№4 Шонжы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Илипбаева Венерям Кулжаевна
Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептерді қайталау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, білім, білік, дағды әрекеттерін арттыру.
Сабақтың міндеттері:1.Қозғалысқа берілген есептерді шығару, оқушыларды өзіндік тексеру жұмысына дайындау, есеп шығару дағдысын қалыптастыру.2.Оқушылардың өз бетінше ойлау қабілетін, өз бетімен еңбектену сезімдерін дамыту. 3.Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, орманға саяхат
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс
Көрнекілігі:слайдтар мен интерактивті тақта
Сабақтың оқыту технологиясы: дамыта оқыту технологиясы элементтері
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушыларды сабаққа дайындау;
- сабақтың мақсатымен таныстыру.
2.Өткенді еске түсіру, үй тапсырмасын сұрау:
а) қандай жылдамдықтармен таныстық;
ә) қашықтық, жылдамдық, уақытты табу формуласын еске түсіру.
3.Өткенді қайталау, жаттығу жұмыстары:
Қысқы орманға саяхат.
Аңдарға көмек
№1.Тиінге көмек
1-топ.Шешуі: 20:(5+15)=1сағ Жауабы:1сағ
2-топ.Шешуі: 380-(60*5)=80км/сағ Жауабы:80км/сағ
№2. Аюға көмек
1-топ.Шешуі:196000:(6+4)=19600 Жауабы:1портрет 19600тг
19600*6=117600
19600*4=78400
2-топ.Шешуі:1890:(5+4)=210 Жауабы:1кг – 210тг
210*4=840
210*6=1050
№3.Бұғыға көмек
1-топ. а) 9999-1000=8999*3=26997
2-топ. ә) 999+1000=1999-1099=900:9=100
№4.Кірпіге көмек. Кестені толтыр
1-топ
Қосылғыш | 309072 | 500000 | 123456 | 21436 |
Қосылғыш | 42536 | 67009 | 753087 | 78564 |
Қосындының мәні | 351608 | 567009 | 876543 | 100000 |
2-топ.
Көбейткіш | 12090 | 7 | 3456 | 102050 |
Көбейткіш | 7 | 131413 | 8 | 8 |
Көбейтіндінің мәні | 84630 | 919891 | 27648 | 816400 |
№5.Түлкіге көмек. Ортақ есеп.
760009=700000+60000+9
№6.Суықторғайға көмек. Ортақ есеп.
А
О
М
В
К
4.Сабақты қорыту:
5.Бағалау.
6.Үйге тапсырма:
№10, 141-бет
Сабақтың презентациясын жүктеңіз
[bws_related_posts]