Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы
Асықата кенті
«Асықата» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Молдакулова Оразкул Досболовна
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы»
Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы көтерілістің болуы, жастардың көтеріліске шығу себептері, олардың алдында қойған мақсаты жайлы түсінік беру; Қайрат Рысқұлбеков, Ләззет Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаевтың өмір жолдарымен танысу және артында қалған мұраларын қастерлеп, халық батырларының рухына тағзым ету, халқын, ұлтын сүйе біліп, елін қорғай білуге тәрбиелеу, ұлттар арасындағы достықты сақтай отырып, өз елінің тілін, салт-дәстүрін, тарихын біле отырып патриоттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, Желтоқсан құрбандарының суреттер, шарлар,нақыл сөздер, слайдтар.
Асылзат:
Қаншы жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі – дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
Диана: 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп шеруге шықты. Олар !Қазақ елінің өз көсемі сайлансын!» деген тілек білдірді. Сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті 18 минутта Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Нашақорлар» деген кіналар тағылды.
Ұлжалғас:Қазіргі бұл күн – қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы күн , әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – қазақ халқында бұрын боллмаған ең ауыр көтерілістің бірі. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Асылзат:
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» Мұхтар Шаханов.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Арманыңның атын,
Жігеріңнің отын
Өшіре алмас асау желі уақыттың.
Егер кім қанша
Уайымсыз болса,
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.
Диана:
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Ұлжалғас: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз бүгінгі дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Лаула лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!
Асылзат:
Әнұраным –жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым.
Мәңгі бақыи шырқалады!
Диана: Қазақстан Республикасының Әнұранын орындауға сап түзе!
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын!
1-оқушы: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламасы» кезінде 1 000 000 қазақ қазақ тапты.
2- оқушы: «1916-1921 жылдар аралығында 800 000 адам қырғынға ұшырады».
3-оқушы: «1930-1933 жылдары голощекиндік Нәубет кезінде 2 200 000 қазақ аштан өлді.
4-оқушы: 1941-1945 жылдары 350 000 ұл-қызынан айырылған қазақ халқының саны 12 % -ға кеміді.
5-оқушы: 1915 жылдары қазақ халқының саны 6 000 000 болса, 1945 жылы бүкіл ТМД бойынша 2 650 000 –ға әзер жеткен.
Ұлжалғас:
1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды.
6-оқушы:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тілімнен.
«Жаман үйді қонағы билейді» деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
7-оқушы:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен жігітпін айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
8-оқушы:
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам қыран боп қырға шықтым.
Пәк салтанат салтымды сүйемін мен,
Бақ орнаттым басына моланың да,
Мұрагерлік оған да иемін мен.
9-оқушы:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Асылзат: Жанартаулар бұғып жатып бір ашылды. Жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті.
Диана: Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді.Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетпейді. Желтоқсан оқиғасынан кейін елімізде көп өзгерістер болды. Ұлттық сана сезіміміз оянып, тәуелсіздік туын көтердік.
Ұлжалғас: Иә, бостандық, теңдік, тәуелсіздік те өз бетімен келген жоқ! Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан!
Диана: Дұрыс айтасың ,Ұлжалғас, сол бір жан түршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалады. Желтоқсан – елімнің болшағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.
Есігі ашқы, төрі кең
Жылап өттік жытқыр өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге егемендік көзмен.
Асылзат: Ән орындайтын 4 «А» сынып оқушысы Жүзтай Ұлжалғас.
Диана: 1986 жылы 16-желтоқсанда Пленум өтіп, бірінші хатшы Дінмұхамед Қонаевты орнынан алып, Колбинді сайлады. Пленум бұл шешімге небәрі 18 минут жіберген. Бұл шешімге наразылық білдірген жастар алаңға шықты.
Ұлжалғас:
Қатыгездік жұдырығы түйіліп
Қамшы үйірді жасқап, жекіп, бұйырып.
Желтоқсанда шықтық үлкен алаңға.
Ата-баба аруағына сыйынып.
Асылзат: Жастардың бұл бейбіт шеруін қуып тарату үшін күш көрсетілді.Сапер күректері, өрт машиналары, арнайы әзірленген темір таяқтар, тоқпақтар қолданылды.
Желтоқсан оқиғасынан үзінді көрсетіледі. (ролик) Желтоқсан шері -3
10-оқушы:
Дүр сілкінді қоңыр аймақ,
Бағы жана ма, қала ма соры қайнап.
Ұран жазып, қып-қызыл ту көтеріп,
Біз де шықтық алаңға «Елім – айлап.
Демократияны бұғаудан босатыңдар,
Әр халыққа- өзінің көсемі керек.
11-оқушы:
Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,
Көлеңкеміз, күннен де тимей нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген,
Уа, сыртымызданбилей билейді бұл?
Бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны,
Тегің құрып барады білесің бе?
12-оқушы:
Ескерусіз құр жатырмыз
Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап.
Санаспайды-әй бұлар тегі ешкіммен,
Жариялылық дегенің елес білем.
Өгей қозы біз болдық енемізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге.
Ақиқат жоқ, маңаың толған аңыз,
Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.
Диана: Тарихта «Құйын – 86» мәңгі есте қалады. Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерімізді араларымыздан алып кете барды.
Сахнаға төрт оқушы шырақ алып шығады. Олар өз сөздерін айтып шырақтарын кезекпен сөндіреді.
13-оқушы:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік, наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
14-оқушы:
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
15-оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ, ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
16-оқушы:
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Ұлжалғас: Бұл қыршыннан кеткен қазақ жастарының сөнген шырақтары.
Желтоқсан құрбандарының ролигин көрсетіп тұрады.
Асылзат: 1986 жылы 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақаттаған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23- желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол ата-анасының жалғыз баласы еді. Ол «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.
Диана: Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс, тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың, ышқынған даусы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай. Ләззат сенің де нәзік үнің естіледі. Сен тірі болсаң қазағымның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау!
Еліңнің сен намысын үшін
Құрбан еттің жаныңды.
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арыңды.
Ұлжалғас: Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына масқара сөздер айтып, балағаттаған қорлығына шыдай алмай, Өскемен педагогика училищесінің 1 курс студенті Сәбира жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлді.
Асылзат: Желтоқсанның қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков жиырма екі-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, егемендігі үшін күресті.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең, атыңдар!
Диана: Жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайрат 1987 жылдың
1-қаңтары күні үйде тұтқынға алынған еді.
Ұлжалғас: Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылдап, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қарсы шыға білген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпақтан – ұрпаққа жетеді.
17-оқушы:
Қазақы өлең қаншама рет аһ ұрды,
Отыз бірде дана қажы атылды.
Отыз жетіде Сәкен мен Ілияс
Елге атылған оқты өзіне шақырды.
Жетпіс алты Мұқағали алыпты
Күйік пен у теңізге батырды.
18-оқушы:
Біздің заман бетін тырнап алатын
Өлең үшін өшіреді ақылды.
Талантына азап пен сор жақын ба?
Жырымен гүл өсіретін таңымда,
Бірінші боп зорлық билік алса егер,
Ақын байғұс кетеді екен тақымда.
Сексен жеті дүрліктіріп даланы,
Үкім тақты тағы да бір ақынға.
Көрініс. «Қайрат пен тергеуші»
19-оқушы:
Демалатын ауасы жоқ қоғамда
Ақыл мен ой айналады боданға.
Ақын көнбей қояды екен содан ба?
Пәле біткен өте келеді оларға,
Топырағы жылап жатқан молаңда?!
20-оқушы:
Қақап күннің ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн,
Қаракөз қазақ қыздерын
ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн.
Аппақ қар қанға боялып,
Қыпқызыл мұз боп жатқан күн.
Асылзат:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан.
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным.
Диана: 4 «Ә» сынып қыздарының орындауында би.
Ұлжалғас: Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.
Диана:
Егемендік иесі – мен деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз.
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көгенкөз.
Егемендік – ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
Егемендік деген сөзден естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
21-оқушы:
Өзіңдікі Елің де,
Өзіңдікі Жерің де.
Өзіңдікі еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде.
Асқар тау да сенікі,
Бақша-бау да сенікі.
Қалтқысыз доспенен
Қатал жау да сенікі.
22-оқушы:
Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық,
Құтты болсын қуаныш!
4 «А» сынып «Қазақ биі»
23-оқушы:
Қазақстан – менің асыл аймағым,
Қуантады күнге құшақ жайғаның.
Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,
Құлпыра бер, құлпыра бер жарқырап.
24-оқушы:
Шалқы қазақ, шалқытып заман келді,
Текке қанын төккен жоқ Амангелді.
Кең далаңда керіліп, атыңды атап,
Жырла қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді.
25-оқушы:
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыз көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Барлығы: Айналайын ағайындар, ақ жүрек,
Жолың түссе, басына бар, тағзым ет.
Асылзат: Қазақстан Президентінің жарлығы бойынша Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы желтоқсанның 9-ында «Халық қаһарманы» атағы беріліп «Алтын Жұлдыз» тапсырылды.Алматы, Семей қалаларының орталық үлкен көшелерінің бірі Қайрат есімімен аталды.
Ұлжалғас: Жетісай қаласында орталық мәдениет –демалыс паркіне Қайрат есімі берілді. Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі.
Диана: Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал болдық. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жолындағы үдерістің дамуына жол салып берді.
Ән. «Ризамын» 4 «Ә» сынып қыздары.
Асылзат: Қадірлі қауым! Осы бір жан тебірентер сәтте туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен Желтоқсан құрбандарын еске түсірейік.
Ұлжалғас: Желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп еске алу парызымыз.
Диана: Қазақ халқында «Өлінің рухы разы болмай, тірі байымас» деген қағидалы сөз бар. Желтоқсан құрбандарына арналған бір минуттық үнсіздік жариялаймыз.
26-оқушы:
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр –әнім,
Ел іргесі берік болсын – ұраным.
Тәуелсіздік – өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім – қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?
Тәуелсіхдік – ар –ожданы кісілік.
27-оқушы:
Адамға адам жолдас, бауыр туыс бол,
Ел-жұртыңның алма құнын түсіріп!
Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,
Біз өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным.
28-оқушы:
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік – ақ батасы атаның,
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр-әнім.
4 «Б» сынып оқушысы Нұрсұлтан Асқардың орндауын ән «Көк тудың желбірегені» (Қазақстанның қалалары туралы ролик көрсетіліп тұрады)
Асылзат: Осымен «Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты тәрбие сағатымызды аяқтай келе мыналарды есте сақтауларыңызды керектігін айта кетейік.
Ұлжалғас: Басшының сырттан әкелінуі. Бұл бейбіт шерудің күшпен басылғандығы.
Диана: Сот, үкімет 99 адамды арнайы жазалады, соның ішінде екі адам жазаның ең жоғары түріне кесілді.
Мұғалім: Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын дей отырып «Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тәуелсіздіктің 24- жылдығы құтты болсын!
[bws_related_posts]