Басы » Бастауыш сыныптар » Қайталау (фигуралардың ауданын табуды қайталау)

Қайталау (фигуралардың ауданын табуды қайталау)

акерекАқтөбе облысы

Шалқар ауданы Ақтоғай орта мектебінің

 бастауыш сынып мұғалімі

Сексенбаева Ақерке Құлдықбиқызы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау (фигуралардың ауданын табуды қайталау)

Сабақтың мақсаты: Фигуралардың ауданын табуда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдануды үйрету.

Міндеттері:

  • көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің тиімділігін түсіндіру;
  • есептеу дағдыларын жетілдіру, кері есептер құрастыру, кеңістік ойлауды дамыту;
  • ұқыптылыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, өз бетінше жұмыс

Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы: І. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.

1.Психологиялық дайындық

Білімнің сырын ұғынып,

Шығамыз білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізеді біздерді

Математика шыңына!

  1. – Балалар, қандай мереке жақындады?

— Тәуелсіздік күні.

— Дұрыс айтасыңдар. Бүгін біз осы тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерін білу үшін «Жетелі елдің жетістіктері» деп аталатын  аралға саяхат жасаймыз. Аралда біздерге арналған тапсырмаларды орындап отырамыз және еліміздің басты жеті жетістігін атауымыз керек.

Ұранымыз: Мектеп –кеме, білім – теңіз,

                      Барар жерге тез жетеміз!

 

1-жетістік: Тірек білімді белсендіру

Теңдік тура болатындай етіп, сандар жаз:

 

 

2 + 25 = 25 +                                5 * 8 = 8 *

3 + 57 =          + 57                       6 * 9 =          * 6

 

1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті сайланды.

 

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең.

Оқулықпен жұмыс.

2-жетістік: 1-тапсырма (ауызша): Алаңға шыққан бір команданың ойыншылары екі-екіден 3 қатарға, ал екінші команданың ойыншылары үш-үштен 2 қатарға тұрып, сап түзеді. Есепті шығармай-ақ, бірінші команданың ойыншылар қанша болса, екінші команданың ойыншылары сонша деуге бола ма? Неліктен? Түсіндір. Көбейту амалының қандай қасиетін қолдандың?

3*2=2*3

Көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен, көбейтіндінің мәні өзгермейді.

 

ҚР мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

 

3-жетістік: 2-тапсырма: 1-қатар қосуды тиімді тәсілмен орындайды.

2+98                   2+198                2+9                 3+997                           7+43

2-қатар көбейтуді тиімді тәсілмен орындайды

3*300                2*400                 3*200              2*200              3*100                  2*100

 

1993 жылы 23 қарашада Ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді.

 

4-жетістік: 3-тапсырма: а) Тік төртбұрыштың ені 3см, ал ұзындығы 6 см. Оның ауданын әр түрлі өрнек түрінде жазып көрсет.

3 см * 6 см = 18 см²              6 см * 3 см = 18 см²

 

Қорытынды жасау:  «Тік төртбұрыштың … табу үшін, оның … еніне көбейту керек», «Тік төртбұрыштың … табу үшін, оның … ұзындығына көбейту керек».

 

 

ә)  Белгісіз санды табу (ауызша):

a 5 см ? см 3 см
b 5 см 4 см ? см
S ? см² 36 см² 27 см²

 

1995 жылы 30 тамызда референдумда ҚР Конституциясын қабылдады.

 

5-жетістік: 4-тапсырма: Суреттегі белгіленуі бойынша жаз және ата:

 

Кесінділер — …                                                                                                        C

                                                                 O

Сәулелер — …                     К

 

Бұрыштар — …                                                                               E

 

Үшбұрыш — …                  М                               D

                                                                                                                 A                              D

 

Осы жаңа заңымыз арқылы қазақстандықтардың өз төлқұжаты болды.

 

6-жетістік: 5-тапсырма: Есепті шығар (өз бетінше жұмыс):

150 кг қант 5 қапқа тең бөлініп салынған. Әр қапқа неше килограмм қант салынған?

 

Шарты:  Барлығы – 150 кг қант

Тең бөлінді – 5 қапқа

Әр қапқа — ? кг қант

Шешуі: 150 : 5 = 30

Жауабы: әр қапқа 30 кг қант салынды.

1997 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Конституциясының 4-бабында «Қазақ тілі – Мемлекеттік тіл» деп жарияланды.

 

7-жетістік: 6-тапсырма: Теңдеулерді шеш (тақтаға орындау):

с * 8 = 640                                    640 : а = 8                                х : 8 = 80

 

1997 жылы астанамыз Алматыдан Ақмолаға көшті. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласы Астана деген атаумен өзгертілді.

ІІІ. Рефлекциялық-бағалау кезеңі.

 

1.- Оқушылар, біз өз еліміздің, өз Отанымыздың негізі болатын басты жеті жетістігімізді атадық. Ендеше, алда келе жатқан мерекеміз құтты болсын дей отырып, сабағымызды аяқтаймыз.

«Көк туым» әнімен сабақты қорытындылау

  1. Бағалау. Аралдағы сандық иесінің берген сыйлығы:

ак01

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *