Басы » Информатика » Құжатқа диаграммаларды кірістіру

Құжатқа диаграммаларды кірістіру

 Қызылорда облысы
Шиелі кенті

 №46 А.С.Пушкин атындағы мектеплицейі 
Мұғалімнің атыжөні: Архарова Алтынай Бахитжановна
Сабақтың тақырыбы: «Құжатқа диаграммаларды кірістіру«

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: MS Word-тың ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ жайлы түсінік беру;

Дамытушылық: Диаграммалар құра білуге, диаграмма түрлерін ажырата білуді үйрете отырып, танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды топпен жұмыс жасауға, тиянақтылыққа, дербестікке баулу және өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: ашық сабақ

Сабақтың  типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың  әдісі: көрсету, баяндау, үйрету

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ноутбуктер, презентация, карточкалар, тест тапсырмалары

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Өткен тақырыпты қайталау

2.1  Өткен тақырыптан сұрақтар қою

ІІІ Жаңа сабақ

3.2  Графикалық объектілерді және диаграммаларды кірістіру

ІV Практикалық  жұмыс

4.1Компьютерде MS Word мәтіндік процессорында берілген үш деңгейлі тапсырманы орындау

V Тест

VІЖаңа сабақты бекіту

6.1.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

6.2. Түртіп алу стартегиясын тексеру

VІІ Бағалау.

VІІІҮйге  тапсырма: Құжатқа диаграммаларды кірістіру

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу, командаларына ат беру

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау

  1. Мәтінді қалай баптаймыз?
  2. Рецензиялау дегеніміз не№
  3. Емле ержесі (правописание) қалай пайдалануға болады?

Диаграммаларды кірістіру

Word қосымшасында графикамен танысу

Құжаттың бетінде орналасқан негізгі элементтердің бірі графикалық бейнелер болып табылады. Word құжаттарында графикалық бейнелердің екі түрі пайдаланылады, олар – суреттер мен графикалық объектілер.

Басқа программалар жасаған файлдардан суреттер импортталады (Word программасынан басқа), ал графикалық объектілерді Word құралдары (кірістірілген графикалық объектілердің редакторымен) арқылы өз бетінше құруға болады.

Графикалық объектілер фигурадан, диаграммадан, блок – схемалардан, қисық пен түзу сызықтардан және WordArt  объектілерінен тұрады. Олардың кез келгені Word құжатының бөлігіне жатады. Олардың қасиеттерін әртүрлі түстер, жиектер, шекаралар және басқа эфектілер пайдалану арқылы өзгертуге болады.

Word суреттеріне графикалық объектілерді жатқызуға болады. Мысалы, фигура және сызықтардан тұратын графикалық объект сурет болып табылады.

  1. Жолақта Қою (Вставка) Диаграмма бөлігін басыңыз:

 

  1. Диаграмманың түрін таңдап, диаграмманы екі рет басыңыз.

 

 

  1. Пайда болған электронды кестеден По умолчанию собственными сведениями  деректеріне  ауыстыру

 

 

Диаграмма және графиктер құру

Word-соңғы жаңа версияларында OfficeArt  толық қолдауы қамтылған. Ол  Word-та көптеген PowerPoint және Excel-де бар фигуралармен жұмыс істеудің қосымша мүмкіндіктерін пайдалануға болады дегенді білдіреді. Пайдаланушы жұмысты тездету және пішімдеуде үнемділікті қамтитын фигуралардың қосымша типтерін және көптеген құралдарын таңдауына болады. Word-та графиктер мен диаграмма салу мүмкіндіктері бар.

Word-та диаграммалармен байланысты мәліметтерді басқару үшін келесі әрекеттерді орындау қажет.

  1. Word құжатында диаграмма орналасатын жерді шертіңіздер.
  2. Кірістіру (Кірістіру)қосымшасында Иллюстрация тобында Диаграммапунктін таңдаңыздар.
  3. Диаграмманы кірістіру (Вставка диаграммы) диалогтық терезесінде диаграмманы шертіңіздер және OK батырмасын басыңыздар.

Жеке терезеде ұлгі ретінде берілген мәліметтермен OfficeExcel ашылады.

  1. Excel парағындағы ұяшықты шертіңіздер, қажетті мәліметтерді енгізу үшін уақытша мәліметтерді ауыстырыңыздар.

Сонымен қатар А бағанындағы осьтар жазуын және жолдағы легенда элементтерірінің аттарын да ауыстыруға болады.  Word-тағы диаграмманың парағы жағартылғаннан кейін ол автоматты түрде жаңартылады.

  1. Excel-де Microsoft Officeбатырмасын басыңыздар және Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдаңыздар.
  2. Бумалар тізімінде Құжатты сақтаудиалогтық терезесінде жұмыс парағын сақтау үшін буманы немесе дискіні таңдаңыздар.
  3. Парақты жаңа бумада сақтау үшін Бума құру (Создать папку) батырмасын басыңыздар.
  4. Файл аты өрісінде жаңа файлдың атын жазыңыздар.
  5. Сақтаубатырмасын басыңыздар.
  6. Excel-де Microsoft Officeбатырмасын содан кейін Жабу (Закрыть) батырмасын басыңыздар.

Құрылған диаграммалар OfficeWord құжатына қойылады, ал диаграмма мәліметтерді Word файлына енгізілген Excel парағында сақталады.

Диаграмманың типін, мазмұнын, түсін өзгерту үшін Диаграммалармен жұмыс (Работа с диаграммами) қосымшасын іске қосамыз. Ол үшін бір рет диаграмманы және лентадағы Диаграммалармен жұмыс (Работа с диаграммами) қосымшасын шертіңіздер.

Сонымен қатар диаграмманы Excel-ден OfficeWord-қа көшіріп алуға болады. Диаграмманы көшіргенде ол статистикалық объект немесе кітаппен байланыста болып енгізіледі. Пайдаланушы қолжетімдігі бар байланысты диаграмма үшін диаграмма ашылған сайын өзгерісті байланыстырылған кітапқа автоматтық тексеруді орнатуға болады.

Ұйымдастырылған диаграммаларды және сұлбаларды Office-тің макеттері арқылы кірістіруге болады. Кірістіру – SmartArt (Вставка —  SmartArt ).

SmartArt суреттерімен жұмыс – Конструктор (Работа с рисунками SmartArt — Конструктор) қосымшасы арқылы пішімдеудің әсерлер стилі коллекциясын жіне тақырыпқа сәйкес автоматты түрде бапталатын түстік нұсқаларды табуға болады.

Ол қосымшада қажетті белгілеуді таңдау үшін белгілеулер коллекциясы да бар, қажетті сұлбаға бір рет шерту арқылы таңдайсыздар. Алдында енгізілген мәліметтер автоматты түрде жаңартылады.

Графикалық фигуралар үшін енгізілетін мәтін SmartArt графика кірістірілгенде мәтіндік аймақ автоматты түрде бейнеленеді де Enter пернесі басылады. Жаңа фигураны қосу үшін маркерленген тізімдер сияқты фигуралар немесе мәтін арасында орын ауыстыру үшін TAB және SHIFT+TAB пернелері пайдаланылады.

Түйіндеме

—         Word құжаттарында графикалық бейнелердің екі түрі пайдаланылады, олар – суреттер мен графикалық объектілер.

—         Қосылған объектілердің олардың орналасу тәртібін өзгертуге, жоюға, безендіру стильдерін пайдалануға, мәтіндегі сурет орналасуын орнатуға болады.

Ұйымдастырылған диаграммаларды және сұлбаларды Office-тің SmartArt Кірістіру — SmartArt (Вставка —  SmartArt ).

—         Word-тың соңғы жаңа версияларында Word құжатында диаграмма орналасатын жерді шертіңіздер.

—         Кірістіру (Вкладка) қосымшасында Иллюстрация тобында Диаграммапунктін таңдаңыздар. Диаграмманы кірістіру (Вставка диаграммы) диалогтық терезесінде диаграмманы шертіңіздер және OK батырмасын басыңыздар.

—         Word-та фигураларды безендіретін дайын стильдер бар. Стильдер Пішім(Формат) қосымшасында Фигуралар стилі (Стили фигур) тобында орналасқан.

 

ІV. Практикалық  жұмыс. Компьютерде MS Word мәтіндік процессорында берілген үш деңгейлі тапсырманы орындау

А деңгейі

  1. Microsoft Word құжатын құрыңдар
  2. Үлгі бойынша мәтінді теріңдер
  3. Тақырыпты WordArt жазуымен көркемдеңдер

В деңгейі

  1. Қазақстанның демалыс орындары
  2. SmartArt объектісінің иерархия бөлімімен құру, әр бөліктің түсін өзгерту

С деңгейі

  1. Ең көп туристер болатын әлемнің 10 жері!Осы тақырыпты WordArt жазуымен көркемдеңдер
  2. Кестені сызасыздар

 

 

Елдер Саны
Франция 76,8
АҚШ 59,7
Қытай 55,7
Испания 52,7
Италия 43,6
Ұлыбритания 28,1
Түркия 27
Германия 26,9
Малайзия 24,6
Мексика 22,4
  1. Осы кестеге диаграмма құру

 

  V Тест

 

  1. Графикалық бейнелерге қандай объектілер жатады?

1.Импортталған бейнелер;

2.Фигуралар, диаграммалар, блок-схемалар, қисықтар мен түзу сызықтар және WordArt объектілері;*

3.Paint графикалық редакторында салынған суреттер;

4.Тек диаграммалар мен блок-схемалар;

 

  1. Кірістіру – Сурет (Вставка – Рисунок) командасы:

1.Құжатқа файлдан сурет қосуға мүмкіндік береді*

2.Пайдаланушының өзі жасаған суреттеріне арналған

3.Күрделілігіне қарай әртүрлі сұлбалар құруға мүмкіндік береді

4.MSOffise суреттер кітапханасына кірістірілген құжатқа суреттерді қосуға мүмкіндік береді

 

  1. Бірнеше объектілерді ерекшелеу үшін қандай пернелерді пайдаланады?

1.Ctrl*

2.Shift

3.Tab

4.Alt

 

  1. Диаграмманы кірістіру командасын көрсетіңіздер:

1.Түзету (Правка) – иллюстрация – диаграмма

2.Кірістіру (Вставка) — иллюстрация – диаграмма*

3.Түрі (Вид) -иллюстрация – диаграмма

4.Иллюстрация –Түзету (Правка) —  диаграмма

 

  1. SmartArt объектілерін қандай командалар арқылы кірістіруге болады?

1.Түрі (Вид) –SmartArt

2.Түзету (Правка) –SmartArt

3.Объект – SmartArt

4.Кірістіру (Вставка) – SmartArt*

 

 

 

VІ  Жаңа сабақты бекіту

  1. Мәтінге суретті қалай орнатуға болады?
  2. Құжаттың бетіне диаграмманы қалай кірістіруге болады?
  3. WordArt объектілерін не үшін қолданамыз?

 

Түртіп алу стратегиясы

 

«V»

Бұрыннан білемін

«+»

Жаңа ақпарат

«-»

Түсінбедім

«?»

Әлі де ізденгім келеді

 

 

     

 

VІІ  Бағалау.

7.1. Өз-өзіне баға беру, өз пікірлерін айту.

VІІІ  Үйге  тапсырма: Құжатқа диаграммаларды кірістіру

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *