Басы » Биология » Табиғат – тіршілік анасыбет 44

Табиғат – тіршілік анасы

АйгулКулмырзаева Айгул Баймырзаевна


Қызылорда облысы  Арал ауданы

№2 Облыстық арнайы санаториялық

мектеп – интернатының

 Биология пәнінің мұғалімі

   Табиғат – тіршілік анасы 

Сабақтың мақсаты: Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.
Еліміздегі қалың жұртшылықты алаңдатып отырған экологиялық мәселелер туралы айту, адамдардың шаруашылық әрекетінен туындап отырған экологиялық мәселелердің шешу жолдарын табуға ат салысу

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Табиға –тіршілік анасы»- атты,, биология апталығының қорытынды кешіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Жер ана мен өз анаң егіз екен,

                      Мейірімдері мейлінше теңіз екен.

                      Анам туды, Жер Ана жетілдірді,

                      Осыны өзім өмірге негіз етем. Шынымен де, адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата- бабамыз «Жер- қазына, су- алтын, мал-байлық »- деп, өсиет айтып келгені тегін емес.

Шамаева Жансая Оралхан Бөкейовтің  өлеңі

1 — жүргізуші:

Туған жерді анам демей не дейін

Туған жерді панам демей не дейін

 Туған жермен асқақ менің ән- жырым

Туған жермен асқақ менің мерейім – дегендей Туған жер әнімен ортаға Аяулымды шақырамыз.

2 — жүргізуші:
Табиғаттың тарылтпайық,
Мөлдір, кәусар тынысын,
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың!
Ей, адамдар!
Қалай ғана қатігездік жасайсың,
Ол анаң ғой, ал сен оның кенже ұлысың
1 — жүргізуші:
Ей, адамдар!
Күн мен гүлден жаралған,
От сезім мен мейірім содан таралған.
Тіршілік иесі – Жер анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде,
Ах, ұрады дүние,
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар, кім ие?
2 — жүргізуші:
Бар дейсің бе, өмірде азап ондай,
Дүние озса, ол енді азады оңбай.
Адам таза болмайды ешқашанда,
Айналайын табиғат таза болмай.

1-жүргізуші: Табиғаттың тынысы кең, тілі бай,

                       Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы- ай.

                       Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде,

                       Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай.

2 — жүргізуші: Табиғаттың құшағы кең шуақты,

                       Көргенім жоқ оған теңдес қуатты.

                       Күйіп-пісіп табиғатта кейде бір,

                       Адамдарша күңіренетін сияқты.

 

1-жүргізуші: Табиғат әсемдіктің төркінісің,

                      Ән саламын бір сенің көркің үшін.

                      Бүкіл адам табынып бір өзіңе

                      Сенен алып тұрғандай бар тынысын- дегендей, ендігі кезекті әнге береміз

Ән: Жасұлан мен Жалғасбекті  Атамекен әнімен ортаға шақырамыз

2-жүргізуші: Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жау бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болуымен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

1-жүргізуші: Қоршаған ортаны сүюге, табиғатты аялауға, қорағуға тәрбиелеуге экологиялық есептер беріледі.Олай болса экранға назар аударыңыздар. Көрермендерге арналған .Жауапты тапқан оқушыларға сыйлығымыз бар.

2-жүргізуші: Табиғат қызығам сенің суретіңе,

                       Бас ием сенің құдіретіңе

                       Тұрасың күллі  әлемге нұр таратып,

                       Тұтқасы тіршіліктің күн бетіде.

1-жүргізуші:  Сұлу дала.Менің сүйген еркемсің,

                        Жаным сенен жаратылған өлкемсің

                        Қандай жақсы,қазақ болып туғаным.

                        О,туған жер!Тамашасың көркемсің – дей келе оқушылардың табиғатқа деген шығармашылығын тамашалаймыз. Әр сынып табиғатқа деген суреттерін таныстырсын.

 

1-жүргізуші: Табиғат, Жер Ана , Отан, Туған Жер, Атамекен деген киелі киелі сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық  сезім ұялататын ұлы да қасиетті ұғымдар. Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамзаттың азаматтық борышы. Бұл туралы Елбасымыз өз жолдауында: «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда Қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген болатын.

2-жүргізуші: Экологиялық әліппе немесе «сарқылмайтын шексіз байлықтар»: жер, су, ауа, — жан — жануарлар мен өсімдіктер туралы Дана ата мен қос бала – Жайлау мен Суаттың мұңды да сырлы әңгімесі.

Көрініс: 7 сынып оқушылары

1-жүргізуші:   Табиғат-адам баласының дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы орта.

2-жүргізуші:Табиғат-адам баласының дүниге келтірген аяулы –ана, бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өніп-өсер мекені.

1-жүргізуші: Туған жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем әрі бай.Ұшы қиыры жоқ теңіздей шексіз дала, неше алуан шөп, қызыл жасыл шөп өрнектеп кілем жайғандай.Табиғаттың ғажайып көріністері адам жанын үйлесімділікке, жарасымдылыққа шақырып тұрғандай.Туған жеріміздің табиғатын аялап, гүлдендірі өз қолымызда.

 

2-жүргізуші: Адам табиғатынан сұлулықты, әдемілікті үйренеді.Ол үшін адамға табиғатты тану, сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну керек.Адам табиғаттың сұлулығын әсерлі сөзбен, сырлы өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізе алады.Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі.  

  • жүргізуші: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

                         Жер бетінің ажары ол – сәніміз.

                        Туған өлке табиғатын аялап,

                        Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз. Дей келе келесі әніміз «Ақкөгершін»

Орындайтын Мунира

2 — жүргізуші: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң, жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып  туғанымыз,

           О, туған жер, тамашасың, көркемсің – дей келе бүгінгі кешімізде сөз кезегін мектеп директорына береміз.

Сау болыңыздар

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *