Пысықтау

Бастауыш сынып мұғалімі

Зиеденова Гүлсім Нығметқызы

Тақырыбы:  Пысықтау.

Мақсаты: 1.Оқушылардың  алған  білімдерін  тиянақтау.Ойындар  арқылы  білім-білік  дағдыларын  қалыптастыру,ізденіске,  ойлауға   баулу.

2.Оқушылардың танымдық қабілетін,ойлау деңгейін арттыру.

3.Ұқыптылыққа,шапшаңдыққа баулу.

Сабақ  түрі:  орманға саяхат.

Әдіс –тәсілдері:  түсіндіру,  ойын,  талдау.

Көрнекілігі:  суреттер,    житон, слайдтар.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі.

ІІ. Психологиялық  дайындық.

-Балалар, бүгін біз 9 санының құрамын қосу,азайту туралы алған білімдерімізді тиянақтаймыз.

Ол үшін   Орманға саяхатқа  шығамыз.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз

-Күз айларын атаңдар.

-Орманға барайық қандай жануарлар  бар екен  олардың қысқа дайындығы қандай екен байқайық,көмектесейік.

Білімді тексеру.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

-Кәне,орманда не бар екен?

-Орманда аюды көрдік.Аю тәттілерді көп жеп семіреді де,апанына жапырақтарды төсеп,ұйқыға дайындалады.

-Кәне балалар құлпынай теріп аюға көмектесейік.

Сұрақ-жауап.   

  1. 1-ден онға дейін сана, кері сана.

2.Бір қолда неше саусақ?

3.Бір аптада неше күн бар?

4.7 мен 9-дың арасындағы сандарды ата.

5.Тордан көжектің 8 құлағы көрінеді.Тордағы көжектердің саны қанша?

6.Бірінші қосылғыш -7 екінші қосылғыш 2 қосындыны тап.

7.Ең кіші бір таңбалы сан?

8.Азайғыш 5,азайтқыш 3, айырманы тап.

Сандар құрамын толықтырайық

 Мен тиінмін,тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа

Іші жылы үйімнің.

-Тиін қысқа қандай азық қорын жинайды балалар білесіңдер ме?

-Жаңғақ,саңырауқұлақ,ағаштың бүрі.т.б

-Тиін саңырауқұлақтарды кептіріп жинап жүр екен көмектесейік.

1.Тиіннің тапсырмасы:7,8,9 сандарының құрамын табу,себетке салу.

Сергіту минуты

  1. тапсырма:Оқулықпен жұмыс. №1.80бет.

1-қатар                                                                         2-қатар

7+1           7-7                                                   6+2            4-3

9-2            4+2                                                 7+0             8+1

4-2           8-0                                                   9-3             6-6

№2.Салыстыр: артық,кем,тең таңбасын қой.

  • Салыстырудың неше белгісі бар?

4см*3см                                                                     7*7+1

7см*9см                                                                     9*9-1

6см*8см                                                                     3*3+3

№3. (ауызша) кесінділерді сызғышпен өлше.

Сергіту сәті

-Мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Өзінше ноян

Қорқақ не? …..

Қоян сәбіз сеім келіп тұр дейді.

Қоянға сәбіз жинап берейік,

Кім сәбіз жинасады?

№4. Тақтада орындау.

4+4                                7-2                                        2+4

№5.

Бірінші қандай қарындаш қойылды?  Көк

Екінші қандай қарындаш қойылды?  Жасыл

Үшінші ше?    Сары

Төртінші ше?    Қызыл

Кірпінің тапсырмасы:

1.Кім тез есептейді?

а)Шомылып жүр үшеуі,

Жағалауда алтауы.

Балалардың барлығын,

Санап берші сен тауып.    /9 бала/

ә)Төрт қаз ұшып барады,

Биіктен төмен қарады.

Аяқ нешеу,бас нешеу?

Жауабын кім табады?     / 8 аяқ,4бас/

б)Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі?

Кәне кім тез табады?     /5 қаз/

в)Бес асықтың екеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?      /3 асық/

2 тапсырма:

1.Ребус шешу

(алтын,тон,күш,сона,жүзім)

Кестені толтыр.

  5    6     7       8      9     10
      -5            

 Қорытынды:

-Сонымен балалар бүгін біз қайда бардық?

-Орманнан қандай жануарларды көрдік?

— Оларға қандай көмек көрсеттік?

1.Қосу амалындағы сандардың атауы?

2.Азайту амалындағы сандардың  атауы?

3.Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

«Санамақ»  әнін айту

Мадақтау.(жұлдызша,шаршы)

[bws_related_posts]

 

            

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *