Басы » Tәрбие сағаттары » Менің Отаным- Қазақстан

Менің Отаным- Қазақстан

Жамбыл облысы

Шу ауданы, Далақайнар ауылы                                                        Т.Әшімбаев атындағы ортамектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Раушан Даденбаева

Тақырыбы: Менің Отаным- Қазақстан

Мақсаты:Жас ұрпақты Отанын сүюге еліміздің рәміздерін қастерлеуге,бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп,туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Барша қазақстандықтардың мақсаты, мүдесі, тағдыры бір екендігін ұғындыру.Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы,

суреттер, мақалдар, нақыл сөздер мен шарлар, жалаушалар т.б.

Түрі: Тәрбие сағаты.

Барысы:Ұйымдастыру.

Бәрі бірге  Қазақстан- туымен тұғырлы.

                  Елтаңбасымен еңселі

                  Әнұранымен айбатты.

«Атамекен» әні орындалады.

Мұғалім:  Құрметті ата-аналар, қонақтар және оқушылар! Биылғы жаңа оқу жылында біздің елімізде көптеген  жаңалыққа толы жыл  болып отыр. Осыған орай бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан» деп аталады.

-Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?

-Қазақстан.

-Қазақстан жері қандай?

-Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай. (слайд арқылы суретті пайдаланамын)

-Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР-ның физикалық картасынан көрсету)

Біздің еліміз-жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет.Өрісі толы мал, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң-құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті. (слайдтан көрсету)

Жеріміз әлем бойынша үлкендігі жағынан 9-шы орында тұр. Біз осындай елде туып- өскенімізді мақтан ете аламыз.

    Қазақстандағы, яғни биылғы жылда қандай атаулы мерекелерді білесіңдер?

-Елбасы Н.Ә.Назарбаев «100 нақты қадам» ұлт жоспарын әлемдік бағдарлама деп атады.

-Қазақ халқы Ассамблеясының 20 жылдығы,

-«Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл»,

-«Мәңгілік Ел»-Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламасы.

Мұғалім: — Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылғы 6-мамырдағы үкіметтіңкеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асыратын 100 нақты қадамды белгіледі.

Жоспардың негізгі мақсаты: «аурудың сыртқы белгісін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды»,- делінген жарияланымда.

Жоспардың негізіне бес институционалдық реформа кірді:

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік және бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.(слайд арқылы)

  (Оқушылар қолдарында шар, жалаушаларымен тұрып, айтады)

-«Мәңгілік Ел» -бұл Қазақстанның барлық тұрғындарының басын біріктіретін құндылықтар. Олар: теңдік, еңбекқорлық, әділдік, білімге құштарлық.

-«Мәңгілік Ел» -бұл Қазақстандық Мемлекеттіліктің терең тарихын айшықтайтын жалпы халықтық идея.

-«Мәңгілік Ел» -бұл барша Қазақстандықтарды біріктіретін біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.

-«Мәңгілік Ел» -бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.

-Қазақ халқы Ассамблеясы туралы не білеміз?

-Қазақстанның үлкен отбасында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Ол біздің мемлекетіміздегі барлық ұлттардың татулығын, бірлігін нығайту мәселелерін шешеді.   (шаңырақ астындағы бақытты балалар)

-«Қазақ хандығының құрылғанына -550жыл»

-Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын ел көлемінде атап өткелі отыр.

— Керей мен Жәнібек құрған қазақ хандығы

-Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендері бойына келіп, Қазақ хандығын тұрғызды.Қазақ тарихындағы жаңа беттің ашылып, қазақ ұлтының қалыптасуы еді.

— Отанымызға арналған  өлеңдерімізге кезек берейік.

Оқушы:   Қазақстан-туған өлкем,

Жер көп пе, сендей көркем?

Көрсін деп күллі әлемге

Жалауыңды желге желпем.

 

Оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған туған жер, атамекен.

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді

 

  1. Отан дейміз кең-байтақ астананы

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

Оқушы: Отан — сенің ата — анаң,
Отан — досың, бауырың.
Отан — өлкең, астанаң
Отан — аудан, ауылың.

Оқушы: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
Оқушы: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
Оқушы: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
Оқушы: Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы,
Бесік боп тербеткен
Отаным – Қазақстан.
Оқушы : Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені, оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Мақал-мәтелдер айтады.

  1. Туған жердей жер болмас,
    Туған елдей ел болмас.
  2. Отан — қуат, отбасы шуақ.
    Жері байдың, елі бай
  3. Өзге елде сұлтан болғанша

Өзеліңде ұлтан бол.

Оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
Оқушы: Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Оқушы: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
өз қолыңмен аш маған.
Оқушы: Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,
Қажетіне өзгенің өлшемінің.
Айбарлы елдің ұлымын, айтаңбалы.
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Оқушы: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.
Оқушы: Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан
Шуақ шашқан сәулелі.

Оқушы: Бұлт баспасын күнімді

Тартылмасын өрісің

Биік ұстау туымды

Қасиетті борышым.

Оқушы:Біз жас ұлан-Отан ана өркені

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Қорытынды: «Ата – қоныс жер қымбат,
Туып — өскен ел қымбат», — демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.

«Мәңгілік Ел» болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!-деген Елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымызды аяқтаймын

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *