Басы » Tәрбие сағаттары » Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегімізбет 62

Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз

тіл Қостанай облысы

Әулиекөл ауданы

Аққұдық ауылы

бастауыш сынып мұғалімі

Бегжанова Гульнара Кудайбергеновна

Тақырыбы:Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз

Мақсаты:Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі туралы түсінігін,оның қоғамдық    өмірдегі алатын  орнын,мәртебесі жайлы ойларын тереңдету.Соңымен бірге төңірегінде ой-өрісін қалыптастырып,қазақ тілінде таза,сауатты сөйлеуге,ойын ашық айтуға баулу.

Барысы:

Музыка ырғағымен шырақ ұстаған үш ана шығады.

1-ана:  Ұрпағым саған аманат,

Еліңді қорға жаулардан,

Бірлігіңнен айырылма,

Бірлікте бар қасиет-

Қалмаңыздар кепиет.

 

2-ана:  Ұрпағым саған аманат,

Тіршіліктің иесі-

Жер-Анаңды аяла,

Қазақтың жері кең дарқан,

Барлық ұлттқа сая-бақ.

 

3-ана:  Ұрпағым саған аманат,

Тіліңді сақта қорлатпа,

Анаңның тілін сорлатпа.

Қара құйғын келсе де,

Қара бұлтқа торлатпа,

Тіліңді сатпа,қорлатпа!

 

 

 

1-жүргізуші:

Ақылы кең аяулы аналарым,

От ауыз,орақ тілді даналарым.

Құттықтап «Қазак тілі» мейрамымен,

Тойымызға шықырады балаларың.

 

2-жүргізуші:

Балалар,құтты болсың тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдердің.

Кешегі анаң айтқан,бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

3-жүргізуші:

 

-Құрметті қонақтар,мұғалімдер мен оқушылар! Қазіргі кезде еліміздің түкпір-түпкіріндегі мектептерде,әрбір сыныпта Қазақстан  жерінде қанша ұлт болса соншама тілдің бар екендігін айқындап,құрмет тұтуда.

Тілім бар жерде-әкем бар,менің анам бар,

Тарихым бар,шежірем бар,данам бар.

Тілім бар жерде болашағым бар,бақытты,

Тілім бар жерде өзім де бармын,жараңдар!

 

( өлең щумақтарымен 2-сынып оқушылары)

 

  1. Қазақстан-Отаным,

Қазақ тілі-қазынам.

Қазақ жері-береке,

Ырыс бірлік-кені екен.

Бұзылмасын тыныштық,

Бейбіт өмір береке.

 

  1. Сүйемін туған тілді-анам тілің,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген тыныс үнін…

 

  1. Ана тілі біліп қой,

Еркіндігің,теңдігің.

Ана тілі біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

 

  1. Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

 

  1. Туған елім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім,мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім,мен де мәңгі өшемін

 

(      ән  «Ана тілі »)

3-жүргізуші:

-Тіл табиғаттың адамға берген сыйы. Әр халықтың,әр ұлттың өз тілі болады.

Жер жүзінде қаншама ұлт болса соншама тіл бар.Тіл тағдыры-ел тағдыры.Тіл қай ұлтта,қай елде болмасын қасиетті,құрметті.Өйткені тілсіз ел,қоғам болмайды. Тіл-халық байлығы,қазынасы.

( күй   «Көңіл толқыны»)

1-жүргізуші:

-Ана тілін білу,оның қасиетін түсіну басты парымыз.Ана тілін үйрену-бұл ұлы іс.

Әр кім өз тілінде сөйлеуге тырысу керек.

(өлең жолдарымен  1-3 сынып)

1.Ана тілі,дана тілім бақытым

Қазақ  тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын.

 

2.Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.

Сен болмасаң болар ертең күнім не?

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

Қазақ болып қалу үшін түбінде

 

3.Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

 

4.Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп,тірілді елім,

Аралыммен арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау-парызым бүгін менің.

( ән   «Елім менің »)

 

2-жүргізуші:

Ана тілі-әр халықтың өзінің төл белгісі.Адам өз ана тілімен бақытты болады.Өз халқының өткенін,тарихын,салт-дәстүрін білу үшін ана тілін білу  қажет.Өзінің ана тілін сүйген адам өзінің халқын сүйеді.Ал өзінің халқын сүйген адам өзге елді де сүйе біледі.

 

(ән « Туған елім »)

 

3-жүргізуші:

Қасиеттің ана тіл аз ба сенің,

Өзің барда ескірмес,тозбас елім.

Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали отты өлең жазбас еді.

 

1-оқушы

Ең бірінші бақытым-халқыь менің,

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса,мен бармын аянбаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

 

Ал екінші бақытым-тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедің.

Кей-кейде дүниеден түңілсем.

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

  • жүргізуші:

Қазақ  тілім-өз тілі,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым бақытым,дара тілім.

 

(    өлең жолдары    -шығармашылық  — Жанар апай)

 

2-жүргізуші:

Туған тілім-баба тілі,өз тілім,

Туған тілім-данам тілі,өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

 

(  « Қазақ  даласы»  би)

 

3-жүргізуші:Әр адамның  өз анасынан баска,

Жебеп тұрар,демеп тұрар арқада

Болу керек қасиетті төрт ана:

Барлығы бірге:

Туған жері-түп қазығы,айдыны

Туған  тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр салт-санасы,тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы…

(  ән «Өз елім»  )

 

1-жүргізуші:

Тіл-халықтың қазынасы.Тілді таза ұстап,қастерлеп,құрметтеуіміз қажет.

Алтын бесік-ағайын,жұрт туғаным!

Дос бөліссе қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық іс жүзінде Тіл заңын!!!

(    ән «Атамекен»  )

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *