Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Шабдаржап ауылы
Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Зиеденова Гүлсім Ныгиметқызы.
Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелер.
Сабақтың мақсаты: 1. Бірыңғай мүшелердің жеке сөзден ғана емес, сөз тіркесінен де жасалатынын түсіндіру, сөйлем ішінен сөз тіркесінен жасалған бірыңғай мүшелерді таба білу; сөйлем мүшелерінің байланыстарын синтаксистік қызметіне қарай ажырата білуге үйрету.
- Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді сөйлеу кезінде пайдалана білу дағдыларын дамыту.
- Еліміздің тарихын танып білуде археологтар тапқан көне затттардың маңызының қаншалықты қажет екенін ұғындыру;тарихи жәдігерлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаттығу,практикалық жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа білім
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
ІӀ. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.
— Қазір қандай мезгіл?
- Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
«Жапырақтар жинау» ойыны
— Сөйлем дегеніміз не? Айтылуына қарай нешеге бөлінеді?Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
-Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Жай сөйлем нешеге бөлінеді?
— Жалаң сөйлем,жайылма сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем мүшесі дегеніміз не? Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?
-Тұрлаулы сөйлем мүшесі,тұрлаусыз сөйлем мүшесі дегеніміз не?
-Бастауыш дегеніміз не? Баяндауыш дегеніміз не?
-Бастауыш пен баяндауыш сөз табының қайсысынан жасалады?
ІІІ. Өткенді еске түсіру, қорытындылау.
Жаңа сабақты меңгеруге дайындық жұмысы ретінде алдымен сөйлем мүшелерін,тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерді қайталау.2-3 сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдату арқылы,сөйлем мүшесі болу үшін белгілі бір сұраққа жауап беріп,сөйлем ішінде белгілі бір қызмет атқару керек екенін естеріне түсіру.
Күзгі демалыс аяқталып келеді.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық жұмысы ретінде бірыңғай мүшелерді қатыстырып, оқушылар сөйлемдер құрайды. Бірыңғай мүшелерге сұрақ қояды, олардың қандай сөзбен байланысып тұрғанын, сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын айтады. Әртүрлі сөйлемдерді талдай отырып, сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің кез келгені бірыңғай мүшелер бола алатынын аңғару керек.
Мысалы:бір оқушы партаның үстіне оқу құралдарын шығарып қояды.Оқушыларға дәптерін,кітабын,қаламын,сызғышын,қарындашын көрсетіп,бұл құралдардың бәрі Дәурендікі екені аңғартылады.Содан кейін оқушылар Дәуренде кітап,дәптер,қалам,қарындаш,сызғыш бар деген сөйлем құрастырады.
-Бұл сөйлем құрамында жеті сөз бар,олардың ішінде кітап,дәптер,қалам,қарындаш,сызғыш деген бес сөз бірдей ме?
-Бұл сөздер қандай сұраққа жауап беріп тұр?
-Нелер? деген сұраққа жауап беріп,бастауыш болып тұр.
Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан,олардың сыртқы тұлғалары да бірдей болып келетіні ескертіледі.Одан кейін осы бір сұраққа жауап беріп тұрған сөздердің орындарын ауыстырып қолданыла беретіні де аңғартылады.
Келтірілген сөйлемдердің бірыңғай мүшелері болып тұрған жеке сөздерді сөз тіркесі түрінде айтуға жетелеу. Бірыңғай мүшелер бір – бірімен дауыс ырғағы арқылы байланысатынына, оқығанда, арасында кідіріс жасалатынына назарларын аудару. Себебі дұрыс дауыс ырғағымен оқуға үйренсе, тыныс белгісін де дұрыс қоя алатын болады.
Ү. Оқулықпен жұмыс.
1 – жаттығу.(слайд)Әр топтағы сөздерді оқу сұрақ қою.Қай сөз табы екенін анықтау. Артық сөзді табу.Ол сөздің неге артық екенін дәлелдеу.
Қарағай,қайың,тербелді,қарағаш,үйеңкі;(нелер?,Зат есім,Бастауыш,етістік)
Ойнады,секірді,жүгірді,ойнақтады,қалың;(не істеді?,Етістік,Баяндауыш,сын есім)
қыр мұрынды,ашық маңдайлы,он бес,жылы жұзді;(қандай?,Сын есім,сан есім)
екі жүз,көп,алпыс,мың;(қанша?,Сан есім)
2 – жаттығу арқылы бір сұраққа жауап беретін сөздер тобының бір сөйлем мүшесімен байланысатынына көздерін жеткізу.Сөйлемдердің оқылуындағы дауыс ырғағына көңілдерін аудару.
құрт оқулығын май күнделігін таза ұстайды. ірімшік алынады. дәптерін кілегей қаймақ
жүгіреді орады тормен ойнайды балалар. бастырады астықты. қармақпен аулайды. секіреді ұшырады аумен
Сергіту сәті
«Жұбақты математика»ойын
1.Картоп,қызылша,қызанақ,сәбіз,қияр қосылғыштар.Қосынды не болады? (көкөністер)
2.Қосынды төрт түлік мал.Қосылғыштарды тап.
3.Орындық,үстел,шкаф,диван қосылғыштар.Қосынды да не? (үй жиһаздары)
4.Қосындыда мектеп мектеп сыныбы.Қосылғыштарды тап.
3-жаттығу. Мәтінді оқып көшіріп жазу.Бірыңғай мүшелердің астын сызу.
Күн шайдай ашық,жылы еді.Бұлт та,жел де жоқ.Хамит бір ескілеу жолмен келеді.Айнала қалың орман.Бойлап,таласа,жарыса шыққан қайың,қарағаш,теректер көрінеді.
Бірыңғай мүшелерге сұрақ қою,олардың арасына қандай тыныс белгісі қойылғанын талдау.
5-жаттығу. Өлеңді оқып көшіріп жазу.Бірыңғай мүшелердің астын сызу.Бірыңғай мүшелердің астын сызғызу.Бірыңғай мүшелер қай сөз табынан жасалғанын,қандай сұраққа жауап беретінін табу.
Отырар қаласы туралы және археолог мамандығы туралы қысқаша мәлімет беру.
Ойға шабуыл:Өлеңді тыңдау,ішінен бірыңғай мүшелерді табу.
Ғылым таппай мақтанба.
-Өлеңнің авторы кім? А.Құнанбаев.
1.Өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек бекер мал шашпақ!
2.Талап,еңбек,терең- ой,қанағат рақым ойлап қой.
VӀ. Сабақты қортындылау:
Бірыңғай мүшелер қандай қызмет атқарады?
Бірыңғай мүше:Бәрі бір сұраққа жауап береді.Сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқарады.Бәрі бір сөз табынан жасалады.Сөйлемдегі бір мүшемен байланысады.
Бірыңғай мүшелер арасына қандай тыныс белгісі қойылады?
Біірыңғай мүшелер арасына үтір қойылады.
VӀӀ. Үйге тапсырма: (түсіндіру) 4-жаттығу. (52 бет)
VӀӀӀ.Мадақтау.Бағалау.
[bws_related_posts]