«№ 4 Шонжы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбаева Зарина Корикбаевна
Пәні: Сауат ашу және жазу
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы сөздерді оқу мен жазуға уйрету.
Дамытушылық: Ц дыбысын қатыстырып жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Сауатты оқуға, әдемі жазуға, тазалыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекіліктер: Суреттер, электрондық оқулық, карточкалар, оқулықтар
Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралдарын қадағалау, назарларын сабаққа аудару.
II. Өткенді қайталау
Өткен әріптерді көрсетіп қайталату. Ең соңғы өткен әріпке тоқтала кету. Щетка сөзін тақтаға жаздырту. Дыбыстық, буындық талдау жасату.
Дыбыс деген не?
Әріп деген не? Өткен әріптерді көк және қызық карточкаларды көрсету арқылы дауысты дауыссыз дыбыстарды меңгергендігін анықтау.
III. Жаңа сабақты меңгерту
«Кім жылдам?» ойынын ойната отырып, жұмбақтың шешуін табу.
Циркуль сызған дөңгелектің ішінде
Цирк қызық балалар үшін де,
Қай әріптен басталған,
Екеуінің аттары?
Шешуі: Ц дыбысынан басталған.
Бүгінгі сабақта өтетін тақырыбымыз Ц дыбысы мен әрпі. Электрондық оқулықққа назар аударту. Сол оқулық арқылы балаларға сұрақ қою. Оқушыларға Циркульді көрсете отырып, күнделікті тұрмыста не үшін қолданатымызды әңгімелету.
Циркуль сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасату. Қандай дыбыстан басталатынын айтқызу.
IV. Оқулықпен жұмыс жүргізу.
1.Суреттегі атаулардың әрқайсысын шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
2.Оқушыларға оқулықтағы берілген сөздерді буындап, тізбектеп оқыту.
3.Тақтаға Цирк, концерт, цемент сөздерін жазғызу.
Сергіту сәті.
Ц әрпін санағышпен жаздыру
Дәптермен жұмыс.
Ц ц әрпінің баспа түрінің жазылуын меңгерту.
- «Тез ойла, жылдам тап» ойынын ойнату
Суреттерге қарап отырып, заттардың атқаратын қызметін табу
Сызады- циркуль
Жұмсақ- Цемент
Жүреді – Мотоцикл
Тақтадағы суретке қарап сөйлем құрату
VІ. Қорытындылау
—Сонымен, балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Ц дыбысыны байланысты қандай сөздер білдік?
-Ц дыбысы қандай дыбыс?
VIІ. Бағалау
Пәні: Айналаны қоршаған орта экология
Сабақтың тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды көктемгі құстармен таныстырып, оны күтіп-баптауға, аялауға, оларға мейірімділікпен қарауға үйрету. Сөздік қорларын молайту.
Дамытушылық: Тілін дамыту, табиғат арқылы адамгершілікке баулу және эколоиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.
Тәрбиелік: Құстар туралы білімдерін толықтыру, құстарға деген сүйіспеншілік сезімге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекіліктер: Құстардың суреті, ребус
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралдарын қадағалау, назарларын сабаққа аудару.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде табиғатта қандай ерекешеліктер болады?
-Көктемгі құстарды кім атайды?
— Осы құстар нені қорғайды?
-Ағаштар не үшін керек?
III. Жаңа сабақты меңгерту
Жұмбақ
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады
(Қарлығаш)
Тақтада ілулі тұрған қарлығаштың суретін көрсете отырып, қарлығаш туралы мәлімет беру . Қарлығаш-айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрі үшкір келетін, шағын денелі қара ала құс. Басқа құстардан айырмашылығы жемін ұшып жүріп ұстайды. Қарлығаш пайдалы құс. Ол шыбын-шіркейлерді жеп, шаруашылыққа пайдасын келтіреді. Қарлығаш адамның досы. Ол туралы аңыз да бар. Қарлығаш туралы ертегіні кім айтады?
Тақылдатып мазаны ап,
Ағаштарды тазалап
Ормандарды емдейді
Зиянкесті тазалар
(Тоқылдақ)
Тоқылдақ –ағаштарға ұя салады. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп өседі. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді.
IV. Оқулықпен жұмыс жүргізу.
Суреттерге қарап сөйлеп құрату.
- «Ұшты-ұшты» ойынын ойнату
VI. Сергіту сәті.
VIІ. Ребус шешу
VІІІ. Суретпен жұмыс
Балаларға тоқылдақтың суреті салынған қағаз таратылып, түрлі-түсті қарындашпен бояу тапсырылады.
VІ. Қорытындылау
—Сонымен, балалар, бүгін қандай құстармен таныстық?
-Құстарға байланысты қандай ертегі білдік?
— Көктемгі құстардың басқа құстардан айырмашылығы қандай?
VIІ. Бағалау
16.11.2015ж Сынып сағаты Тексердім__________
Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік ел мәйегі-тарихтың алтын дәйегі!
Сабақтың мақсаты: 1.Мәңгілік ел туралы шолу жасау, түсінік беру
2.Еліне қамқор болуға, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
3.Мәңгілік ел туралы білімдерін дамыту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
А) Сыныптың тазалығы көңіл бөлу
Ә) Сыныптағы оқушылардың толықтығын тексеру
Б) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Жаңа сабақ
Кіріспе бөлім
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстанның Республикасының президенті Н.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілі Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті,-деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық-«Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілі ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Мәңгілік ел дегеніміз-мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтенп беріп өзіндік қорғаныс саясатын ұстану.
Сабақты қорыту. мадақтау
[bws_related_posts]