Жамбыл облысы Жуалы ауданы
Қызыларық ауылы
№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Миралиева Гүлзира
«Менің елім –Тәуелсіз Қазақстан»
Мақсаты: Елін, жерін , Отанын сүюге, өз елінің ұланы , патриоты болуға тәрбиелеу .
Мұғалім : Құрметті ұстаздар , келген қонақтар , оқушылар ! Тәуелсіздік күніне арналған » Менің елім –Тәуелсіз Қазақстан » атты мерекемізді бастауға рұхсат етіңіздер .
ХОР: Әнұран
Мұғалім:
Егеменді ел болып , тәуелсіздік алғанымызға биыл 25 жыл толып отыр толып отыр. Қазақстанның жаңа дәуірді қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі- Тәуелсіздік . Тәуелсіздік ел болғанымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатынын , өресі мықты , өрісі кең халық екенін бүкіл әлем біледі.
Түрлі тарихи кезеңдерде елдің бірлігі , жердің тұтастығы үшін төгілген қан , жосылған тердің қарымтасы қайтып , нелер арыс құрбандығына қиылған азат тұрмыс , тәуелсіз тірліктің гүлі енді ғана бүр жарып шешек атты. Тәуелсіздік … Осы бір ғана сөздің астарында қаншама қайғы — қасірет , қаншама жүрегі елім , жерім, халқым деп соққан , арыстандай айбатты , жолбарыстай қайратты , қырандай күшті қанатты жастарымыз бен ұрпағым деп қасықтай қаны , шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін , атамекен елі үшін жанын пида еткен ата бабаларымыздың рухы жатыр .
Тәуелсіздік — бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры .Бұл тәуелсіздік жетуге қаншама ғасырды бастан кешірдік . Туған жерімізде еркіндік орнату үшін бар жанымызды салып , болашаққа үлкен үмітпен қарадық . Азаттық ту көкте қалықтау үшін өткелі қиын бұралаң жолдардан өттік .Батырлығымыз бен жігерлігіміздің және рухымыздың жоғарылығының арқасында аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Берік:
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Ажар:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан – жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!
Санжар :
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Еркеназ :
Ел болып жатқан шақта қосып тілек,
Ойламан бақыт құсы кешікті деп.
«Тербелді Тәуелсіз күн, тал бесігі»
Бұл күнді жүруші еді-ау тосып жүрек.
Тәуелсіздік…
Осы бір бунақтары буын-буынымен бұлқынып тұрған сөз қазақ үшін «тәуекел» сөзімен пара – пар естіліп, шенесіп қалады. Ұлтымызға туа біткен түсінік емес, жүре біткен әлеуметтік ұғым. Біз үшін Тәуелсіздік – Ту, Тәуелсіздік – ауа, Тәуелсіздік – жер-су, Тәуелсіздік – ел дәулеті. Тәуелсіздік туы көтеріліп рәсімделген, дүниеге келген қазақ перзенті бүгін жиырма бес жаста . Әйтсе де, сол азамат мүлде басқа дүние, өзгеше ғалам азаматы. Осы жылдарда қазақ қазақ екенін түсінді. Қазақ қазақты таныды. Даналығыңды да, саралығыңды да, пенделігіңді де, елдігіңді де осы жылдарда таразылап үлгердік. Жер бетінде қазақ даласынан қылышын сүйретіп өтпеген басқыншылар жоқ шығар, сірә. Соңғы V ғасыр ішінде қазақ халқы азаматтың көтерілістерін басынан өткерді. Бұлардың қатарында тәуелсіздік үшін, туған жер үшін, туған тіл үшін туындаған күрестердің соңғы сатысы ретінде қалған 1986 жылдың 16 желтоқсаны да бар.
Мұғалім: Кәне, балалар, сол тарихи бейнеге шолу жасайық.(слайд)
- ХV ғасыр. Орта ғасырда тарихи оқиғалар орын алды. 1465 жылы Қазақ хандығы құрылды. Тарих сахнасына қазақ халқы шықты.
- ХVІІІ ғасыр. 1732 жылы Жоңғар шапқыншылары Қазақстан шекарасын басып кірді. Осы жылы Қазақтар «Ақтабан шұбырындыға» ұшырады. Сол жылды бейнелейтін «Елімай» атты зарлы, қайғы мен мұңға толы ән туды.
- ХІХ ғасыр. 1836-37 жылдары Ішкі Бөкей Ордасында шаруалар көтерілісі болды. Басшысы — Исатай Тайманов, қосшысы – Махамбет Өтемісұлы. Махамбет өз қолына қалам мен қаруды қатар ұстап, өз халқының қанаушыларына қарсы күресті.
- ХХ ғасыр. 1917- 1920 жылдардағы Азамат соғыс,
1930-32 жылдары ашаршылық жылы, 1937-38 жылдары репрессия, яғни жазықсыз жаланың құрбандарына айналды.
- 1941- 1945 жылдар. Ұлы Отан соғысы болды. Қазақ жауынгерлері фашизмге қарсы күреске аттанды. Батыр ұл –қыздарымыз: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов және 28 гвардияшы панфиловшылардың есімі елімізге танымал болды.
- 1945- 1965 жылдары Қазақстан экономикасының қалыптасуы, тыңжерлерді игеру. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш космосқа ұшу. Семей полигонында ядролық сынақтарда өткізу жылдары.
- 1970- 1985 жылдары тоқырау жылдары. Ежелден ақиқатқа толы азапты жылдар. 1986 жылы 16 желтоқсан күні Алматыда болған оқиға мұны тағы бір дәлелдегендей. Елімізде алғашрет қазақ жастары саяси және азаматтық талап – тілектермен бейбіт шеруге шықты.
Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күні қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.
Нұрдәулет:
Ерсұлтан:
Мен қазақпын
Ақмұра :
Күншаңырақты күміс отаудалам бар,
Сүйсініңдерсуретіңеқараңдар.
Туып-өскенОтаным –Қазақстан.
Күлімдеп гүлжайнаған Күншығыстан.
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата – бабам аңсап өскен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан.
Елжас:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе – тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы – құт, жері – дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: 4а- сынып оқушысы Болатбек Асылайдың орындауында Он алтыншы желтоқсан әнін қарсалыңыздар .
1.Аяулым
2.Ұлдана
3.Еркеназ
4.Ақжүніс
5.Назерке : Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, – деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз – өзінен жүрегім ән салады.
Биші қыздар биімен де үн қосты «қазақ» биі. Орындайтын 2 – сынып оқушылары.
Тәуелсіздік шежіресінен сыр шерту .(слайдпен көрсету)
1.Алина: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
ТоқсанбірдеПрезидентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақкиізге Нұрағаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.
Сағи:
1991 жыл 2 қазанда халқымыздың аяулы перзенті Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
Қарыны ақтүйенің ақтарылды.
Бар қазақ алақайлап атқа мінді.
Біз барып Байқоңырдан қарсы алайық,
Ғарыштан қайтып келе жатқан ұлды
Олжас: 1992 жыл 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшеболды.
Мүше болды Б.Ұ.Ұ –на белсенді,
Төл теңгеміз көтергендей еңсені.
Алғаш рет Ата заңға ие боп,
Нұрағаның бастауына ел сенді.
Бексұлтан : 1992 жыл 4 маусымда мемлекеттік рәміздерін бекітті.
Әнұран, елтаңбамыз енгенімен,
Тәуелсіздік ту көтеріп келгенмен.
Қазағым әлі күнге арманың көп,
Орнаған тәуелсіздік теңгеменен.
Диана: 1993 жыл 15 қараша күні ұлттық теңгеміз айналымға шықты.
Дүние, дөңгелеудей дөңгеледің.
Өзі тауып жатады ел керегін.
Қазақ қазақ болғалы қолға ұстаған
Құтты болсын ағайын теңгелерің.
Руслан : 1995 жыл 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
Енді міне өлген туым тірілді,
Әнұраным жалғап алған ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша кең төріме ілінді.
Ажар : 1996 жыл 16 желтоқсан Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.
1998 жыл 7 мамыр. Президент жарлығымен Ақмолақаласы Астана депаталды.
Ақ ордам менің Астанам,
Еңсесі биік басқадан.
Көркейеді күн санап,
Арқа төсі жас қалам
Қуаныш :
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Асылай:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ – дәулетім,
Болашағым, өнер – білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
4ә- сынып оқушысы :Қонысбай Нұрдәулеттің орындауында «Жаса, Қазағым » әні.
Мұғалім:
Тәуелсіздік несімен қымбат. Біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің басы — қасында тұрды .Бостандық, теңдік егемендік туын тікті , әлемдік қауымға терезесі тең , еңсесі биік қазақ ордасын енгізді.
Осы уақытта дейін қол жеткізілген барлық табыстар бір төбе болғанда, кешегі өркениеттін көшбасшысы атанып жүрген еуропалық елдердің аймақтық қауіпсіздікті сақтау үшін құрған ЕҚЫҰ-ға мүше болып табылатын барлық мемлекеттің басшылары саммитінің Астанада өткізілген жеке дара бір төбе табыс болады . Оның қаншалықты маңызды екендігінің тереңіне кәрі тарих қана бойлап бағасын беретін болады. Жалғыз-ақ осы оқиғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге үлгі айта алатын алып та көрнекті мемлекет болғандығы білінді. Ал Елбасы Нұрсұлдан Назарбаевтың саясат әлеміндегі ауыр салмақтылардың қатарына тұратынына және оның сөзі мен пікірін ұсынысын ешкім де көзге ілмей кете алмайтығына енді ешкім де шек келтіре алмас .
Айсұлу: Ол бізге қымбат- ата — бабаның рухын көтергені үшін.
Ерболат: Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін!
Олжас: Ол бізге қымбат — еліміздің қатарға қосып , әлемдік қауымға ендіргені үшін.
Құдайберген: Ол бізге қымбат — ата — тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді, қаз қатар тұрғызып «қазақ»деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін !
Бексұлтан : Ол бізге қымбат — «Отан» деп жүрегімізді соқтырғаны үшін , «Елім» деп елеңдетіп «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін.
3- сынып оқушылары Тақпақтар
Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 3 – сынып оқушысы (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
Мұғалім:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Менің елім –Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
[bws_related_posts]