Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
Аққұдық ауылы
бастауыш сынып мұғалімі
Бегжанова Гульнара Кудайбергеновна
Тақырыбы:«Бастауыш мектеп үрдісіндегі денсаулықты сақтау технологияларын еңгізу»
Адам ұрпағымен мың жасайды» — дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз — оқу.Надан жұрттың күні — қараң, келешегі — тұман, — деп М. Дулатов айтқандай, болашағымыздың тірегі — білімді ұрпақ.
Қазір республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдар өздерінің қалауына сәйкес кез — келген үлгі бойынша қызмет етуге мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибе негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Сондықтан, ұстаз- мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді.
Қазіргі кездегі білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі оқушыға терең білім мен тәрбие беруде оның денсаулығын сақтай отырып, дені сау, қабілетті тұлға қалыптастыру болып отыр.
Мектепте оқушы өзінің 11 жылын өткізеді. Ал мектепке келген оқушының денсаулығы жақсы, дене бітімінің мықты болуы шарт. Өйткені мектептегі жетістіктері дене дамуының, денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты .
Ендеше баланың денсаулығын сақтай отырып, жұмысқа деген ынтасын арттыруда, денсаулық сақтау технологиясының алатын орны ерекше.
Денсаулық сақтай отырып білім беру принципі – оқушының дене және психологиялық денсаулығын дамытып, нығайтуға жағдай жасайды.
Оны келесі құралдар арқылы жүзеге асыруға болады:
— денсаулықты сақтап оқыту;
— дененің дамуын арттыру;
— санитарлық- гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтау;
— салауатты өмір салтын насихаттау және т.б.
Денсаулық сақтау технологиясына негіздеп оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастыруды төмендегідей қарастыруға болады:
1) сабақты денсаулық сақтау принципіне сүйене отырып құру;
2) сабақта денсаулық сақтау техологияларын қолдану;
3) қозғалыс қоңырауларын ұйымдастыру.
Денсаулық сақтауға бағытталған сабақ құрылымының мынадай 4 тәртібін анықтауға болады:
сабақты дұрыс ұйымдастыру;
қабылдау іс-әрекетін қолдану;
оқушының жұмыс қаблетінің кеңістігін анықтау;
баланың ақыл-ойының жеделдігін бөліп тастау;
Баланың күнделікті сабақ оқуға жұмыс қабілетін төмендегідей сипаттауға болады:
— 1 сабақта — қалыптасады;
— 2,3 сабақта — ынтасы жоғары болады
— 4,5 сабақта — баланың ынтасы төмендейді.
Сондықтан мұғалім сабақ кестесін құрғанда осыған баса назар аудару керек.
Баланың сабақ барысындағы білім меңгеруінің жеделдігі келесідей:
— 5-25мин — 80%;
— 25-30мин — 60-40%;
— 35-40мин — 10%.
Бірінші сынып оқушысының ағзасы бірнеше кезеңнен өтеді:
— алғашқы 2-3 аптасы физиологиялық екпінде өтеді. Осыған байланысты қыркүйек айында балалар жаңа талаптарға бейімделе алмай көп ауырып қалады;
— келесі бейімделу кезеңі — тұрақсыз ыңғайлану. Бала ағзасы жаңа жағдайда өзіне жақын нұсқаны табады;
— бұдан кейінгі тұрақты ыңғайлану кезеңі басталады. Бала ағзасы жүктемеге аз күш жұмсайды.
Баланың денсаулығын сақтай отырып, білімді меңгертуде оқытудың келесі технологияларды сабақта күнделікті пайдаланамын:
тұлғаға бағытталған оқыту;
даралап оқыту;
проблемалық оқыту;
күштемей, ерікті оқыту;
диалогты оқыту.
Сабақта әрекет түрлерінің ауысуы (бір сабақта оқушының әрекеті ету нормасы 7-8 түрі болу керек. Мысалы: оқу, жазу, тындау, әңгімелеу, сұрақтар, сұрақтарға жауап, көрнекі құралдарды қарау, есептер шығару және т/б).
Бағдарлы нормасы — 7-10 минут. Оқыту түрлерінің саны: ауызша, көрнекілік, аудиовизуалды және т.б. Нормасы – 3-ден аз ауыспау керек.
Ауысу нормасы — 10-15 минуттен кем емес .
Баланың шаршауын болдырмай, көңіл күйін көтеріп сергітуде, ағзасының қажетті бұлшық еттерінің дамуына сабақ үстінде орындалатын сергіту сәттері үлкен роль аткарады. Сергіту сәттерін сабақтың 15-20 минуты өткеннен кейін тіпті қиын сабақтарда екі рет орындауға тура келеді..
Сергіту жаттығуларын орындауға 1,5 – 3 минут уақыт бөлемін. Кейбір жаттығуларды ән әуенімен орындаймыз. Сонда баланың көніл күйі де көтеріліп, сабаққа деген ынтасы артады. Баланың көңілді болуы оның қан айналымының айналуынада септігін тигізеді, көңілді күйде сабақты жақсы қабылдайды.
Р/с | Жұмыс формасы | Өткізу уақыты | Жауаптылар | Нәтиже |
1. | Табиғат аясында топ серуен ұйымдастыру | Каникул кездерінде, оқу жыл ішінде | Ата-ана, медбике, мұғалім | Дене шынығады |
2. | Денсаулық күнін , денсаулық аптасын, спорттық мерекелер | Оқу жыл ішінде | Дене шынықтыру пән мұғалімі | Ағза сауығады |
3. | Бастауыш сыныпта спорт секцияларын, үйірмелерін ашу | Оқу жыл ішінде | Дене шынықтыру пән мұғалімі | Денсаулығы нығаяды |
4. | Балаларды жазғы мезгілде сауықтыру лагерлеріне жіберу | Каникул кезінде | Мұғалім | Дем алады |
5. | Бастауыш сыныпта ақыл-кеңес аларлық денсаулық бұрышын ұйымдастыру | Оқу жылы ішінде | Мұғалім | Ақпараттанады |
6. | Медбикемен кездесу | Оқу жылы ішінде | Мұғалім | Ақыл-кеңес алады |
«Салауатты жас ұрпақ» бағдарламасының бастауыш сатыдағы іс-жоспары 1 кестеде көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында атап өткендей, оқушының мектептегі жетістіктері дене дамуының және денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты делінген. Ендеше, бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын сақтай отырып білім мен тәрбие беруде, баланың оқу іс-әрекетіне ынтасы артады, тез шаршауы мен ағзаның әлсіреуі болмайды, денсаулығында патологиялық ауытқуы бар балалардың саны азаяды, физикалық және психологиялық тұрғыдан сау болуына, дені сау, қабілетті тұлға қалыптастыруда тигізер пайдасы зор
Сабақтарда денсаулық сақтау технологияларын қолдану жолдары.
Кемелді келешек білімдінің қолында десек, ол үшін баланың денсаулығына мұқият болуымыз керек. Халықтың әлеуметтік тобының көпшілігін балалар құрайды. Баланың денінің сау болуы ата-ананың сондай-ақ ұстаздардың да ойын алаңдатады. Денсаулық деген не?
Денсаулық 6 түрге бөлінеді (физикалық, психикалық және интелектуалдық, жеке денсаулық, эмоцияналды денсаулық, рухани, әлеуметтік)
Физикалық денсаулық – ешқандай дене аурулары жоқ, шыныққан және жаттыққан дене.
Психикалық және интелектуалдық денсаулық- ақыл-есінің толықтығы яғни білімді қабылдау және оны өзбетінше ой жүйесімен саралап қарау.
Жеке денсаулық- адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, өмірге деген талпынысы бар.
Эмоцияналды денсаулық-өз сезімдерін түсінетін, өзәне-өзі тоқтам, бақылау керек кезінде сезімін түсінікті деңгейде шығару.
Рухани денсаулық –бұл адам өмірінің орталығы мораль, тәртіп және мейірімділік пен қайрымдылық, әдемілікті қабылдау этикасы.
Әлеуметтік денсаулық-адамның материалды жағдайы, тұрмыстық өмірі.
Осындай қасиеттері бойынан табылған адамды ғана дені сау адам деп атауға да болады.
Бастауыш сынып оқушыларының денінің сау болып, психологиялық болсын физикалық тұрғыда дайын болып өсіуіне тағы бір себеп өздеріннің алатын білімдерінің тиімділігінде болмақ. Қазіргі таңдағы білімге қойылатын талаптарға қарай біз көбіне бала денсаулығына емес, өтілетін тақырыптарымыз бен берілетін тапсырмалар мөлшерін орындағанды ғана дұрыс көреміз. Базалық білім мазмұнын орындамас бұрын ондағы қойылатын талаптар бала денсаулығына қатты әсер етеді. Кезкелген пәнді алсаңызда өте күрделі материалдар. Әсіресе ана тілі яғни әдебиеттік оқу пәні бастауыш сынып үшін алынбайтын қамалмен тең. Ал бастауыш сыныпта тек сабақтың көп бөлігі ойын арқылы болуы қажет. Кезкелген сабақтарда сергіту сәттері және дамыту жаттығуларына байланысты ойын түрлері сабақтың әр кезендеріне сай қолданылуы шарт.
Ана тілі сабақтарында көбіне тірек-сызбалар арқылы түсіндіруге болады. . Егер сол тірек-сызба арқылы мәтін ойын ашып айтса, онда баланың түсінгені деп білеміз..
Қазақ тілі сабақтарында да жаттығудың 1-2 жазғызып, қалған бөлігін ауызша талдау арқылы жасату керек. Не болмаса 7 сөйлемнен тұратын жаттығуды 3 қатарға 2 сөйлемнен ғана жазуға берілуі тиіс.
Математика сабағында да 2 есеп келсе соның бірін 1 топ оқушылары ал, 2-ісін 2 топ оқушылары орындайды.
Үйге берілетін тапсырма қиын болмауы тиіс. Себебі бала үйде тынығуы шарт яғни 1 тәуліктің жарты бөлігін мектепте өткізген бала тәуліктің қалған бөлігінде демалып, тынығуы керек.
Бастауыш сынып оқушыларына ереже жаттатуға болмайды. Себебі бала ойында тежелу жүреді. Ережені басқа жолмен қарастырып көрген тиімді. Қаншама ереже бала ойында сақтала бермейді. Ол үшін сызбалар беріліп отырса, бала есінде қатты сақталады.
Дені сау бала оқу үрдісіне белсенді, әрдайым жайдары көңіл күйі жоғары жүреді. Сондықтан да мектептің негізгі міндеті — әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жақсы
[bws_related_posts]