№ 61 Жалпы білім беретін орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Калиева Ардак Сипатовна
Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік. Оқушыларды Е әрпінің таңбасымен, жазба түрімен таныстыру. Сөздерді буындап оқыту. Сөйлемдерге талдау жасау. Дыбыстық талдау жасау.
- Тәрбиелік. Табиғатты қорғауға, аңдар мен ағаштарға қамқорлық жасауға, жолдастарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
- Дамытушылық. Логикалық ойлау, көзбен көру, есту арқылы есте сақтау танымдық кабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ /саяхат сабақ/
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау,
Сабақтың көрнекілігі: орман бейнесі, , дауысты, дауыссыз дыбыстар үйшігі.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
- Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап
— Өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?(ң)
— Қане дыбыстайық (ң, ң, ң)
— ң дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
— ң дыбысына қатысты сөздер ойлайықшы. (аң,оң, тоң, жаңбыр, жаңғақ т.с.с.)
— Аң сөзін буынға бөлейік (1 буын)
— Жаңбыр сөзін буынға бөлейік (2 буын)
— Жа-ңа сөзін буынға бөлу. (2 буын)
— ң дыбысы нешінші буында естіледі? (2-ші)
— ң дыбысынан басталатын сөз бар ма?
Жаңа сабақ:
— Балалар осы орманның шетінде 2 үй бар екен. Төбелерінің бірі көп шатыр, бірі қызыл шатыр. Бұл үйлерде дыбыстар тұрады екен.
— Балалар неге шатырлары көк, қызыл деп ойлайсыңдар?
Себебі онда дауысты, дауыссыз дыбыстар тұрады./балалардың жауабы/
Қане бұл үйлерде қандай дыбыстар тұратынын айтып жіберейік, ол үшін өтілген дыбыстарды қай үйге орналастыру керек,маған көмектесіп жіберсеңдер.. Қандай дауысты дыбыстармен таныстық? (а,о,ы,у,ұ) .
Қандай дауыссыз дыбыстармен таныстық? (т,п,н,ғ,л,р,ш,й,қ,м,д,б,с,ж)
[bws_related_posts]