Қызылорда облысы Арал ауданы
№2 Облыстық арнайы санаториялық
мектеп –интернатының
Биология пәнінің мұғалімі
Құлмырзаева Айгүл Баймырзақызы
Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
- Білімділік: Жүйке жүйесінің бөлімдерін таныстыру. Жұлынның маңызы, құрылысы мен қызметі, шартсыз рефлекстің рөлі туралы оқушыларға білім беру
- Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын талап ететін тапсырмаларды пайдалана отырып интелектуалды қабілеттеріндамыту; Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту
- Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге, денсаулықты күтуге, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу;
Сабақтың негізгі идеясы: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану, оқыту үшін бағалау, ,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету талантты және дарынды балаларды оқыту, АҚТ-ны пайдалану
Құрал – жабдықтар: жүйке жасушалары мен ұлпалары, жүйке жүйесінің бөлімдерінің, жұлынның құрылысы көрсетілген көрнекі кестелер; интерактивті тақта..
Сабақ типі: Аралас.
Іс — әрекет түрлері: жеке жұмыс, топпен жұмыс, диалогтік әңгімелесу, оқулықтағы суреттерді, кестелерді пайдалана отырып жұмыс дәптерлеріне тірек -сызбанұсқаларын құру,
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды топқа бөлу; ( 1,2,3, сандары бойынша оқушыларды 3 топқа бөлу)
Тренинг «Өзінді және басқаларды тану» 1. «Бағалайтын қолшатыр»
-Ашылған қолшатыр суретін салыңыз, әр сымына көршіңізді сипаттайтын сөзді жазыңыз.Неше сым сонша сөз болу керек.
ІІ. Үй тасырмасы.
- Қызығушылықты ояту . Ой шақыру.
1\Нейрон – жүйке жасушасы
2\Аксон – нейронның ұзын өсіндісі
3\Дендрит – нейронның қысқа өсіндісі
4\Рецепторлар – сезімтал аксонның талшықтары
5\ Сұр заты – нейрон денелерімен қысқа өсінділерінің жиналуы ми мен жұлының сұр затын құрайды
6\Ақ зат – май қабығымен қапталған ұзын өсінділер
7\Сезімтал нейрондар – орталыққа тепкіш
8\Қимыл – қозғалыс нейрондар-орталықтан тепкіш
9\Аралық нейорндар – өткізгіш
10\Синапс – нейронның бұлшықет талшығымен түйісуі
11\Медиатор – химиялық зат
12\Биоэлектрлік ток – жүйке талшықтары бойынша 0,5-120 м\с-ке дейінгі жылдамдықпен таралатын жүйке импульстері
13\Рефлекс – орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және басқарылатын,сыртқы немесе ішкі тітіркенгіштерге жауап реакциясы
14\Рефлекс доғасы – жүйке импульсі өтетін жол
15\Тізе рефлексі – ең қарапайым рефлекс
- Биологиялық диктант (Ұжымдық жұмыс) (Интерактивті тақтада орындау)
1.Нейрон денелері мен қысқа өсінділердің топтасуы (ми мен жұлынның сұр затын) құрайды.
2.Ақ май қабығымен қапталған ұзын өсінділер – аксондар (ақ затты) түзеді.
3.Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталуы жүйке ұштарын – (рецепторлар) құрайды.
- Нейрондар: (сезімтал, қозғалтқыш, аралық ) бөлінеді.
- Жүйке жасушалыры: (денесінен, өсінділерден, жүйке ұштарынан) тұрады.
- Сұрақтар:
- Нейрон дегеніміз не?
- Қандай жүйке жасушасын сезімтал нейрон дейді?
- Қозғалтқыш нейрондардың қызметі қандай?
- Аралық нейрондар жүйке импульсін өткізуде қандай рөл атқарады?
- Жүйке импульстері қалай бір жүйке жасушасынан екінішісіне беріледі?
- Рефлекс дегеніміз не?
- Рефлекс доғасы дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Жүйке жүйесі
- Орталық
- ми
- жұлын
- Шеткі
- соматикалық
- вегетативті
- симпатикалық
- парасимпатикалық
IV.Жаңа тақырыпты меңгерту;
Сыныпты топқа бөлу: Топтарға тапсырма беру:
І топ. Сілтеме табушылар. «Жұлынның құрылысы мен қызметі» (мәтінді оқып, жаңа ұғымдарды табыңыздар)
ІІ топ. Баяндаушы топ. «Жұлынның қызметі» (оқулықтан мәтінді оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып жауап беру.
ІІІ топ. Ізденуші топ. «Жұлынның құрылысы» (оқулықтан мәтінді оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып жауап беру.
- Қорытындылау: (Ұжымдық жұмыс)
1.Жүйке жасушалары-________________.
2.____________-жүйке импульсі өтетін жол.
- Жүйке орталығы — ________________
_________________________________
- 4. Рефлекс — _______________________
- Бұлшық ет синапсы- ______________
__________________________________
- Дендрит — _______________________
__________________________________
- 7. Рецептор — _______________________
_________________________________
Кітаптағы(50 бет) сәйкестік тестісімен жұмыс.(жеке жұмыс)
Нейрондар қызметі | Нейрон түрлері |
1.Тітркенуді жүйке импульстеріне түрлендіреді. | а)сезімтал
ә)аралық б)қозғалтқыш |
2.Миға ішкі мүшелер мен сезім мүшелерінен жүйке импульстерінмберуді жүзеге асырады. | |
3.Мида бір нейроннан екіншісіне импульстерін беруді жүзеге асырады. | |
4.Жүйке импулстерін бұлшық етке, бездерге және басқа атқарушы үшелерге береді. |
Сәйкес жауаптарды жазыңдар
1 | 2 | 3 | 4 |
- Рефлексия
Сабақтың маған әсер еткен тұсы | Оған менің көзқарасым |
VII. Үй тапсырмасы. §13 мәтінін оқып-білу, Терминдерге анықтама жазу, жаттау Шығармашылық жұмыс әр топ «Жұлының зақымдануының адам өміріне қауіптілігі» тақырыбында презентация жасап келу немесе реферат дайындау
VIІI Бағалау: Оқыту үшін бағалау; «Екі жұлдыз, бір тілек» (Сабақтың басында оқушыларға кесте таратылып беріледі, өздері орындаған тапсырманы белгілеп отырады. Сабақ соңыныда мұғалімге тапсырады, мұғалім осыны ескере отырып жиынтық баға