Басы » Cыныптан тыс » Халықтар достығы бірлікте

Халықтар достығы бірлікте

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернат
Мектеп-интернат тәрбиешісі
Тулегараева Бибигул Алшаровна

Тақырыбы:         Халықтар достығы бірлікте

Мақсаты: Оқушыларға ҚР әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдерінің алтын бесік болғандығын ұғындыру, Қазақстандық патриотизмге елен,жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып,үйлестірмелі қағаздар, қанатты сөздер,гүлдер,шарлар,ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар.

Жүргізуші:  Қайырлы күн ардақты ұстаздар! Құрметті қоңақтар мен оқушылар!ҚР мекендеген ұлтты мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік келісім-ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиымызға қош келдіңіздер!

ҚР-да қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

1.Жүргізуші:

Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан

Ортақ жердің байлығы

  1. .Жүргізуші:

-Құрметті қоңақтар, еліміздің мекендейтін басқа ұлт өкілдері бізді мерекемен құттықтап келіпті, қарсы алайық қошеметпен!

«Музыка»

Бүкіл ұлттар сахнаға шығыпамандасады.

Хормен: Ақпыз, қара сарамыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша –бау.

Болсын жер мен  су ортақ,

Болсын бізге ну ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

  1. 1.Жүргізуші:Алғашқы кезекте өзіміздің ұллтық

Лезген, кәріс үн қосқан.

Дос жүректер біріккен,

Мейірлері жарасқан.

(Нұрсұлтан Дәулет, Айнагүл , Ерлік Аслан, Камела)

-Қадірменді бір досымыз-өзбегім,

Қалтқысы жоқ демен бейне өз демім.

Өз көзімдей жаңға жайлы сөздерің,

Өз көзімдей күлімдейді көздерің.

Дәм тұзұзымыз араласпыз әріден,

Дастарқандар жайылады сәнімен.

Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,

Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.

(Айбек)

Қазақ,қырғыз бір сананың егізі,

Екі жұрттың бірге екен негізі.

Қырғыз озса –олқырғыздың мерейі,

Қазақ- қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,

Бір тамырдан сендер өскенқос шынар.

Дос туыстар көп болса да дүниеде,

Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.

(Рауан, Манар)

Қазақ жері-қонақжай төрдің жері

Қазақ елі-қас сақтай ердің елі

Толқынында тарихтың қуған көрген

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Зобалаңда көп шеккен қасіретті

Ұлт ұрпағы өнерлі өсиетті

Риза көңіл менен елге деген

Арнайды барша халқы ақ тілекті.

Достық, бірлік жайлы тақпақтар.

(Бейбіт,Ерлан,Ақеділ,Берекет,Диана, Нұрлыбек,Батырхан)

Жүргізуші:     Ақ қара деп алдымен,

Елім бөлмес адамды,

Дәстүр, өнер, салтымен

Таңқалдырған ғаламды.

(Достық)атты бір шанырақ астына шоғырланған әрбір ұлт бүгінгі мерекеде ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Жүргізуші: Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын, бар халқымның ынтымағы!

Бармысын, қазағымның ыңтымағы!

Ұл балалардың орындауында «Джентельмен»биі.

Жүргізуші: Кім білмес қазағымның қою шайын,

Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.

Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,

Құрметпен шығаратын төрі дайын.

Келіңіз ұсынамын төрден орын,

«Досым» деген адамға міне қолым.

Әр қазақтың жүрегіне осы тілек,

Адам, оң сапарда болсын жолың.

Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ.Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.

Қазақстан!Біздің туған жеріміз осылай аталады.Қазақ жері ұлан – байтақ.Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000км, ал солтүстіктен онтүстікке қарай 1600км созылып жатыр.Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлемі -2млн.700 мың шаршы километр.

Би Аслан : «Робот биі»

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Хормен:       Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асар тау,

Болсын жер мен су ортақ,

Болсын бізге ну ортақ.

Ақпыз,қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріиіз.

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар!  1Мамыр құтты болсын!

Хор: «Көк тудың желбірегені»

Осымен –мамыр ҚазақстанХалықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама аяқталды.Мереке баршаңызға құтты болсын ағайын! Құттықтау сөз.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *