Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
№3 ЖОББҚМ
Мектепалды даярлық тәрбиешісі:
Сағынғалиева Нағиша Тұрарбекқызы.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сауат ашу және жазу.
Тақырыбы: «Ққ дыбысы және әрпі».
Мақсаты: Қ дыбысы және әрпімен таныстыру. Қ дыбысына сөз, сөйлем құрау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тілдерін, ойлау қабілеттерін арттыру. Таза, ұқыпты жазуға, ертегі, тақпақ, ойын арқылы сөздік қорларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, сахналау, тақпақтар айтқызу.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Психологиялық дайындық жасау.
Өткен сабақты пысықтау.
Балалар, өткен оқу іс-әрекетімізде қандай дыбысты білдік? а) О дыбысы туралы кім айтып береді? ә) О дыбысы бар сөздерді буынға бөліңдер. б) О дыбысы бар сөздерді текшемен жазу. г) кім оқып береді? |
Армысың, ару күн!
Армысың, көк аспан! Армысың, жер-ана! Амансың ба, досым!
Үлкенге сіз, Кішіге сіз, Сәлем бердік сіздерге Құрметпен біз!
Балалар жауабы.
Орман, от, орамал.
Текшемен жазу. От Тақтадағы сөздерді оқу.
|
Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңдері
Ой шақыру.
Топқа, орталықтарға бөлу.
|
1.Балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырайын.
1. «Өзі қатты жасыл, Іші тәтті қызыл». 2. «Итке ұқсас пішіні, Жаратпайды кісіні». 3. «Жапан түзде жалғыз өзі жортады». 4. «Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар». 2. қарбыз, қасқыр, қоян, қозы деген сөздердің басында қандай дыбыс естіліп тұр? Олай болса, «қ» дыбысымен танысамыз. «Қ» әрпін көрсету. «Қ» дыбысы кедергімен айтылады. Ол дауыссыз дыбыс. Қандай текшемен белгілейміз? Қандай бояумен бояймыз? Қандай түсті киіз үйдің ішіне қоямыз? Бәріміз және жеке айтып шығайық.
3. Сергіту жаттығуы.
4.Әрі қарай 4 орталыққа бөліп тапсырмалар беру. 1. «Таным» орталығы.
2. «Тіл дамыту» орталығы.
3. «Ертегілер» орталығы.
4. «Ойын және шығармашылық» орталығы. |
Балалар жауабы.
Жұмбақтарды шешеді.
Балалар жауабы.
Тақтаға бәрі қарайды.
Сұрақтарға жауап береді.
«Қ»
Орнымыздан тұрамыз, Қылқаламды қоямыз. Иіліп оңға бір, Иіліп солға бір Белімізді жазайық Әсем жазу жазайық.
«Қ» әрпін жазу.
Қасқыр, қоян, қозы туралы тақпақтар айту. «Ақымақ қасқыр» ертегісін сахналау. «дыбыстап, дыбысқа сурет қос» ойындарын ойнайды. |
Іс-әрекетті бағалау кезеңі.
Ой шақыру.
Қорытындылау. |
Сонымен, балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Қ дыбысына қандай сөздер ойлап табуға болады?
Қ дыбысы қандай дыбыс? Қандай текшемен белгілейміз?
Балалар, біздер қ дыбысына байланысты тыйым сөздері бар тақпақтар жарысын өткіземіз.
Бүгін оқу іс-әрекетімізде жақсы жұмыстандыңдар, жақсы жауап бердіңдер. Мен сендерге смайликтер беремін. |
«Қ» дыбысымен.
Балалар жауабы. Қоян, қасық, тышқан, ұшақ, қар, қайық.
Балалар жауабы.
Барлық бала жаттаған тақпақтарын айтады. Суреттерін қолдарына ұстап тұрады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Дыбыстарды және «қ» дыбысын біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Қ дыбысы дауыссыз, кедергімен айтылатынын.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Түстермен бояуды, текшемен жазуды, ертегі сахналауды, дыбыстық талдауды, буынға бөлуді.
[bws_related_posts]