Басы » Бала бақша » Достығымыз берік болсынбет 72

Достығымыз берік болсын

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№5 ОЖББМ «Өркен» шағын орталығының тәрбиешісі

Тлеккабулова Нұрғаным Бауыржанқызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Көркем әдебиет»

Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»,«Шығармашылық», «Қатынас». Тақырыбы: «Достығымыз берік болсын»

Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсінік беру. Өзара сыйластыққа, бір-біріне көмек көрсетуге, қолдауға, қамқорлық жасауға баулу. Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау, әңгімелеу қабілеттерін дамыту: Тәрбиелік: Сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, ойын, шығармашылық жұмыс, суретпен әңгіме құрау арқылы топпен жұмыс. Қажетті көрнекі-құралдар: интерактивтік тақтадан түрлі суреттер, Сөздік жұмыс: адал дос, достық, татулық. Қостілді компонент: дос-друг, достық-дружба, сыйластық-уважение. Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті: Балалардың іс-әрекеті: Мотивациялық қозғаушы: Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, Бүгінгі оқу іс-әрекетіне қош келдіңіздер! Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болады. Сәлемдесу тәрбиенің басы демекші, алдымен қонақтармен сәлемдесіп алайық. (Сәлеметсіздер ме?) хормен Біз топта бәріміз бірге тұрамыз. Біз достармыз. Бізді бір отбасы деп атауға болады. Осы достығымызды білдіріп, үлкен шеңбер құрайық. Шеңберіміз неге ұқсайды? – дөңгелекке Дұрыс айтасыңдар. «Дөңгелек» татулықтың, достықтың белгісі. Достарды біз қолдаймыз. Қиын шақта қорғаймыз. Әрқашанда достар мен Бірге жүріп ойнаймыз. Кіріспе бөлім: Балалар, бүгін біз достық жайында әңгімелесеміз. Сұрақ-жауап: Балалар, сендерге жалғыз ойнаған ұнайды ма? — балалар жауаптары. Неге?, Кіммен ойнағанды ұнатасыңдар?- достармен Дос дегенді қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады. Слайд бойынша суретпен жұмыс: Достық. Достық-адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынас. Достар ешқашан бірін-бірі ренжітпейді. Басыңа қиыншылық түскенде қасыңнан нағыз дос қана табылады. Қажет кезде дос көмек береді. Тату-тәтті ойнасаңдар бір-біріңе сыйлы боласыңдар. Досы бар жан бақытты. Демек досты ешқашан сатпау керек, бірге күліп, бірге ойнау керек, сыйлап қадірлей білу керек. Балалар сендерге ертегі ұнайды ма? — Балалар ертегі ұнады ма? — Иа — Ендше қазір бәріміз, «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін тыңдаймыз. — Не түсіндіңдер ертегіден? — Қарлығаш қандай құс? — Қарлығаш неге ренжіді? — Дәуітпен қалай достасты? (балалардың жауабы) «Жүз ақшаң болғанша, Жүз досың болсын» «Доссыз адам, тұзсыз тағам» дейді. Сол себепті дос өмірдегі керек адам. Сергіту сәті: Достар бірге жүреміз (қол ұстаса айналады) Бірге ойнаймыз күлеміз( бір-біріне қарап күлу) Бірге балық аулаймыз (қолдарын алға созу) Міне, біздер қандаймыз! (қолдарын жоғары созу) Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз. Балалар қазір біз екі орталыққа бөлініп тапсырмалар орындаймыз. 1-орталық: «Қатынас» саласы Достық тақырыбында бейнеленген суреттерге қарап әңгіме құрау. 2-орталық : «Шығармашылық» Балалар өз достарыңның немесе достарыңа сыйлағыларың келетін сыйлықтың суретін салыңдар. Достық туралы қандай мақал, тақпақ білеміз: 1.Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас. 2 Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. 3.Жігіттің жақсысын досына қарап таниды. 4.Құстың күші қанатында, Адамның күші достықта. 5.Жақсы жолдас жанға серік, Жаман жолдас малға серік. Тақпақтар: 1.Бала, бала, баламыз. 2. Жақсылыққа бақытқа, Бақшамызға барамыз. Талпынған әр уақытта Барлық бала дос болып, Бала біткен дос бауыр, Ойнап асыр саламыз. Болмасын еш тосқауыл. 3.Достықты біз ойлаймыз. Қиын шақта қолдаймыз. Әрқашанда достармен Бірге жүріп ойнаймыз Рефлексия: -Балалар, біз не туралы әңгімелестік? — Көңіл-күйлерің қалай? Бүгінгі оқу іс –әрекеті ұнадыма? Көңіл-күйіміз жақсы, бүгінгі оқу іс әрекетіміз ұнады десеңдер, мына смайлктерді белгілейміз. Жүректен жүрекке шеңбері: Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлығың белсене қатыстыңдар, Бір-бірімізге жылы лебіз, тілектерімізді білдіріп, достасып жүрейік. Біздің достығымыз үзілмей, шексіз бола берсін деп бүгінгі оқу іс-әрекетімізді «Дос болайық бәріміз» әнімен аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *