Басы » Бастауыш сыныптар » «Мереке»- 2 сынып, «Наурыз»-4сынып (Шағын жинақталған мектеп. Кембридж тәслін тиімді қолдану арқылы өткізілген семинар-сабақ)

«Мереке»- 2 сынып, «Наурыз»-4сынып (Шағын жинақталған мектеп. Кембридж тәслін тиімді қолдану арқылы өткізілген семинар-сабақ)

кмжБатыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Зеленов ауданы, Макаров ауылы

Макаров ЖОБМ

Мұғалім аты-жөні: Жумагалиева Орынганым Рамазановна

Сабақтың тақырыбы: «Мереке»- 2 сынып, «Наурыз»-4сынып (Шағын жинақталған мектеп. Кембридж тәслін тиімді қолдану арқылы өткізілген семинар-сабақ )

Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары

 

Пәні: Әдебиеттік оқу 03.03.15
Сыныбы: 2 сынып 4 сынып
Тақырыбы: Мереке Наурыз
Мақсаты: Оқушыларды мереке күндерімен тереңірек таныстырып,  шығу тарихын түсіндіру. Білім деңгейлерін арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже А)  Мерекелерді  ажырата, мәтін баяндай алады

Ә)  Мерекелерді топтастыра алады, сипаттама береді,

Б) Әр мерекенің мағынасын түсінеді

А) Мерекелерді ажырата отырып,өлең шумағына түсінік бере алады

Ә) Әр мерекенің шығу тарихына анықтама береді

Б) Мерекенің мағынасын түсінеді

Керекті жабдықтар Мерекелік безендіру.АКТ, гүлдер, шарлар,постер,
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе І. Ұйымдастыру.

ІІ. Шаттық шеңбері

Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, бір-біріне бір-бір сөзден тілек айтқызып, гүл ұсыну. Келе жатқан көктем мерекесімен құттықтау

 

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Доп лақтыру» арқылы жаттап келген «Көктем» жаттауы сұралады.

(Гүл шоқтарын  қонақтарға сыйлайды)

Оқушылар шаттық шеңберінде бір-біріне тілек айтады

 

 

 

Орындарынан  тақпақты кезекпен айтады.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Шаттық шеңбері

Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, бір-біріне бір-бір сөзден тілек айтқызып, гүл ұсыну. Келе жатқан көктем мерекесімен құттықтау

 

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Төрт оқушыға тақырып төңірегінде интерактивті тақтадан  4 сұрақтан  беріледі.

(орындарынан  жеке жұмыс)

(Қонақтарға бауырсақ апарады)

Оқушылар шаттық шеңберінде бір-біріне тілек айтады

 

 

 

 

 

Орындарынан жазбаша түрде жауап жазады

Тұсау кесер IV. Қызығушлықты ояту

(Құстардың үнін тыңдайды)

-Көз алдарыңызға не елестеді?

-Қазір қандай ай ?

-Жылдың қай мезгілі?

-Наурыз айында қандай мейрамдар бар?

-Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы көктем мезгіліндегі мерекеге негізделген.

-2 сыныпқа «Мереке» тақырыбы.

-4 сыныпқа «Наурыз» тақырыбы қамтылады.

— Жалпы көктем мезгілі ұнай ма?

-Осы көктем мезгіліндегі мерекелерді бірге тойлауға қалай қарайсыңдар?

-Мереке күндері әр үйде дастархан жайылады.Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Сол қонақтарға арап дастархан дайындайық. Менің алдымда екі сыныптың тапсырмаларына сәйкес тағамдар  мен 8-наурызға дайындалған аналар мен қыздарға араналған сыйлықтар  тұр. Тапсырмаларды қаншалықты тез орындасақ, дастарханымыз да тез әзір болып, сыйлықтарымыз да өз иелерін табады.

-Ол үшін біздің жұптасып, жұмысты тиімді әрі тез орындауымыз  қажет.

Дайынбызба? Іске сәт!

Әр тапсырманы орындаған сайын, келіп отырған қонақтарға гүл шоқтарын сыйлап отырамыз. Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келгенсіңдер, сол себептен ең алғашқы гүл шақтарын қонақтарға ұсынайық.

Көздерін жұмып, көктемгі табиғат, құстардың үнін тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар мұғалім сұрақтарына уақытылы жауап беріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 оқушы шығап, 4-5 қонаққа гүл сыйлайды

 

IV. Қызығушлықты ояту

(Құстардың үнін тыңдайды)

-Көз алдарыңызға не елестеді?

-Қазір қандай ай?

-Жылдың қай мезгілі?

-Наурыз айында қандай мейрамдар бар?

-Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы көктем мезгіліндегі мерекеге негізделген.

-2 сыныпқа «Мереке» тақырыбы.

-4 сыныпқа «Наурыз» тақырыбы қамтылады

— Жалпы көктем мезгілі ұнай ма?

-Осы көктем мезгіліндегі мерекелерді бірге тойлауға қалай қарайсыңдар?

-Мереке күндері әр үйде дастархан жайылады.Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Сол қонақтарға арап дастархан дайындайық. Менің алдымда екі сыныптың тапсырмаларына сәйкес тағамдар  мен 8-наурызға дайындалған аналар мен қыздарға араналған сыйлықтар  тұр. Тапсырмаларды қаншалықты тез орындасақ, дастарханымыз да тез әзір болып, сыйлықтарымыз да өз иелерін табады.

-Ол үшін біздің жұптасып, жұмысты тиімді әрі тез орындауымыз  қажет.

Дайынбызба? Іске сәт!

Әр тапсырма орындалып болғанда тағамдарымызды бір-бірлеп  қонақтарға ұсынамыз.

Қазір үй тапсырмасы бойынша жақсы дайындықпен келгенсіңдер, сол үшін, ең бірінші бауырсақта қонақтарға ұсынайық.

Көздерін жұмып, көктемгі табиғат, құстардың үнін тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар мұғалім сұрақтарына уақытылы жауап беріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екі оқушы екі  қонақтарға бауырсақ ұсынады.

Негізгі бөлім V. Жаңа сабақ. Оқулықпен, дәптермен  жұмыс

А) Орындарынан оқуға тапсырылады

Ә) «Сұрақ-бізден, жауап-сізден» әдісі арқылы  екі жұп бір-біріне сұрақ  дайындайды

(Бірінші тапсырманы орындап болған соң «бас бармақ» арқылы өздерін бағалайды)

(Гүл шоқтарын таратады)

 

Сергіту сәті (арам-зам-зам)

 

VІ. Шығармашылық тапсырма

А) «Айгүлге көмектес» хат жазып құттықтайды.

Б)  1.Бұлтты айдап, желдеткен,

Нөсерлетіп селдеткен.

Жаңбырлатып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (көктем)

2.Болсын мейлі қай жақтан,

Алыс-жақын аймақтан.

Сағынып алып, ұшамын

Достарды барып құшамын. (хат)

(Бір-біріне смайликтер көрсету арқылы өздерін бағалайды)

(Гүл шоқтарын таратады)

 

 

Жұптасып мәтінді оқып, танысады.

Оқыған мәтін бойынша келесі жұпқа сұрақ дайындайды

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар  хат жазып отырады

 

Интерактивті тақтадағы жұмбақтың шешуін табады.

V.  Жаңа сабақ. Оқулықпен, дәптермен  жұмыс

А) Өлеңді тізбектей оқиды, ішінен теңеу сөзді табады

Ә) Автор жайлы мәлімет жазады.

(Бірінші тапсырманы орындап болған соң «бас бармақ» арқылы өздерін бағалайды)

(Көже ұсынады)

 

 

 

Сергіту сәті (арам-зам-зам)

 

VІ. Шығармашылық тапсырма

А) «Наурыз» тақырыбында видеоролик тамашалап, содан алған мәліметті өз ойларымен толықтырып, эссе жазады

Б) Наурызға байланысты мақал-мәтел сұралады

 

(Бір-біріне смайликтер көрсету арқылы өздерін бағалайды)

(тәтті торттар сыйлайды)

Теңеу сөзді дұрыс табады.

Ресурс парағымен жұмыстанады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Видео тамашалап,эссе жазады

Қорытынды Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, көктемнің екі мерекесіне арнап,бірлесе отырып, қабырға газетін дайындайық.(дайын суреттерді жапсырып, құттықтау жазады.) Блум таксономиясы арқылы өздерін бағалайды. Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, көктемнің екі мерекесіне арнап,бірлесе отырып, қабырға газетін дайындайық.

(дайын суреттерді жапсырып, құттықтау жазады.)

Блум таксономиясы арқылы өздерін бағалайды
Үйге тапсырма Мәтінді түсініп оқу.Аналарыңа арнап құттықтау  жазу

 

Күнделікке жазады Өлеңді мәнерлеп оқу, тақырыпқа байланысты сурет салу

 

Күнделікке жазады

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *