Басы » Tәрбие сағаттары » Ардақтайық ананы

Ардақтайық ананы

  Канатбаева Гульджан Немерхановна

  Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

  арнайы пәндер оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: «Ардақтайық ананы»

Сабақтың мақсаты:

1) Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету;

2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесінің  мән-мағынасын ұғындыру;

3) Студент бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Топ студенттері шығарған қабырға газеттері, шармен безендіру, нақыл сөздер, гүлдер, техникалық құралдар.

Барысы:

1-жүргізуші:Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен колледжіміздің ұстаздары, қыздары! Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын.Ендеше Кирбаева Інкардің орындауында «Мама» әніне кезек берейік.

1-жүргізуші: Анадесемсезімбілертымыстық

Жарасымдыадамдарғатуыстық

Бар адамға берсе ананыңмейірін

Орнареді бар әлемгетыныштық

2-жүргізуші:Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлаумененістелікәрқадамды. – дейкелеСарманТүймекүлдіФариза Оңғарсынованың «Ана махаббаты»атты өлең-шумақтарымен қарсы алайық.

1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирогов.
2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші: Француз жазушысы О.Бальзак айтқандай: Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.

Көрініс «Ананың ұлы мен қызына айтқан өсиеті» тамашалаймыз!
1-жүргізуші:Ең күшті нәрсе не? – десе,

— Әйелдің әмірі! – дер едім.

Әйелдердің барлығын

Жердегі Тәңірі! – дер едім.

Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын — әйел, ұлтын көбейтетін — әйел, ұрпақты ұластыратын — әйел, еркекті Ер ететін — әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры — әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті — әйел махаббаты.

2-жүргізуші: Керемет айттың! Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.

Ана – перзенттәрбиелеуші,

Ана – қызметкер,

Ана – ғалым,

Ана – ғарышкер,

Ана – зейнеткер.

Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін келесі кезекті Әлімжан Інжудің орындауындағы «Ана» әніне береміз.

1-жүргізуші: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің бірі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

Аналар біз мәңгілік сіздерге борыштармыз дегім келеді.

2-жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірігейі де біздің қазақ».

Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ.

Ақтау Нұргүлдің «Айжан қыз» күйін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Барлық сенің үлгіңді қайталадым,
Өнегеңді өсиет деп айта аламын.
Өзің берген өрнекті ойларыңды
Жақсы іске басшы болып қайтарамын.

2-жүргізуші:Ақ жаулығың жарасар басыңдағы,
Молайыпты ақ түсің шашыңдағы.
Зор байлықсың ең қымбат ортаймайтын,
Ақыл кені,әжетай,қазыналы

 

Әжелердің құрметіне Кирбаева Інкар мен Сатыбалды Ағууздың «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Маған қымбат адам жоқ бір анадан

Бар жақсылық аналардан жаралған

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Аналарғаборыштығой бар адам,

2-жүргізуші:Домбыраммұншашешенболдың неге?

Күйболғанкөкірегіңшежіреме?

Сыр қозғапғасырларданжөнелесің,

Саусағымтиіпкетсеішегіңе, — дейкелеДжурмуханова Шолпанның орындауындағы  «Он алты қыз» халық әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:Бүгінгі күн жер бетіндегі барлық аналардың қуаныш, шаттық мерекесі. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеулі, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуанауырсындыаттаған.

Адалдықты ар-намыстысақтаған,

Мен ананыңсонысынамақтанам.

2-жүргізуші: Анаадамзатмекенеткенжершарыныңәртүпжерінде, әрүйдемейірім мен мерейдіңдостық пен туысқандықтыңтуынтіккенадам. Адамзатеңалдыменанаалдындақарыздар. Алақаныңақуырдаққуырыпберсең де, анаборышынөтейалмайсың. Анапарызыалтынғабөлеуді, ақ орда салудықаламайды, анабаласының ер жігіт, адамболуынқалайды. Анағаосыданартықтартутаралғанныңжоқ.

Көрініс:«Соқыр ана»

1-жүргізуші:Бұдан шығатын қорытынды: дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп-нәзік, мейірімді жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдасаң уатып, әлпештеп, жырын айтып, тісің шыққанша аузыңа тамақ салып, киіміңді тазалап, дәмді ас ішкізіп мәпелейді, еркелетеді, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, бағып – қағады. Біз анамыздың бір бөлшегіміз ғой. Сондықтан да ол біздің қуанғанымызды, ренжігенімізді сезіп отырады. «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың», үлкенді сыйлау бәрімізге міндет, ал анаңды сыйлау ол өмірлік парызың.

2-жүргізуші: Иә, Миуа дұрыс айтасың, сенімен келесемін, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын! Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп тағзым ете отырып, тәрбие сағатымызды Шәмші Қалдаяқовтың сөзіне жазылған «Аналар туралы жыр» әнімен аяқтаймыз!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *