Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
«Комсомол»(Айнатас) жалпы орта мектебі
Қабаева Гулжамал
Сабақтың тақырыбы: Білімді ұрпақ – ел тірегі
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру.
ә) Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.
б) Өз ұлтының тарихын сүюге, дамытуға, қорғауға тәрбиелеу. Өз халқының тарихына сын көзбен қарап, саралай білетін саналы азамат ретінде қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі : интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бұл кезеңде бүгінгі болатын сайыстың тақырыбы, мақсаты, тәрбиелік мәні айтылып, қатысатын сыныптар таныстырылады.
ІІ. Кірісе бөлім
Мұғалім: Құрметті оқушылар, әділқазылар, ұстаздар. «Білімді ұрпақ- ел тірегі» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз. Ортадағы сынып оқушыларының топтарымен таныстыру.
Сайысымыздың әділ бағасын беруші қазылар алқасын сайлап алайық.
Алқа мүшелерін сайлау.
- Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі – Маханбетова Раушан апай
2.Оқу ісінің меңгерушісі – Керимқулова Алия апай
- Ұйымдастырушы педагог – Төлепберген Айнур апай
- Физика пәнінің мұғалімі – Базарбай Гулайша апай
Сайысымызды бастамас бұрын сабақ бағдарламасымен таныстырып өтейін.
1 кезең «Ойлы болсаң, озып көр»
2 кезең «Мықты болсаң, тауып көр»
3 кезең «Білімді болсаң, шешіп көр»
4 кезең «Жүйрік болсаң, ойланып көр»
Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін! Ал, келіңдер, келіңдер! Біріңе-бірің еріңдер. Білім –білікті тексеріп, Қатысып ойынға көріңдер!
«Кім жүйрік ойға, сол алда
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз – жеңу.
Ғылым, білім тоғышарлыққа ем. Білім адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса – ештеңеге күдіктенбеуменен ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен солай бола тұра бәрін білем деуімен мықты болғысы келеді . Білімділік – күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді. Исаак Ньютон өлерінде былай депті: «Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым.
Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама». Омар Хаямның соңғы сөзі былай: «Алла! Мені өзің берген білімің үшін кеше гөр!». «Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш — қайратқа ие боласың. Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында, Ізденіңдер, білім алу жолында. Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметтеңдер.
Сайысымыздың бірінші кезеңі «Ойлы болсаң-озып көр» деп аталады.
Топтарға 20 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауап 5 баллмен есептеледі.
Лездеме сұрақтар.
- Қ Р — ның Әнұранының авторларын ата.
2.Бұл зат мөлшеріне ғаламшардың климаты тәуелді деуге де болады.Ол жылуды сіңіріп және бөліп, климат ауысуларын реттеп отырады.Оның газ түріндегі молекулалары жерді ғарыштық суықтан сақтайды.Бұл қандай зат? / Су /
- Медицинада сүйек сынығын анықтау үшін диагностикалық мақсатта қолданылатын сәулелер. /Рентген сәулелері/
4.Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым. / Экология /
5 Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері ауыл сыртына барып ойын-сауық жасайды, бұл қандай ойын? ( Ақсүйек)
6.Қарқаралы өңірінде балшықпен емдеу –сауықтыру санаториясы. / Жосалы /
- 7 ата атаңдар –( Ата — Бала — Немере — Шөбере — Шөбшек — Немене – Туажат)
- Қазақтың ұлы ақыны Абай туылған жері? Семей
- Б. Майлиннің ашаршылық жылдарын бейнелейтін шығармасын ата?
(Күлпаш)
10.Қан қысымын өлшейтін аспап /Тонометр/
11.Әр заттың жылы,салқын,ыстық қалпын не дейді? /Температура/
12.Адамның денсаулығын сақтау туралы ғылым. /Валеология/
13.Адам организімінің жобамен 60-65 %–ын құрайтын сұйық зат /Су/
- 3 арсыз — Ұйқы — Тамақ — Күлкі
- Буынның неше түрі бар және оларды ата? ( ашық, тұйық, бітеу)
- Қазақстанның төл теңгесі қай жылы шықты? (1993 жылы қазан айында .)
- Үш арыс — Сәкен — Бейімбет – Ілияс
- 3 дана — Абай — Шоқан — Ыбырай
- 7 қазына Берен мылтық. Құмай тазы. Қыран бүркіт. Сұлу әйел. Ер жігіт.
Ілім –білім. Жүйрік ат.
- Бейжінде өткен олимпиадада бокстан алтын алған кім? ( Бақыт Сәрсекбаев)
2кезең «Мықты болсаң, тауып көр»
кезеңінде топ оқушылары пәндер таңдап және жауаптарына сәйкес тиісті ұпайлары беріледі
Қазақ тілі:
- Рецензия – қай елдің сөзі. латын
- Әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі? есімше
- Неологизм сөздер дегеніміз не?
Тіліміздегі жаңа заманға байланысты пайда болған жаңа сөздер
- Көп мағыналы сөздерді басқаша қалай айтады? полисема
- Қай уақытта үстеу сөйлемде баяндауыш
қызметін атқарады? жіктеліп келіп
Қазақстан тарихы:
- Иран жазбаларында сақтарды не деп атайды? Жүйрік атты турлар
- 1992ж. Маусым ҚР өмірінде қандай оқиға болды?
Мемлекеттік ту мен ел таңба бекітілді
- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев, Қазақстан 2030 стратегиялық
мемлекетін даму бағдарламасын қай жылы ұсынды? 1997ж.
- Ф.И.Голощекин Қазақстан Компартиясының қай жылы
І хатшысы болды? 1925 – 1933ж.ж.
- Тұңғыш қазақ мектебін кім ашты? Ы. Алтынсарин
Математика:
- Мектепте оқылатын «Геометрия» пәнінің негізін салушы? Евклид
- Тең қабырғалы үшбұрыштың анықтамасы? үш қабырғасы тең үшбұрыш
- Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан ғалым математик? Әл-Фараби
- Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады? бес бұрыш
- мәні неге тең?
Физика:
- Массасы 3кг дене 4м/с жылдамдықпен қозғалады. Дененің кинетикалық энергиясы? 24Дж
- 4с ішінде 8 тербеліс жасайтын маятниктің тербеліс жиілігі? 2Гц
- Электромагниттік әсердің таралу жылдамдығы? м/с
- Айнымалы электр тогы? ерексіз электромагниттік тербелі
- Томсон формуласы?
География:
- Бүкіл жер шарының беті? 210 млн км
- Жер шарында қанша құрлық бар? 6
- Орманды дала зонасында қаңтар айының орташа температурасы?
- Планетаның қанша бөлігін су алып жатыр? 3/4
- Қазақстан қай климаттық белдеуде жатыр? қоңыржай
Биология
- Ағзадағы зәр жиналады: . Қуықта.
2. Cуды көп қажет етпейтін өсімдік Жантақ
3. Ағза мүшелерінің қызметін зерттейтін ғылым: Физиология.
4. Менингит … қабынуы. ми қабығының
- Шайнау және бет – қимыл бұлшық еттеріне жатады: Бас бұлшық еттері
Орыс тілі мен әдебиеті
1.Предлог:
служебный части речи которые служат для соеденние слов.
2.Синоним к слову должный: соответствующий
3Причастие не имеет призника: падеж
- Год рождения А.М.Пушкина: 1798 г
- Автор произведения “Герой нашего времени”:
М.Ю.Лермонтов
Химия
- Атом қандай бөлшектерден тұрады? Электрон, протон, нейтрон
- Химиялық байланыстың түрлері ата. Ковалетті, иондық,металдық, сутектік
- Тотықсыздану процесі Электрон қосып алу
- Глаубер тұзының формуласы Nа2SО4 * 10Н2О
5.Сынап (ІІ) нитратының сулы ерітіндісінің электролизі
кезінде қандай заттар түзіледі? Сынап, оттек , азот қышқылы
Информатика
1.«Ақпарат» латынның қандай ұғымдарды білдіреді. информатика
- Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең тараған қанша теориясы бар? 5
- Кибернетиканың атасы Ноберт Винер ақпаратқа мынандай анықтама берді.
Ақпарат, бұл –сигнал, хабарлама арқылы берілген білім. - Ақпарат ұсыну қандай негізгі тәсілдермен туындайды? символдық, мәтіндік,
графикалық
- Информатикаға анықтама бер?
информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттейтін ғылым
3 кезең
«Білімді болсаң, шешіп көр» 6 пән бойынша есептер берілген топ оқушылары өздері таңдап , егер дұрыс жауап берсе ұпайларын алады. Егер шеше алмаса қалған топтардың қайсысы бірінші қол көтерсе , жауап бере алады.
4-кезең
Мұнда 5 ұяшық беріледі. Оның әрқайсысында жасырылған. Ондағы айтылған сөздердің мағынасын ашып беру арқылы топ ойыншылары өз ойларын айтуға мүмкіндігі бар.
Ойлану үшін 4 минут уақыт беріледі.
Қазылар алқасынан топ басшыларының ұпайлары және жалпы қортынды ұпайлары сұралады. Нәтижесі шыққанша ортада би биленеді, ән орындалады. Сайыскерлер марапатталып, жеңімпаздар анықталады. Сый-сыяпаттар беріліп, қатысқан мұғалімдерге рахмет айтылады.
Қортынды
Жинаған өн бойына білім кенін,
Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.
Жарайсың айналайын, сайыскерім!
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым!
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтағай әрдайым,- дей отырып, біздің Тәуелсіз еліміздің туын, мәртебесін жоғары көтеріп, дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін ең алдымен білімді де саналы ұрпақ өсуі қажет. Сол ұрпақ — біздің болашағымыз сендерсіңдер.Әрқашанда « Білімді ұрпақ-тірегі тірегі» екенін ұмытпағандарыңыз жөн.Біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз осымен аяқталды. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар! Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. Келіп тамашалағандарыңызға, әділ бағасын беріп отырған қазылар алқасына, сынып жетекшілеріне, оқушыларға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!
[bws_related_posts]