Тәрбиеші: Хожа М.
Білім саласы: қатынас
Ұйымдаст. оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Алтын күз»
Білімділігі: Күз мезгілі туралы білімдерін арттыру.Сурет бойынша әңгіме құрай отырып, сөз бен сөзді дұрыс байланыстыра білуге үйрету. Сөздегі дыбыстарды дұрыс анық айта білу біліктіліктерін жетілдіру.
Дамытушылығы: сөздік қорын байытып, тілін дамыту.
Тәрбиелігі: жолдастарының жауаптарын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Технология: мнемо технология
Сөздік жұмысы: қойнау, сай, маңай, тоғай.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік,ойын,практикалық
Билингвальды компонент: Autumn
Көрнекіліктер: суреттер, үлестірмелі материалдар,қиылған жапырақтар,Күзгі
Ағаш, Күз Ханшайымы,жемістер,көкөністер,қысқыштар,
Іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтың іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеттері |
||||||
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыр-қ ізденістік
|
I.Ұйымдастыру.
II.Шаттық шеңбер. Қол алысып,қане біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру. Қандай жақсы дос болу, Қандай жақсы дос болу. Балалар, мен сендерге өлең оқып беремін. Жақсылап тыңдап отырамыз. Бұлттар төніп,жерге төгіп, Дымқыл тұман басады, Шөп сарғайып, өңі тайып Дала нұры қашады. Ойнай алмай Денең мұздап тоңады, Бөбектерім айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? Дұрыс айтасыңдар, балалар қане « к-ү-з» сөзін дұрыстап,анық айтайық. Сөздің соңында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? З-з-з ыз-ыз-ыз бұл ненің дауысы? Қане, аралар болып дыбыстаймыз.
Дұрыс айтасыңдар балалар, күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
Ал жауын қалай жауады? Оның дыбысы қандай? Соңында қандай дыбыс естіп тұрмыз? Жел қалай соғады? Жарайсыңдар,балалар. Күз Ханшайымы кіреді. Саламатсыңдар ма,балалар? Балалар,бізге қонаққа кім келгенін білесіңдер ме? Мен Күз Ханшайымымын.Мен сендерге жайдан-жай келгемін жоқ.Сендердің күз мезгілі туралы қаншалықты білетіндеріңді көру үшін сендерге келдім. Сендерге Күз ағашын ала келдім.Ал жапырақтарда тапсырмалар бар.Кім тапсырманы орындайды жапырақты ағашқа жапсырамыз.Ал,тапсырманы орындай алмаса жапырақтар ағашқа жабыспайды,жерге түсіп қалады. Балалар,орнымыздан тұрып сергіп алайық. Сергіту сәті: Жел тұрды гуілдеп, Ағаш біткен уілдеп. Аспанды бұлт торлады, Найзағайлар ойнады. Жаңбыр жауды себелеп, Кемпірқосақ көрінді Күннің көзі ашылды. 1-тапсырма «Күз мезгілінің киімдерін қысқышпен қысу» Басқа мезгілдердің киімдерімен шатастырмау керек. Міне, Күз Ханшайымы көрдіңіз бе біздің балалардың барлығы тапсырманы орындады. Иә,балалар тапсырманы өте жақсы орындады. Олай болса, Күз ағашына бір жапырақты жапсырамыз. 2 –тапсырма « Жапырақтарды құрастыру» Қиылған жапырақтарды құрастыру керек. Жарайсыңдар,балалар бұл тапсырманы да барлықтарың дұрыс орындадыңдар. Күзгі ағашқа тағы да бір жапырақты жапсырамыз. 3-тапсырма Күз мезгілі туралы өлең,тақпақ айту. 1-бала Сап-сары маңай, Сап-сары тоғай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып. 2-бала Қоңыр салқын тартады, Қойнаулар мен сайларды. Қаздар қайтып барады, Қайтқан елдей жайлаудан. Өте жақсы балалар,ағашымызға тағы да жапырақ жапсырылды. «Жемістер мен көкөністер» ойыны. Балалар жемістерді және көкөністерді жеке-жеке себеттерге жинайды. Ойынға жақсы қатысқан балаларға жапырақтар беріледі.Ол жапырақты ағашқа жапсырулары керек. Балалар қараңдаршы, біздің Күзгі ағашымызда қаншама жапырақтар бар. Балалар, сендер өте білімді балалар екенсіңдер. Менің барлық тапсырмамды орындадыңдар. Сендерге көптен-көп рахмет. Менің сендерге арнайы әкелген сыйлықтарым бар. Мен апайларыңа тапсырайын. Сау болыңдар балалар. Сабақты қортындылау: Балалар, бүгінгі сабақ не туралы болды? Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Бізге қонаққа кім келді ? Күз Ханшайымының қандай тапсырмаларын орындадық? Балалар, бүгін сабаққа барлықтарын да өте жақсы қатыстыңдар. Күз Ханшайымының әкелген сыйлықтарын сендерге берейін. Күтілетін нәтиже: Біледі: күз мезгілінің басқа мезгілдерден айырмашылықтарын біледі. Игереді: «у» мен «ү», «з» мен «с» дыбыстарын дұрыс айтуды игереді. Меңгереді: Сөз бен сөзді дұрыс байланыстырып сөйлеуді меңгереді.
|
шеңберге
тұрады
Қимылдар жасап көрсетеді.
Балалар өлеңді мұқият тыңдап отырады.
Бұл күзде болады. К-ү-з қайталайды
«з» дыбысы ара ыз-ыз-ыз
Күн салқындайды,жауын жиі жауады,жел соғады,құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Тырс-тырс, Тырс-тырс «С» дыбысы -у-у-у
Саламатсыз ба? жоқ
Қимыл-қозғалыстар жасап көрсетеді.
Балалар күз мезгілінің киімдерін қысқышпен қысады.
Балалар жапырақтарды құрастырады.
Балалар тақпақтар айтады.
Балалар ойынға қатысып жапырақтарды ағашқа жапсырады.
Сау болыңыз.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күз Ханшайымының әкелген жемістерін алады. |
[bws_related_posts]