Басы » Бастауыш сыныптар » Тұрлаусыз мүшелер

Тұрлаусыз мүшелер

Қарағанды облысы

Шет ауданы,    Ақсу-Аюлы  мекені

Ж. Ақылбаев  атындағы мектеп-гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Омарова Нұржанат Мұқабылқызы

 Тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Мақсаты:          Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау, тұрлаусыз

мүшелермен  таныстыру. Cөйлемдегі сөздерге сұрақ қойып, сөйлем

мүшелеріне  талдау, олардың байланысын анықтау.

Оқушыларды тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,түрлі

ойындар арқылы оқушының ойын дамыту.

Тіл құдіретін сезіне білуге, оны құрметтей білуге,  ұйымшылдыққа

бір-бірімен тату болуға  тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: ойтолғау, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.
Сабақ түрі: сайыс , ертегі сабақ .
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру

Амандасу.

Психологиялық дайындық
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл қызың мәнгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.

— Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» — деген қазақтың мақалы бар. Сондықтан сабақта білімімізді көрсетеміз.

«Зерек», «Алғыр», «Талап» топтары түрлі тапсырмалар  арқылы өзара білім сайысына түседі.  Қай топтың білімді, тапқыр, жылдам екендігі сабақ соңында белгілі болады. Ендеше, білім деңгейімізді көрсете білейік .

Қызығушылығын ояту.

Ертегі

Баяғыда бір Сөйлем мүшелері деген ел болыпты.   Ол ел екі ауылға бөлінеді екен. Бірінші ауылдың аты Тұрлаулы мүшелер екен.  Сол Тұрлаулы мүшелердің екі батыры  болыпты. Екеуі  өте бауырмал, бір-біріне қамқор болыпты.  Екеуіне ел сүйсінеді екен. Біреуінің аты Бастауыш, екіншісінің аты  Баяндауыш екен.

Бір күні Бастауыш жол жүріп,  кешігіпті. Баяндауыш жалғызсырап, Бастауыштың жолын күтеді екен. Бастауыштың тез оралуын қалайсыңдар ма?

Ендеше мына сұрақтарға жауап бере қояйық.

Өткен сабақты қайталау.

1-тапсырма. Ережелерді еске түсіру

І топ Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

ІІ топ  Бастауыш дегеніміз не?

ІІІ топ Баяндауыш дегеніміз не?

2- тапсырма.   Сөйлемді  сөйлем мүшелеріне талдау.
І топ  Қоңырау соғылды.

ІІ топ  Оқушылар сыныпқа кірді.

ІІІ топ  Мұғалім сабақты бастады.
3- тапсырма. Сөйлемдегі сызықша. Орны ауысқан сөзерді орнына қойып, тиісті жеріне сызықша қою.

І топ  Оқу -білім бұлағы, білім- өмір шырағы.

ІІ топ  Тіл -қарым-қатынас құралы.

ІІІ топ   Мектеп — білім беретін мекеме.

Әр топтан ережені сұрау.

Міне, балалар сендердің арқаларыңда Бастауыш та еліне аман есен жетті.

Жаңа сабақ.

Екі батыр табысып, олардың қуаныштарына ортақтасып екінші ауыл тұрғындары келіпті. Қандай ауылдан келетінін білгілерің келе ме?

Олай болса, Ребус шешеміз. «Тұрлаусыз мүшелер»

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Дәптермен жұмыс.

Каллиографиялық минут.

Ой қоғау.  Тұрлаусыз мүше деген не?

Интерактивті тақтадағы сөздерге назар аудару.

Екі бағандағы сөйлемдерді  салыстырып оқимыз.

Жадыра келді.                              Жадыра қалаға келді.

Қоңырау соғылды.                      Қоңырау қайта-қайта соғылды.

Мал өседі.                                    Мал төлден өседі.

Сөйлемдегі сөйлем мүшелеріне назар аудару. Айырмашылығын анықтау.

Қорытынды жасау. Ережені хормен айтқызу.

Сөйлемдегі бастауыш баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін  тұрлаусыз мүшелер  деп атайды. Оларға қандай? кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда? т. б. сұрақтар қойылады.

Жаңа ауылмен толығырақ танысайық.

1-тапсырма

Оқулықпен жұмыс. 67-жаттығу. Тақтада орындату. Әр топтан шығып талдайды.

Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Ол сөздер бастауышқа қатысты ма, баяндауышқа қатысты ма?

2-тапсырма

Өздік жұмыс. Әр топ жаңылтпашты оқып, жатқа жазады. Бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын – екі,  тұрлаусыз мүшенің астын ирек сызықпен сызу.

І топ                 Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға жарға қонды.

ІІ топ            Бала араны қуалады,

Ара баланы қуалады.

ІІІ топ                   Ерді ел елер,
Ер елге еркелер.

Тексеру. Жазғандарын сөйлем мүшелеріне талдату.

3-тапсырма

Суреттегі зат атаулары бірде бастауыш, бірде тұрлаусыз мүше болатындай етіп сөйлем құрау.

Мысалы: Телефон шырылдады.  Телефонның дауысы естілді.

І топқа: гүлдің суреті

ІІ топқа көбелектің суреті

ІІІ топқа  баланың суреті

Тұрлаусыз мүшелер  деген елдің барын білдік. Енді ол елдің батырлармен танысайық. Ол үшін әр топ алдарындағы сөзжұмбақты шешеді.

Сонымен тұрлаусыз мүшелер неше түрге бөлінеді екен?

-Дұрыс айтасыңдар, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш туралы келесі сабақтарда толық танысатын боласыңдар.

Ал, ертегіміздегі тұрлаулы мүшелердің батырлары ауылдарына келген  тұрлаусыз мүшелердің батырларын жақсы қарсы алып, олар да риза болыпты. Кейін олар жиі келіп, туыс адамдай араласып тұрады екен. Бір- бірін бөлмей,  тату тұрыпты.

Сендер де балалар бір-біріңмен тату болып, бір үйдің баласындай ұйымшыл болыңдар.

Жаңа сабақты бекіту.

1-тапсырма.

70- жаттығу. Мәтінді оқу.  Алғашқы үш сөйлемді көшіріп жазып, сөйлемдерден тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді тауып тиісті інге кіргізу.

Тасбақа мен тышқан келе жатты. Олар түлкіні көрді. Тышқан інге кіріп кетті.

2- тапсырма.

Суретке қарап әңгіме құра. Құраған әңгімені жазып, тұрлаусыз мүшелердің астын сызу.

3- тапсырма. Вен диаграммасы

Тұрлаулы мүшелер                            Тұрлаусыз мүшелер

 

 

 

Қорытынды.

Бүгін сабақта не істеді? не білдік? Не үйрендік?

Жеңімпаз топты анықтау. Бағалау.

Үйге тапсырма: 71-жаттығу. 93-бет. Ереже жаттау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *