»
Мақсаты: Сабақта үйренген музыкалық білімге деген белсенділігін арттыру. Сыныптан тыс іс-шара өткізу арқылы білім жүйесін қалыптастыру.
Міндеті: Музыка әлеміне қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс істеуге қалыптасу. Ойынға қатысушылар : «Сазсырнай» және «Қоңырау» топтары . Мұғалім: Сәлеметсіңдерме, құрметті оқушылар! Бүгін біз музыка сабағында алған білімімізді бекіту үшін ойын-сауық түрінде өткізілетін «Музыкалық калейдоскоп» атты сайысқа жиналып отырмыз. Әр топта 7 нотаға сәйкес 7 баладан болады. Сайысқа әділ бағасын беретін әділқазылар мүшелерімен де таныстырып өтейік. 1 Шарапатова А.Т – Қазақ тілі мұғалімі. 2 Чикаева С.О. – Бастауыш сыныптар оқу ісінің меңгерушісі. Мұғалім: Ендеше, сайысымызға сәттілік үшін «Жауқазын» әнін қабыл алайық. Ән: «Жауқазын» №1 сайыс «Музыкалық» сөздер аукционы» Мұғалім: Ойын шарты бойынша 2 топтың мүшелері алдарындағы қағазға 7 нотаны қатыстырып сөз құрастыруы керек. Көп сөз құрастырған топ жеңіскер болады. . До — дос, доп, домбыра, достар, домалақ, доға, доңыз, т.б Ре — Рең, рет, кереге, мәре-сәре, мереке, күрең,күрек, үйрек, бүйрек, береке, т.б Ми — Ми, армия, жымиып, миялы, Жәмиля, т.б Фа — Фанта, альфа, алфавит, фасон, Фараби, фантастика, асфальт, т.б Соль — сольфеджио, фасоль, соль, т,б Ля — каля-маля, ля-ля-ля, лягушка, Камиля Си -сиыр, сила, силық, сиқыр, симфония, сипаттау, сипалау, т,б. №2 сайыс «Музыкалық аспаптар» Мұғалім: Қазір Activstudioда музыкаға қатысты суреттер берілген, әр топтан бір оқушы келіп кез-келген суретті ашу арқылы астындағы жасырылған негізгі музыкалық аспапты табу керек. (Ойынның шарты бойынша мейлінше аз суретті ашып, жылдам табу керек.) Жасырылған музыкалық аспаптар: Адырна, асатаяқ, жетіген, тұяқ, қобыз, сазсырнай. №3 сайыс «Мульти-пульти-саққұлақ» Мұғалім: Әр команданың бір мүшесі ортаға шығып мультфильмнен алынған музыканы тыңдап, қай мультфильм екенін немесе оның кейіпкерлерін айта білу керек. («Ақсақ құлан», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Мақтаншақ қыз», «Алдар көсе», «Алпамыс», «Маугли», «Маша мен аю», «Қолтырауын Гена», «Саяхатшы Дара», т.б ) (Мультфильмдер музыкасы) №4 сайыс «Жұмбақ-нота» Мұғалім: Келесі сайысымыз 7 нотаға байланысты сөздерді табу қажет болады. Қай команда сұрақ- жұмбаққа тез жауап берер екен. Жұмбақ 7 нотамен тығыз байланысты. 1. «До» нотасы бар сөмке. /дорба/ 2. Құрал-сайман, үй құсы, дене мүшесінде кездесетін «Ре» нотасы бар сөз? /Жүрек, бүйрек күрек/ 3. «Ми» нотасы бар құс? /фламинго/ 4. Құрамында «Фа» нотасы кезесетін фантастикалық сусын, бұршақ тұқымдас дән /фанта, фасоль / 5. Ноталарды оқып, таза айтып үйренетін сабақ, онсыз астың дәмі келмес. /сольфеджио соль/, 6. Балалар әнінде жиі айтылатын музыкалық буын /ля/ 7, Оны алған кезде кез келген адам қатты қуанатын, және оның сүті кальцийге толы «си»нотасы бар сөз? /силық,сиыр / Жауап дұрыс болған жағдайда слайд арқылы көрсету. №5 сайыс «Музыкалық ребус» слайд Мұғалім: 2 топтан 2 ойыншыны ортаға шақырамыз. Қатысушылар музыкалық ребусты интерактивті тақтадан жылдам шешуі керек. №6 сайыс «Пантомима» Жанкүйерлермен. Мұғалім: Әр командадан 1 оқушы ортаға шығып кез-келген карточкада көрсетілген музыкалық аспапты қолмен көрсетіп бейнелейді немесе ойналу жолын көрсетеді. Қарсы команда мүшелері қай аспап екенін табу керек. №7 сайыс «Кім жылдам?» Мұғалім: Келесі байқауымыз ақылдылыққа, жылдам ойлануға байланысты болмақ. Ойын шарты бойынша 1 минутта әр топтың топбасшысы қаншалықты сұраққа тез әрі көбірек жауап берер екен. 1. Құлақпен нені естиміз? (дыбысты) 2. Хорда жалғыз ән айтушыны немесе оркестрде жалғыз аспапта орындаушыны кім деп айтамыз? (солист) 3. Домбыра ойнаудың қағыстары? (шертпе, төкпе) 4. Квартетте неше орындаушы бар? (4) 5. Үстел сиякты 3 аяқты музыкалық аспап? (рояль). 6. Қобызды жасаған кім? (Қорқыт) 7. Музыкалық дыбыстардың графикалық жазылуын қалай айтады? (нота). 8. Қобызды қандай затпен орындайды? (ысқыш). 9. Салтанатты, мемлекеттік ән? (гимн). 10. Домбыраға не тағылады?(2 ішек). 11. Үскірік, шаңқобыз, сыбызғы, желбуаз қалай ойналатын аспапатар? (Үрмелі аспапатар) 12. Шертпелі аспаптарды ата? (Домбыра, шертер, адырна жетіген,гитара т.б) . 13. Саздан жасалған аспап? (Сазсырнай). 14. Пианино, рояль, фортепиано, баян, аккордеон-қандай аспаптар? (Клавишты) 15. Ақан сарінің сүйікті аты? (Құлагер) 16.Салтанатты жиында, парадта, әскери мерекеде ойналатын музыка? (марш) 16. Музыканы шығарушы адам? (Композитор) 17. 2 орындаушыны қалай атайды? (Дуэт) 18. Балалар және әйелдер дауысы? (Соптано, альт) 19. Қандай кілтпен есік ашпайды? (скрипка кілті) 20. Сәбиді ұйықтататын ән? (Бесік жыры) 21. Айтысқа кімдер қатысады? (Айтыскар ақындар) 22. Күй жарысты қалай атайды? (Күй тартыс) 23. Скрипка кілтінің басқаша атауы? (соль) 24. Көне музыкалық аспаптарды зерттеп, жинаушы? (Болат Сарыбаев) 25. Оркестрді басқарушы? (Дирижер) Мұғалім: Міне, балалар біздің бүгінгі ойын-сауық сайысымыз өз мәресіне жетті. Ал енді әділқазылар өз бағаларын бергенше тамаша әнге кезек берейік. Ән: «Қасиетті домбыра» Қорытындылау. Марапаттау. 4 сынып оқушыларына арналған «Музыкалық калейдаскоп» ойын-сауық сайысының бағдарламасы Музыка мұғалімі: Турысбаева Н.Б 2015-2016 оқу жылы