Басы » Tәрбие сағаттары » «Жақсылық жасауға асығайық».

«Жақсылық жасауға асығайық».

Қызылорда облысы

 Арал  қаласы

№2 облыстық арнайы санаториялық  мектеп – интернаты

Рзағазиева Жанар Әділқызы

«Жақсылық жасауға асығайық»

  • жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар «Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық акциясына қош келдіңіздер!
  • жүргізуші: Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «Балалардың құқықтарын қорғау» комитетінің 2014 жылдың 16 қыркүйектегі бұйрығымен 29 қазан «Қамқоршылар күні» мерекесі болып жарияланған. «Қамқоршылар күні» мерекесі құтты болсын!

1  — жүргізуші: «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей  қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

2 – жүргізуші: Бүгінгі қайырымдылық акциясын ашу үшін  балалардан қай кезде болмасын өз мейрімін, қамқорлығын аямай  жүрген  мектеп басшысы  Қалия апайды бүгінгі мерекелік лебізін тыңдауға   ортаға шақырсақ.

1-жүргізуші: Апайдың сыйлығын қабылдауға

Бақытжанов Ерасылды 2с

Өтемұратова Еңлікті 1 с

Естайұлы Әділбекті 1 с

Естайұлы Бексұлтанды 3с ортаға шақырамыз.

Ән. «Сыр сұлуы» Тұрғанбаев Бекұлан, Қыпшақова Ақнұр.

1 – жүргізуші: Бар байлығымыз, һәм бақытымыз  — бала, өмірдің гүлі де  солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла, өйткені  бақытымыздың баяндылығы да  балалармен өлшенбек.

2- жүргізуші:Балаларды қорғау керек  бәрінен

Қардан, қыстың қаһарынан кәрінен.

Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш

Балаларға бөлінбесін алалап. — дей келе «Аялы алақан» тобы  мүшесі, қайырымдылық шараның өтуіне аса жауапкершілік танытып, шараға ұйытқы

болып жүрген  Лиман апайды ортаға шақырамыз. Апайларының сый-сияпатын қабылдап алуға оқушыларымыз

Жақсылықов Бауыржан 7 с, Болатов Төребек 6 с.

Бақытжанова Тоғжанды , Өмірзақ Дінмұхаммедті  шақырамыз.

Ән. «Мама». Құлиясова Камила

1 – жүргізуші: Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс — тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.

2 – жүргізуші: Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Осындай көмек қолын әр кез балалардан аямай келе жатқан тағы да жомарт апайларымыз Несібелі апай мен Ұлбосын апайды, Алмажан апайды, Роза апай, Шынар апайларды  шақырамыз. Сый – сыяпат қабылдау үшін ортаға  Қаласқызы Жібек , Бақытжанова Тоғжан, Орынбаева Несібелі мен Кәрібек Ерасылды , Әлімқызы Әсемайды шақырамыз.

1 – жүргізуші: Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық.

2 – жүргізуші: Біз тілейміз баланың,

Бақытты өмір сүргенін.

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын, күлгенін,

Сусынымыз қанады

Өнер – білім нәрімен

Әлемдегі баланың

Дос боламыз бәрімен – дей келе мектебіміздің күміс көмей әншісі Қыпшақ Ақнұрдың орындауында «Мереке» әнін қабыл алыңыздар.

1 – жүргізуші: Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген.

2 – жүргізуші: Бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған Дәуіржан ағайымыз бен Сыпайы апайымызды  ортаға шақырамыз. Сый – сыяпат қабылдау үшін Жақсылықов Нұрсұлтан, Орынбаева Меруерт, Сахиева Жадыра, Ақылова Мадинаны  шақырамыз.

Ән. «Жүрек жылуы» Сәрсенбаева Аяулым,  Дөңесов        Жеңісбек

1 – жүргізуші: Бүгінгі «Жақсылық жасауға асығайық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға қол ұшын созып, әрбір баланың қуанышы өз баламның қуанышы деп бағалаған мектеп ұжымына және емші Ербосын інімізге  айтар алғысымыз шексіз.

2 – жүргізуші: 29 қазан Қамқоршылар күні мерекесіне және сол мереке аясында өткізіліп жатқан қайырымдылық шараларына өз тілегі мен ризашылығын  білдіру үшін ортаға ата –ана Өтебаев Досболдың әжесіне өз лебізін білдіру үшін ортаға шақырамыз.

  • жүргізуші : «Бала өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген  ұстанымды алға қойған, апа – ағаларымыз көптеген игілікті істер атқаруда. Аялы алақанда әлпештеп, жүрек жылуымен әр балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялата білген, бүгінгі кешке атсалысқан  медиктер қауымына алғыс айтып ортаға Бағия апайды шақырамыз. Сый – сияпат қабылдау үшін  Ақылова Меруерт 5 с, Сұлтанғалиев Жарасхан,Зауқымова  Аққалқаны ортаға шақырамыз.

2 – жүргізуші:  Мейірімді ізде таза, аңғал жүректен,

Селт еткізіп сезімді бой дір еткен.

Мейірімділікті сіңірген адам бойына

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

Біреудің бақытына ортақтасқан,

Адамдық мәртебеңді зор етеді

Жарығы жақсы адамның күндізгідей

Әлемді жылуымен күн етеді. – дей келе бүгінгі  «Жақсылық жасауға асығайық» атты  кешімізді аяқтай келе балаларымызға барлық жылулықты аямайық, бала – бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын.     Қош сау болыңыздар!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *