Басы » Бастауыш сыныптар » Текше. Санның кубыбет 57

Текше. Санның кубы

Жамбыл облысы

Жуалы ауданы

№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі:

Тастемірова Қарлығаш Әлжапаровна

Математика пәні: Ашық сабақ

Сабақтың  тақырыбы: Текше. Санның кубы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі:Оқушылардың  текше туралы түсініктерін қалыптастыру; санның кубын есептеп үйрету.

ә ) дамытушылығы:оқушылардың өзін-өзі бағалауын,  есептеп шығару арқылы логикалық ойлауын,  шығармашылық қабілеттерін дамыту. Коммуникативтілік құзыреттілігін қалыптастыру.

б) тәрбиелігі:оқушылардың бойында еңбексүйгіштік,  елжандылық, адамгершілік пен  адалдық, шапшаңдық пен тазалық қасиеттерін қалыптастыру. Бірінің  пікірін бірі  тыңдауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:   жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі:  ой шақыру, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:   I. Ұйымдастыру кезеңі

 1.Психологиялық дайындық:

Күлім қағып қолымды,

1,2,3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Ыстық алақаныммен,

Маңдайыңнан сипайын.

Қол берісіп  өзіңмен,

Амандасып алайын.

2.Қызығушылықты ояту.

Біз бүгінгі сабақта геометриялық экспедицияяға аттанамыз.Осы экспедицияға қатысу үшін бірнеше сынақтан өту керек.Сынақтан өтпес бұрын, геометрия қалай және қашан пайда болғаны туралы мағлұмат алайық.

Геометрия  алғашқы  рет  Мысырда пайда болған, содан ол жақтан басқа елдерге тараған. Мысырлықтар ұзындықты өлшеудің басты бірлігі ретінде шынтақты пайдаланды. Шынтақ 7 алақанға ,  алақан  4 саусаққа бөлінді.Осылайша геометрия — геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды. Ал, сендер геометрия  пәнімен 7-сыныпта жақынырақ  танысасыңдар

Ой қозғау стратегиясы   «”Ия” немесе    “Жоқ”» ойыны.
Бірінші сынақтан өту үшін “ия немесе жоқ”ойынын ойнаймыз.

  • Тіктөртбұрыштың ауданы-ұзындығы мен енінің көбейтіндісі.
  • Шар-жазық фигура.
  • Тіктөртбұрыштың периметрі-барлық қабырғаларының қосындысы.
  • 1 дм-де 15 см
  • Санды екі бірдей көбейткіш ретінде алу-санның квадраты.
  • Көбейткіштердің орнын ауыстырғанымен көбейтіндінің мәні өзгереді.
  • Әр қосылғышты санға жеке көбейтіп,алынған көбейтіндіні қосу – қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
  • Әріпті өрнек – тек сандардан құралады.
  • Оқулықпен жұмыс. №1 — тапсырма
  • -Мына фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады:
  • Жазық фигуралар және көлемді фигуралар
  • Жазық фигураларды кім атайды? — Шеңбер
  • Көлемді фигураларды кім айтады?- Кубик.

 III.Мағынаны тану:
Сонымен, сендер сынақтан өттіңдер, енді экспедицияға шығуға дайынсыңдар. Әр ғылыми экспедицияның мақсаты бар, ол-ғылыми құбылыстың қандай да бір ерекшелігін зерттеу.  Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің экспедицияның мақсаты қандай болу керек?
( Оқушылар жауабы:  геометриялық фигуралар)

Дұрыс, айтасыңдар, балалар! Бүгінгі  сабағымызда  текшені зерттеп, санның кубы туралы білетін боламыз. Біздің сабағымыздың тақырыбы: «Текше. Санның кубы.».
Сергіту сәті :Балалар «төртбұрыш», «шеңбер» жасайды

Элетронды оқулықтан текше туралы анықтама беріледі.

Сонымен текше – жақтары шаршы болып келетін көлемді фигура(дене).Жақтары болатын шаршының қабырғалары текшенің қырлары,шаршы төбелері текше төбелері деп аталады.

Текшенің 6 жағы бар.   Текшенің жақтары өзара тең болады

L                            M

K

C

A                      D

3.Ойнайық та санайық: №3 мысал

   36
   25
   33
   49
16

Қай сандарды бірдей екі  көбейткіш түрінде   жазуға болады?

   9
   64
   40
   81
   55

Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін санның квадратына алмастырып қалай жазуға болады?

Оқушылар  «Ішіне,сыртына» стратегиясы бойынша  тапсырманы тақтада орындайды. Артынан интерактивті тақтада тексеріледі.

ІШІНЕ СЫРТЫНА
4,16,49,25,36,81,64,9 55,33,40

 

Ережемен жұмыс:

Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін санның квадратына алмастыруға болса,онда бірдей үш санның көбейтіндісін көбейткіштердің кубына алмастыруға болады: а*а*а

4*4*4=64       4*4=16*4=(10+6)*4=40+24=64        43=64

Тақтамен жұмыс: Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз.№3 – мысалдың б) бөлігін жазбаша орындаймыз. Көбейтінділерді көбейткіштердің квадраты немесе кубы түрінде жазамыз.

  • 3*3=32 6*6=62                       8*8=82                    9*9=92
  • 7*7=72 5*5=52                        2*2=22                   4*4*4=43
  • 2*2*2=23 5*5*5=53                  8*8*8=83                          3*3*3=33

Сабақты   бекіту:   1. №4-есеп.

А)Қызыл мата – 2м                                    ә)Қорап — 20

Сары мата – 3м                                         Б.әдебиеті — 30

Тігілді – 20 киім                                         Оқулық — 30

Сатып алынды — ? м. мата                        Барлығы — ? дана кітап

Шешуі: (2+3)*20=100( м )                        Шешуі:(20+30)*20=1000 ( к   )

Жауабы: 100 метр мата                                      Жауабы: 1000 дана кітап

  • №5,№6 – мысалдардың 1,2 бағандарын орындау.
  • №7. Шығармашылық тапсырма

IV.Рефлексия   1-қатар: Текше дегеніміз не?     2-қатар: Саның кубы деген не?

“ Бес қадам “тренингі.

Нені білдім?

Не ұнады?

Нені әлі де білуім керек? (Үлестірмелі қима қағаздарға жауап жазлады)

V.Бағалау.

VI.Үйге тапсырама: №5,№6  — мысалдардың қалған бағандары

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *