Қызылорда облысы
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектептің педагог –психологы
Арзахметова Лиля Базарбекқызы
Тақырыбы: Оқушылардың таным үдерістерін дамытуға арналған жаттығулар
Мақсаты: Топта жағымды қарым- қатынас орната отырып, оқушылардың таным үрдерістерін қалыптастыру, есте сақтау, ойлау, қиялды дамыту.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
І. «Көңіл күй» жаттығуы
Қатысушыларды шеңбер бойымен отырғызып өз есімі мен сүйікті ойынын айту. Көршісінің қолын қысып, үнсіз қол жылуын жіберу. Бір – бірінің көзіне қарап, күлімсіреп ойша жақсы көңіл-күй тілейді.
- «Кішкентай қоңыз» жаттығуы.
Мақсаты: Балалардың жаттығуларды орындау кезіндегі алғашқы сақтық пен үрейді түсіру, топтың белсенділік деңгейін арттыру.
Нұсқау: балалар бірінің артына сапқа тұрады. Жүргізуші топқа арқасымен қарап, қолтығының астынанан алақанын ашық күйңнде қалдырады. Жүргізуші баланың қайсысының оның қолына тигенін табу керек. (бет келбеті, қозғалысы).Жүргізуші дұрыс тапқанша жүргізіледі.
- «Бірдей заттарды тап» жаттығуы.
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, нысананы элемент бойынша салыстырып дамытуды жетілдіру.
Нұсқау: Балаларға екі түрлі суретке қарап алып, ондағы бірдей заттарды табу ұсынылады.Балалардың назары ұқсас заттың көлемінің әр түрлі болуына аударылады. Бірдей затты: қабырғадағы сурет, құс, бантик, кесе, шам, кітап, шахмат фигурасы, сызғыш, құм сағат, алма, гүл, үстел.
- «Білгіш» жаттығуы.
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын жаттықтыруға арналған ойын – жаттығуы.
Нұсқау: Оқушыларға сұрақтар қатары оқылады, және оның ішінде бір ғана дұрыс жауабы бар төрт нұсқа беріледі. Бала қай жауап дұрыс және оны түсіндіріп беруі тиіс.
- Менің анам өз қызынан үлкен…
а) ешқашан, б) жиі, в) кейде, д) әрқашан
- Көктем айы:
а) маусым, б) наурыз, в) ақпан, г) қыркүйек
- Сағатта:
а) 60 минут, б) 90 минут в) 30 минут г) 50 минут
- 1 метрде:
а) 10км б) 50см в) 100мм г) 100см
- «Жанды сурет» жаттығуы
Мақсаты: Оқушылардың қабылдау, қиял, ойлау қабілетін,заттың мағыздылығын ерекшелеу іскерліктерін дамыту.
Нұсқау: Балаларға жануар бейнеленген жолақ таратылып беріледі. Әр бала өз суретіне қарап, қандай да бір қимыл арқылы көрсете отырып, оны жандандырады. Қал,ан балалар не екенін табады.
- «Шарик пен магнит» ойыны
Мақсаты: Оқушылардың таным аймағын кеңейту.
Нұсқау: Балалар бөлмеде ары –бері еркін қозғалады. Сосын психолог сиқырлы сөз айтады: «Крибле, крабло, бумс!» Барлық бала ағаш шарикке айналуда. Бір – біріне соққан кезде «Тук» деген айтуылары керек. «Крибле, крабло, бумс!» Барлық бала резина шарикке айналуда. Балалар аяқ ұшымен секіріп, бір – біріне соқтығысқанда «Пум» деген айтуылары керек.
Психолог : «Крибле, крабло, бумс!». Барлық бала темір шарикке айнала бастайды. Балалар бөлме ішінде жүгіре бастайды, соқтығысқан кезде «Дон» деп айтады. Сосын психолог балалардың ішінен біреуін «магнит»деп айтады. Магнитке жақын тұрған екі оқушы тартыла түседі. Психолог: «Крибле, крабло, бумс!. Барлық бала қағаз шарикке айналды»,-дейді. Соғысқан бала «Ш-ш-ш» деген дыбыс шығарады. Соңында психолог: «Крибле, крабло, бумс!. Барлығыңды балаға айналдырдым!»,- дейді.
- Сабақтың қорытындысын шығару. Қоштасу.
Әрбір бала шеңбер бойынша осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын, келесі сабақта нені қалайтынын айтады.
[bws_related_posts]