Басы » География » Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы

Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы

    Абу Айдана1 курс магистрант Абай атындағы ҚазҰПУ

  Мақалада мектеп географиясын оқытуда оқушылардың практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы қарастырылады. География ғылымының даму кезеңдері көрсетіледі. Экономикалық география курстарында орындалатын зертханалық сабақтар үлгісі көрсетіледі.

Түйін сөздер: География ғылымы, Экономикалық география, Конструктивті география

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында келесі жағдайды атап өтті: «Заманға сай білім беру жүйесінсіз және де кең, ауқымды деңгейде ой ұштастыра алатын осы заманғы білікті мамандарсыз біз инновациялық экономика жасай алмаймыз. Сондықтан ұлттық білім берудің барлық сатыларында сапа деңгейін көтеру бағытында бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Оқушыларға білім берудің нәтижесі ретінде олардың ұшқыр ойлау, өзіндік ізденіс және ақпаратты  терең талдау қабілеттерін меңгеру танылу керек». Сонымен қатар, қазіргі кезде білім берудің мазмұны мен құралдары жаңартылуда. Оқулықтар және қағаз түріндегі оқу құралдарымен қатар олардың электрондық нұсқалары шығарылуда. Көрнекілік құралдары өзгертіліп, оқу құралдары тиімді түрге өзгертілуде, және де бұл пәнді әр түрлі деңгейде меңгеруге мүмкіндік беріп отыр. География ғылымы өзінің даму жолында үш кезеңнен өтті.

  1. Баяндаушы (описательный) кезең.
  2. Түсіндірмелі (объяснительный) кезең.
  3. Қазіргі конструктивті өзгертуші (конструкгивно-преобразовательный) кезең.

Конструктивті география — табиғат пен қоғам арасындағы әрекетті түсіндіретін, табиғатты ұтымды пайдалану жолдарын қарастыратын бағыты. Географияның бұл бағытын зерттеген ғалымдарға И.Г.Герасимов, B.C. Преображенский, В.В. Максаковский, В.М. Лаппо, т.б. жатады. Конструктивті географияның зерттеу сферасы бүгінгі танда кешеңді физикалық географиямен тығыз байланысты. бұл дәстүрлі жоспарлау алдындағы картографиялау және табиғи ландшафтардың инвентаризациясы (тізімге алу), олардың қайта өзгеруі, қолданылуы, сақталынуы, территориялық жіктелу іс-шаралар сияқты негіздері. Кейінгі кезде географтар тораптар, қалалар, рекреациялық аудандар, табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйесін жобалауға арналған көптеген әдістемелер, нұсқаулар, кепілдемелер, нормалар және ережелер әзірлеуге кірісті. Мұндай жобалаудың мысалы ретінде табиғатты қорғаудың аймақтық кешенді сызбанұсқаларын қарастыруға болады. Конструктивті географиялық зерттеулерде маңызды орынды бағалау алады. Кез келген шаруашылық іс-әрекеті үшін геожүйенің пайдалылық дәрежесін анықтауды технологиялық бағалау деп атайды. Мұндай бағалау географиялық жоспарлау мен жобалауда кеңінен қолданылады. Антропогеңді әсер етудің салдарына қатысты экономикалық және экономикадан тыс бағалау бар. Экономикалық бағалау деп экономикалық іс-әрекет ауқымындағы салдарды бағалауды, сондай-ақ түрлі салдардың бүтіндей айқындалуын (мысалы, шығынның алдын алу немссс орнын толтыру, адам денсаулығын, табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалған шығын) түсінеміз. Түрлі әрекеттерде пайда болатын салдардың экономикадан тыс бағамы бағалаудан басқа (аурудың көбеюі немесе азаюы) кез келген түрде анықталады. Ол әлеуметтік, медициналық, биологиялық және биоэкологиялық салдарды қамтиды.

Географиялық жоспарлау мен жобалаудың барлық кезендері үшін географиялық болжаудың рөлі зор. Болжау — географиялық жүйелердің болашағы, олардың негізгі қасиеттері мен ауыспалы күйлері туралы ғылыми ұсыныстар. Болжау болжанатын геожүйелердің тарихын білу мен оның болашақ даму тенденцияларының сараптамасына негізделген. Қазір болжау тәжірибесі гидрология, метеорология және климатология сияқты гсографиялық ғылымдарда кеңінен тараған. Олар геофизикалық үрдістерді сандық анализге негізделген әдістер жүйесін құрайды. Географиялық болжау практикасына аса қажет кешенді болжау әдістері, яғни болашақ табиғи кешендер, аймақтық өндірістік кешендер, аймақтық жүйелердің даму болашағын алдын ала айту. Болжауды құруда жалпы географиялық зерттеулер мен (салыстырмалы, тарихи және т.б.) қатар жеке әдістер де қолданылады, мысалы аналогиялар (ұқсастық) әдісі мен экстраполяциялық әдісі. Математикалық модельдеудің жаңа әдістері маңызды болып келеді. Болжау жасау үшін кең әрі нақты ақпарат қажет. Сондай-ақ болжанатын геожүйелердің элементтерінің арасындағы байланысты жетік білу, олардың өзгеру зандылықтарын да жақсы білу қажет. Соңғы жылдары географтардың айрықша зейіні мониторинг жүйесін жасауға, яғни, геожүйелердің жағдайларын бақылау мен бағдарлауға бағытталып отыр. Мониторинг деректері жобаланған, жоспарланған сипаттамалардың даму жүйесінің қатты ауытқуларын уақытында байқауды немесе оның қызмет ету режиміндегі қауіпті бұзылуларды дер кезінде анықтауға арналған. Жүйеге әсер ететін факторлар деректері мұндай ауытқулардың себебін табуға немесе ұсыныс жасауға мүмкіндік береді. Бүгінгі танда жер бетіндегі болып жатқан өзгерістерге, экологиялық апаттарға әсер етуші басты фактор — антропогендік фактор. Ландшафтқа антропогендік әсердің артуына байланысты ландшафтанушылардың алдында тек теориялық-методологиялық жағынан емес, табиғатты дұрыс пайдалану мәселесі қойылып отыр. Қазақстан жерінде антропогендік әсерлер салдарынан Ландшафтың табиғи келбеті түбегейлі өзгеріп, ландшафтаралық ішкі байланыстар бұзылуда. Ландшафтаралық байланыстардың бұзылуы адам өміріне, оның денсаулығына, жергілікті жер климатының өзгеруіне әкеліп, экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Бұл өз кезегінде қоршаған ортадағы табиғи кері әсерлердің күрт өсуіне, топырақ эрозиясына құм көшуіне, олардың тұздалуына, жайылымдардағы өсімдіктер жамылғысының күрт нашарлауына және т.б.жағдайларға әкелді. Мұндай ауыр экологиялық жағдайдың қалыптасуы, негізінен, бұл жерлерде антропогендік әсерлердің шамадан тыс дамуының нәтижесінде, соны мен қатар табиғатты үнемді пайдаланудың ғылыми тұрғыдан қарастырылмауы, ауыл шаруашылығының күрделі де тез дамып отырған салаларына және де кен өндіруде интенсивті жолдың дамуын дұрыс баға берілмеуінен болып отыр. Сондықтан біз жер ресурстарын бағалаудың ландшафтық-экологиялық тәсіліне көңіл бөлуіміз керек.

Қазіргі кезде география пәні мұғалімдерінің өз жұмысында көпте тен оқытудың техникалық құралдарын және оқушылардың өмірін (теледидар, радио, газет-журнал арқылы күнделікті келіп отыратын мәліметтерді қолдануына мүмкіншіліктері көп. Сонымен қатар, басқа да көрнекілік құралдары мен формалары ығыстырылып қалады. Aл географиялық білімді меңгеру барлық көрнекілік құралдар мен мүмкіндіктер үйлесімді қолданылған жағдайда ғана сәтті болады.

Осы орайда оқытудың тиімді құралы ретінде сандық көрсеткіштерді айтуға болады. Географияға байланысты нақты деректер келтіруде кез келген аймақтың халық санының орташа тығыздығын, қаңтар мен шілде айла рының орташа температураларын анықтауда, биікгік бойынша қысым ылғалдылықты анықтауда, түрлі елдердің шаруашылық салаларының дамуына салыстырмалы сипаттама беруде, т. б. көптеген мәселелерге байланысты нақты көрсеткіштер келтіруде сандық көрсеткіштердің алатын орны зор. Көп жағдайда сандық көрсеткіштер оқушылардың өз бетімен географиялық ұғымдарды түсінуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар түрлі қима, диаграмма, графикгерге талдау жасай отырып, әр түрл мәселелерге қорытынды бере алады.

Мектепте оқытылатын физикалық және экономикалық география пәндері бойынша қолданылатын сандық көрсеткіштерді жалпы тері топқа бөліп қарастыруға болады.

  1. Жекеше кездесетін сандар — тонна, шақырым, киловатт-сағат пайыз сияқты, т. б.
  2. Шығарылатын кейбір қарапайым есептер.
  3. Диаграмма, график, қима, картограмма, картодиаграммаларды сызу арқылы берілген сандық көрсеткіштер мөлшері.
  4. Әр түрлі мәселені топтастыръщ көрсететін статистикалақ кестелер.

Сандық көрсеткішпен жасалатын жұмыстың бірінші тобына мысал келтірейік. Қазақстан табиғат ресурстарына өте бай ел. Оның жер қойнауында Меңделеев кестесіндегі 110 элементтің 99 бар екендігі анықталған. ТМД-дағы хромның — 94,2 %, бариттің — 81,7 %, фосфориттің-64,7 %, молибденнің — 29,3 %, мыстың — 28,4 %, бокситтің — 22,1%. асбестің- 20,1 %, марганецтің — 13,0 %, көмірдің — 11,9 % қоры республика үлесіне кіреді. Индонезия жылына 4,5 мың тонна шай жинаса, Үндістан 375 мың тонна, Цейлон 220 мың тонна, Қытай 150 мың тонна шамасында шай жинайды екен. Сандық көрсеткішпен жұмыстың екінші тобы география курстары бойынша шығарылатын қарапайым есептерге тоқталамыз. Мысалы. жер шары жалпы 360°-қа бөлінген болып есептеледі. Егер жер шары өз бөлігінен 24 сағатта бір айналатын болса, бір сағатта 15°-қа жылжиды.

Сарамандық жұмыс

Мен өз әріптестеріме 9-сыныптағы «Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары» деген тақырыптағы сарамандық жұмысты өткізудегі өз тәжірибемді ұсынып отырмын. Сарамандық жұмыста белгілі бір аумақтың халқының тығыздығын анықтау және Қазақстанның ұлттық құрамының кестесін пайдаланып, диаграмма құрастыру жұмыстары жүргізілді. Сабақта оқушылардың теориялық білімін одан әрі кеңейту, Қазақстан халқының саны, ұлттық құрамы, көп ұлтты мемлекет екендігі және орналасу тығыздығы туралы білімдерін толықтыру мақсат етіп қойылды. Сонымен катар, статистикалық материалдарға талдау жасау, қорытынды шығара білу, графиктер мен диаграмма құрастыру, демографиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастыру тәсілдері сабақтың дамытушылық әрекеттеріне орайластырылып отырды. Сабақ тарих, математика, әдебиет пәндерімен өзара байланыста етті.

Көрнекілігі.

  1. Е.Ахметов, Н.Кәрменова, Ш.Көрімбаева, Б.Асубаев. Қазақстанның экономикалық және әлеуметгік географиясы.
  2. Т.Казановская, И.Ульяшева, т.б. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Әдістемелік нұсқау.
  3. Т.Казановская, И.Ульяшева, т.б. Жұмыс дәптері.
  4. Е.Қаженбаев. Географияны оқыту әдістемесі.
  5. География және табиғат. №3, 2003.
  6. Ұйымдастыру. Сыныпты топқа бөлу.
  7. Қызығушылығын ояту. «Миға шабуыл».
  8. Оқушылар, Қазақстан туралы не білесіндер?
  9. «Демография» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Осы сұрақтар жайлы бір-біріңмен ой бөлісіп талқыландар, пікірлесіндер. Әр топ өздерінше талдап болған соң, көшбасшыға сөз береді.

1 топ.

Білім алу мен икемділікті қалыптастыруғa арналған тапсырма           Нұсқау

  1. Картаны сипаттау жоспарын пайдалана отырып, «халықтар тығыздығы» атты картаға талдау жаса. Атлас, оқу-лық. 13-бет,

Шығармашылық деңгей.

Мақсаты. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу:

а) 1-диаграммада берілген мәліметтерді пайдаланып, — 1989 және 1999 жылдардағы халық санағын салыстырып, халық санының азаю себебін түсіндіріңдер;

ә) халық санының өсу динамикасы кестесіне талдау жасандар және статистикалық мәліметтер бойынша диаграмма құрыңдар;

б) қала және ауыл халқының арақатынасы туралы өз ойыңды айт. Ол қалай өзгерген, қаңяай себептерге байланысты. Кестедегі дерекгер бойынша диаграмма құрастыр.

Қолдарыңнан келе ме?

Қазақстан халқының тығыздығы картасы бойынша халықтың ең тығыз жене ең аз қоныстанған аудандарын анықтау.        Оқулық.

12-бет.

Жұмыс дәптері.

1-кесте.

12-бет.

1-кесте.

Атлас, оқу-лық. 13-бет.

2 топ

Білім алу мен икемділікті қалыптастыруға арналған тапсырма           Нұсқау

2-Диаграммаңы пайдалана отырып, халықтың қай салада көп жұмыс істейтінін анықтап, оның себебін түсіндіріңцер.           Оқулық.

17-бет.

Шығармашылық деңгей.

Мақсаты. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу.

а) 2-кестеде берілген мәліметтерді пайдаланып, адамдардың орташа өмір сүру жасының ұзақтығын диаграмма түрінде көрсет;

ә), 3-кестедегі деректерді пайдаланып, халықтың жас ерекшелігі бойынша халық санының диаграммасын құрындар;

б) осы диаграммаға талдау жасаңдар.

Қолдарыңнан келе ме?

  1. Кестедегі деректер бойынша өз облысымыздың, ауданымыздың, ауылымыздың халқының өзгеруіне талдау жасан, диаграмма құрастырыңцар. Оқулық.

12-бет.

Жұмыс дәптері

2-кесте.

13-бет.

3-кесте.

13-бет.

Кесте.

3 топ

Білім алу мен икемділікті қалыптастыруға арналган тапсырма           Нұсқау

Астана мен Алматы қалаларына салыстырмалы сипаттама беру.       Оқулық.

174-бет.

15-кесте.

Шығармашылық деңгей.

Мақсаты. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу.

а) 15-кестедегі мәлімеітерді пайдалана отырып, халықтың ұлттық құрамы туралы және оған әсер ететін себептер туралы өз ойыңды айт;

ә) 15-кестедегі деректерді пайдаланын, халықтың ұлттық құрамының өзгеруі туралы график құрастырындар;

б) Қазақстан Республикасындағы ішкі көші-қон динамикасы бойынша берілген мәліметтерге талдау жасап, қорытынды шығарыңцар.   Оқулық.

12-бет.

Жұмыс дәптері.

16-бет.

4-кесте.

Қолдарыңнан келе ме?

Кулагино селосының ұлттық құрамы туралы пікірлеріңді айтып, кестедегі дерек бойынша диаграмма құрастырыңдар.        Кесте.

Оқушының ой-өрісін дамытуға арналған тапсырма.

Қосымша әдебиеттермен және оқулықпен жұмыс «Ғалымдар не айтады?», «Жаңа терминдер».

Жаңа ұғым    Түсініктеме

Туу

Өлім-жітім

Табиғи өсім

Вңбек ресурсы

Миграция

Эмиграция

Агломерация

Атлас, кескін картамен жұмыс.

  1. Кескін картаға:

а) 300 мыңнан 1 млн-ға дейін тұрғыны бар; ә) 100 мыңнан мыңға 200 дейін тұрғыны бар қалаларды белгілеу.

  1. Халықтың ең сирек және ең тығыз орналасқан аймақтар белгілеу.

Үйге оқулықтағы §3, 4 тапсырылып, оқушыларға сабаққа қатысқанына байланысты баға қойылады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *