Басы » Бастауыш сыныптар » Ц дыбысы мен әрпі

Ц дыбысы мен әрпі

цҚарағанды қаласы «№23 ЖББОМ»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Зейтова Гулназия Сабидоллақызы

 Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

Дамытушылық: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік : Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдісі: ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру ,ББҮ(білдім,білгім келеді,үйрендім)

Түрі: аралас сабақ

Ресурстар: электронды оқулық, интерактивті тақта,  оқулық, ойындар,

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

 

Психологиялық дайындық: Бір-бірлеріне қараңдар қолдарыңды ұстаңдар, бір-бірлеріне сәттілік тілеңдер.

а) Білімдерін тексеру.

-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

-Сөз неден құралады?

-Сөйлем дегеніміз не?

-Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылады?

 

б) Өткенді еске түсіру

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Щ дыбысы қандай дыбыс?

-Щ дыбысына байланысты қандай сөздер білесіңдер?

-Щ дыбысына берілген  өлеңді кім айтады?

 Миға шабуыл

Жаңа сабақ.

Жұмбақ

Аяғын жерге тірей қалып,

Шеңбер сызды шыр айналып.

(Циркуль)

Оқушыларды ц дыбысымен таныстыру.

Ц дауыссыз дыбыс. Ц дыбысы орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде кездеседі.

Ц дыбысына байланысты суреттер көрсетіп, оларды буынға бөлдіріп, ц дыбысының сөздің қай жерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.

Цирк сөзіне дыбыстық талдау

Цирк- 1  буынды сөз,бітеу буын,себебі дауыссыз  дыбыстан басталып, дауыссыз дыбыстан аяқталған.

Цирк = 4О(дыбыс) 1    (дауысты   и),3   (ц, р, к)

Оқулықпен жұмыс.

а) оқулықтағы сөздерді оқып, сөздік жұмыс жүргізу. Цирк, цех, цемент, авиация, офицер.

ә) «Цирк» мәтінін оқыту.

 

Жұппен жұмыс

Мәтіннен неше сөйлем, неше сөз, неше  Ц әріпі  бар сөзді  тапқызу.

 

 Қадыр Мырза Әлінің «Клоунның сыры» атты өлеңін оқыту. Өлеңнің мазмұнын оқушыларға айтқызу.

Клоунның сыры

/Циркте жұрт/ самсаған/

/Мәз болса деп/ жан салам./

/Ду күлдірсем/ оларды/,

/Қуанамын / мен соған./

ӨЛЕҢ 4 тармақтан,1 шумақтан,2 бунақтан  тұрады

Сергіту сәті: музыкалық

 

Дәптермен жұмыс.

 а) Ц дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.

 ә) Ц әрпін ауада жазып көрсету.

 б) Ц әрпінің үлкен және кіші түрлерін дәптерге жазу

Ц әрпін әдемі жазып үйренейік. Ц әрпінің бас әрпі. Үлкен жолдың ортасынан  сәл төмен қаламынды қой. Солдан оңға қарай доға жасай отырып, тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасай отырып, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Бастапқы ілгектен оңға қарай жылжып, қаламынды қой да тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасап, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Ілгекке жалғастыра төмен тартып бау байлаймыз.

 

Ойын:  «Ойлайық та, ойнайық!»  

(Көп нүктенің орнына ц әрпін қойып, сөздерді оқы.

….ирк, кон…ерт, ….ех, …емент, …ифр, поли…ия, ….иркуль, офи….ер.

Жазылуын есіңде сақта)

 

Рефлекия.

Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?

[bws_related_posts] 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *