Басы » Бастауыш сыныптар » «Б» дыбысы мен әрпі

«Б» дыбысы мен әрпі

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№5 Жалпы орта білім беретін мектеп

мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:

Тлеккабулова Нурганым Бауыржановна

Тақырыбы: «Б» дыбысы мен  әрпі

Білім беру бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «Б» дыбысы мен  әрпі

Мақсаты: «Б» дыбысы мен әрпін қайталату, буындарды оқыту, сөздерді оқыту арқылы балалардың тілдерін дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс:   ойын, сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар: кеспе әріп, буындар, дидактикалық материалдар, жұмбақтар.

Сөздік жұмыс: дыбыстайды.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, қима әріптерден сөздер құрастыру.

Билингвальды компонент: бақа бақылдайды – лягушка квакает, дыбыс-звук.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері. Педагогтің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивация

лық қозғаушылық

 

 

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң, Көк аспан!

Қайырлы таң, Алтын күн!

Қайырлы таң, Жер ана!

Қайырлы таң достар!

Балалар, көңіл күйлерің қалай?

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз ба?

-Бүгін аптаның қай күні?

-Кеше қандай күн болды, ал, ертеңше?

-Жақсы олай болса жақсы көңіл күймен сауат ашу сабағын бастаймыз.

Балалар, шаттық шеңберін жақсы көңіл күймен орындайды.

 

 

—          Сұрақтарға толық жауап береді.

 

Ұйымдастырушылық ізденістік.

ІІ .Сұрақ-жауап.

—          Дыбыс дегеніміз не?

—          Әріп дегеніміз не?

—          Дыбыс нешеге бөлінеді?

—          Қандай дыбыстар?

—  Осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық?

— Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ата?

—  «Б» дыбысы қандай дыбыс еді?

 Қызығушылықты ояту.

-Балалар, бұл кім деп ойлайсыңдар?

— Алдаркөсе  кім, ол қайда кездеседі?

-Алдаркөсе, бүгін бізге қонаққа келіпті. Бізге көптеген тапсырмалар алып келген екен. Біз оның тапсырмаларын орындай аламызба. Алдар көсенің қолында не бар?

-Иә, осы қоржынның бірінші басында асықтар, екінші басында тапсырмалары бар. Сұраққа жауап бергендерге бір-бір асықтан беріп отырады, қай топ көп жинайды сол топ жеңімпаз топ.

— Мынау не?

-Бақа сөзі неше буыннан тұрады?

— Бақа қалай дыбыстайды?

Билингвальды компонент: бақа бақылдайды – лягушка квакает.

-Бақ-бақ еткен бақа қай дыбыстан басталады?

-«Б» дыбысын өткен әріп таңбалары арасынан тауып көрсетіңдерші.

— -Кәне, бірге «Б» деп қайталайық. «Б» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы. Ерін бір-біріне жабысып тиеді де, дауыс екпінімен «б» дыбысы пайда болады.

— «Б» дыбысы созып айтуға келеме. Ұзақ айтылама?

— Сондықтан «б» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба?   «Б» дыбысын ауада жазып көрейік.

-ары қарай алдаркөсенің тапсырмаларын орындаймыз.

1 – тапсырма. Жұмбақ жасыру. ( шешуін тапқан топқа бір-бір асықтан беріледі)

2 – тапсырма. «Б» дыбысынан басталатын сөздер.

3 — тапсырма: Буындарды оқы.

4– тапсырма. Сергіту сәті:

1-топ:  Ой қозғау:   ұмытшақ суретші

2-топ: Ойын «Қай дыбыстан басталады?»

Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке  іледі. (бақа, балық, бала) (мысық, машина,  т.с)

3-топ«Кім зерек?» ойыны.

Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.

естиміз, айтамыз

көреміз,оқимыз, жазамыз

екіге

дауысты және дауыссыз дыбыстар

өткен әріптерді естеріне түсіріп атайды.

 

 

 

Алдаркөсе, ол мултфильмдерде, ертегілерде кездеседі.

қоржын.

 

 

 

 

 

Бақа

екі буын,

бақ-бақ деп бақылдайды.

Сөздерді қайталайды.

«Б» дыбысынан

 

 

«Б» дыбысының айтылуын қайталайды.

 

«Б» дыбысы ұзақ айтылмайды, сол себепті дауыссыз дыбыс.

ауада қайталап жазады.

 

жұмбақ шешуін табуға тырысады.

 

 

бор, бақа, т.б

Ептеп-ептеп бидай тереміз,

Тергеніңді торғайларға берейік.

Тойған, торғай томпаң-томпаң секіріп,

Ол да, біздей үлкен болып жетілсін.

 

 

Рефлексиялық түзетушілік. —          Балалар, біз қандай дыбысты қайталадық?

—          «Б» дыбысы қандай дыбыс?

—          «Б» дыбысы сөздер арасында қай жерлерде кездеседі?

—          Балаларды мадақтау.

—          Жеңімпаз топқа үлкен жұлдызша беріледі. Жақсы жауап берген балаға сары смайлик, орташа жауап берген балаға көк смайлик сыйлау.

балалар жауабы.

 

 

 

балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: өткен әріп таңбалары арасынан «б» әрпін табуды;

Қандай түсініктерді игерді: дыбыс пен әріптің айырмашылығын;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тапсырмаларды орындайды, дыбыстарды ажыратады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *