Жамбыл облысы
Жуалы ауданы
№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі:
Тастемірова Қарлығаш Әлжапаровна
Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларға зат есімнің тәуелденуі туралы түсінік беру; зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету.
дамытушылық: зат есімнің ерекшеліктерін меңгерте отырып, жіктей және тәуелдей алуға машықтандыру, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа,
сауатты,
таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, тіл дамыту, көрнекілік.
Сабақтың түрі: аралас сабақ ;
Сабақтың көрнекілігі: кесте,интерактивті тақта, ереже;
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық :
Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
(оқушылар орындарынан тұрады)
Сәлем саған, Алтын күн!
Сәлем саған, Туған жер!
Сәлем саған, достарым!
Сәлем сізге,қонақтар!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
а)4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын жалғап, өлеңді көшіріп жазу тапсырылған. Балаларға бір-бір реттен оқыту.
Ә) Ережені қайталату
ЕРЕЖЕ: Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғау дейміз. Тәуелдік жалғау үш жақта айтылады.
Кестемен жұмыс: (Тақта алдында тұрған кестеден 1,2,3 жақтардың тәуелдік жалғаулары туралы пысықтап сұрау)
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Балалар,қане «Туған жер», «Отан» туралы кім өлең оқып береді
(Балалар жауаптары)
«Ой қозғау» : Отан- біз үшін не?
-Атамекен, туған ел, туған жер. («Топтастыру» әдісімен үлестірмелі қима қағаздағы тапсырманы орындайды)
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу: а) өлеңді оқыту; ә)Қарамен жазылған зат есімдерді сөз құрамына талдау
Тақтамен жұмыс: сөздердің біреуін үш жақта, жекеше, көпше түрде тәуелдеу:
1-жақ: Менің жерім Біздің жерлеріміз
2-жақ Сенің жерің Сендердің жерлерің
Сіздің жеріңіз Сіздердің жерлеріңіз
3-жақ Оның жері Олардың жерлері
(Қалған оқушылар дәптерге орындайды)
2-жаттығу: Мәтінмен жұмыс
А) мәтінді мәнерлеп оқып беру;
Ә) Тәуелдік жалғаулы сөздердің қай жақта айтылып тұрғанын анықтау:
Б) «Ата» , «Әже» туралы жаттаған тақпақтарын тыңдау.
- IV. Ой қозғау: Немере деген кім? (оқушы жауаптары)
Олай болса, «Жеті атаны» кім айтып береді?
Балалар, қазақта жеті саны – өте киелі сан.
Киелі сан – жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қат көк жер үсті,
Жеті қабат жер асты.
Жеті жарғы – заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз – жеті жұрт,
Ағайынды жеті жұт.
Қызықтырар құбыла,
Жеті түсті шұғыла.
Жерде бір – жеті керемет,
Жеті шелпек берекет.
Сөз,сөйлемдер бағынар,
Жеті септік тағы бар.
Жеті жас
Біржасымда қаздаң бастым,
«Тұсау» деген таудан астым.
Екі жаста еркін сөйлеп,
Еркеледім менмін деп.
Үш жасымда үлкендердің,
Сөзін ұғып,соңына ердім.
Төрт жасымда талаптанып,
Тақпақ айттым,жаттап алып.
Бес жасымда «сүндеттелдім»
«Мұсылмандық» міндет дедім.
Алты жастаатқа міндім,
Шауып келіп,тоқтай білдім.
Жеті жаста мектеп бардым,
Ұқтым біліп,еңбек барын.
Жетіқазына
Жүйрік аты- жігіт қаны,қанаты.
Қыран құсы – қарым күші,қуаты.
Алғыр иті – бастан берік сенімі.
Берен мылтық – сөнбес оты,серігі.
Қақпан-тұзақ – ау-жылымы,әдісі.
Өнер-білім – байлығының мәндісі,
Қазан-ошақ – берекесі тірліктің.
Осы жеті – қазынасы жігіттің.
Сергіту сәті.
V.Сабақты бекіту:3-жаттығу (Слайд)
Түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстырып оқу, түбір сөздер тәуелденгенде қандай өзгеріске ұшырағанын түсіндіру:
Лақ – лағым Тәртіп — тәртібіміз
Көрік – көрігіміз Сап — сабы
Құлақ — құлағың Халық – халқы
Түбір сөзге жалғанған қосымша дауысты дыбыстан басталса,онда түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары г, ғ, б (немесе у) дыбыстарына өзгереді.
Соңғы буынында ы,і дыбыстары бар кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіп қалады: халық – халқы,орын – орны.
«Кім жылдам?» дидактикалық ойын әдісімен 5-жаттығуды орындату
(Жаңылтпашты жатқа айту.Оқушылар өздері жаттап келген жаңылтпаштарын,қалаған сыныптасына айтқызады)
«Шөжем» деп шешесі бәйек,
«Шешем» деп шөжесі бәйек.
Шешесі: «Шөжем жесін», — дейді,
Шөжесі: «Шешем жесін», — дейді.
VI.Қорытындылау: Слайд 6- жаттығу. Тәуелдік жалғаулы сөздерді тиісті сөзбен тіркестіріп жазу
Олардың қолғабым
Біздің ауласы
Менің мұғалімдерің
Сендердің мектебіміз
Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғау дейміз.
Бағалау. Мадақтау.
VII.Үйге: 4-жаттығу (43-бет)
[bws_related_posts]