Басы » Бастауыш сыныптар » Жүзден жүйрік

Жүзден жүйрік

Қызылорда облысы

Арал ауданы

№62 орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі:

Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы

Сабақтың тақырыбы:Жүзден жүйрік                                             Мақсаты: балаларды жан-жақты, білімді болуға үйрету, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдылыққа баулу, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд көрмелері.

Жоспары:1-бөлім Ширату

2 –бөлім Тіл-өнер

3-бөлім Кім жылдам

4 –бөлім Мықты болсаң ,тауып көр

5-бөлім Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы.

Барысы:Қайырлы күн,құрметті сайыскерлер,көрермендер!

Бүгінгі біздің «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»атты сайысымызға хош келдіңіздер.Сайысқа 4 топ қатысып отыр.

1-топ»Алғырлар»

Ұраны:Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»

2-топ»Тапқырлар»

Ұраны: Пайда ойлама.ар ойла,

Талап қыл артық білуге»

3- топ «Сұңқарлар»

4 топ «Бүркіттер»

Бұл ойында балалар өз білімдерін пайдаланып,санасының өскенін,сөз байлығының молайғандығын көрсетеді.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,деп,қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Ал,кәнекей,келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер,дей келе ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

1-бөлім:Ширату

Бұл бөлімде әр топқа 4сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге болады.

1-топқа:

  1. Дауысты дыбыстардың түрлері?
  2. Өзенге 8 үйрек келді, ал қаздың 2-еуі кем. Қаз нешеу?
  3. Қазақтың ұлттық аспабы?
  4. Жыл неше мезгілден тұрады?

2-топқа:

  1. Қазақстан рәміздерін ата.
  2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  3. Азайғыш 10 азайтқыш 5 айырма нешеге тең?
  4. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ кім?

3-топқа:

  1. Жыл неше мезгілден тұрады?
  2. Алматтың 6 добы бар еді, тағы 4 доп сатып алды. Алматта барлығы қанша доп?
  3. Жапырақ қай кезде сарғаяды?
  4. Ешкінің төлі қалай аталады?

4-топқа:

  1. Қасиетті тағам?
  2. 8 тоқаш болды 2-еуі желінді. Қанша қалды?
  3. Қосарланған дыбыстарды ата?
  4. Қыстың көркі не?

2-бөлім Тіл-өнер

Мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауапқа 5ұпай беріледі.

1-топқа:

  1. Ең тәтті де тіл, …
  2. Оқу білім бұлағы, …
  3. Өнер алды …

3-топқа:

  1. Ашу –дұшпан,..
  2. Тіл қылыштан …
  3. Отан ..

3-топқа:

  1. Шебердің қолы ортақ,…
  2. Отансыз адам …
  3. Ер жігіт елі үшін туады,..

3-топқа:

  1. Мектеп кеме,…
  2. Жақсы жолдас жанға серік,..
  3. Қыз елдің көркі,…

3-бөлім: Кім жылдам?

4+1+1              7+1+1                9-1-1               7-4+5

3+2+1              8+1+1                8-1-1               2+5+3

6+1+1              9+1+0                7-1-1               1+0+3

4-бөлім :Мықты болсаң,тауып көр.

Бөлшектерге бөлінге суреттерді құрастыру

5-бөлім Егерде мен Президент болсам……………..

Егерде мен досыммен ренжісіп қалсам…………..

Егерде мен сабаққа дайындықсыз келсем…………

Егерде мен нашар баға алсам……………….

Қорытынды:

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі қазылар алқасында.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап,жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те ,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!

[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *