Басы » Бастауыш сыныптар » Жұп дауыстылар. Көкемнің ақылы.

Жұп дауыстылар. Көкемнің ақылы.

Қызылорда облысы,

Арал ауданы

№62 орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі:

Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы

Сабақтың тақырыбы:  Жұп дауыстылар. Көкемнің ақылы.

Сабақтың мақсаты:

1.Өзара ұқсас жұп дауыстылар  жайлы білімдерін бекіту. Жаттығулар пысықтау. «Көкемнің ақылы»  өлеңін  оқып, оның негізгі идеясын ашу.

2.Өлеңді   дұрыс,түсініп оқуға машықтандыру. Түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың іскерлік,танымдық қабілеттерін арттыру, көркем жазуға баулу.

3.Оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: ізденіс,өзіндік жұмыс,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,сабақтың мазмұнына сәйкес келетін суреттер,сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

— Сабаққа назарын аудару.Құрал-жабдығын ретке келтіру.

—  Психологиялық дайындық.Орындарынан тұрып қайталайды:

Сыныпта біздің тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Күнделікті қызықты

Кезекті сабақты бастаймыз.

Көркем жазу. Ққ  Ққ      Қымбат, қарындаш, қуыршақ.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Әке мен бала» әңгімесінің мазмұнын айту, талқыға салу.

«Ой ашар» бөлімі. Тақтаға  шие, таға  ,ата, ұста — суреттерін іліп, Осы суреттер бойынша не айтуға болатынын сұрау. Балалардың жауаптарын толық алу.             

 

Еріншек екі істер. Мақал  мағынасын ашу.

Дәптерге жазу.

— Мақалды талдау. Дауысты дыбыстарын тауып, олардың жуан жіңішке екендігін талдау.

— Сөздердің қалай естіліп тұрғандарын талдау.

 

Жаңа сабақ . 50-жаттығу.  Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Тақтада орындап, талдау жұмысын жүргізу.

Дәрігер ауруға дәрі  берді. Әскер күзетте тұр. Әбішұлы Әріп – тәртіпті, ұқыпты оқушы.

Әріп дәптерлерін таза ұстайды.  Әсем сәнді киініп жүреді.

 

 

Сөздер Жуан

 дауыстылар

Жіңішке

дауыстылар

1 дәптер    
2 қалам    

 

ІІІ.Сергіту сәті.  

Достығы жарасқан,                          Бәріміз бір болсақ,

Сыйлы біз баламыз.                        Бәрін де жеңеміз

Келісіп бәрімен                               Күндей боп күлімдеп

Татулық табамыз                             Таудай боп өсеміз.

 

   51-жаттығу. Сөздерді салыстырып оқу.  Ондағы жуан –жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атау.    От-өт, ор-өр, тол-төл, қол-көл.

-Жұп дауыстыларды қайталау.

 

Мәтінмен жұмыс.  10 мин. «Көкемнің ақылы  » өлеңін  оқу, мағынасын ашу.

-Көке деген кім? Сұрағына жауап алу.

-Бұл өлеңнің авторы Қ. Мырза Әли «көке» деп кімді айтып отыр?

-Көкесі не істе дейді?

Кітаппен жұмыс. 

1.Оқушылар мәтінді тізбектей оқи отырып, мағынасын ашу. Өлеңнің негізгі идеясын ашу.

2.Өлеңнің тақырыбы неліктен «Көкемнің ақылы» деп аталған?

3.Өлеңнен әке тілегін теріп оқып, мағынасын түсіндіру.

Көкенің ақылын топтастыру:

 

Ү.Қорытынды : 62-беттегі өлеңді оқу, мағынасын ашу.

Топпен жұмыс: «Адасқан әріптер»  бөлімі : (әріптерді орнына қойып ,  сөз , сөзден сөйлем шығару. )

I топ -Ү, к, л,е г, н, е – үлкенге

II топ — Қ, р, ұ, е, м, т – құрмет –

III топ — Б, а, л, а, ғ, а,  — балаға

М, н і, е, д, т, — міндет

Рефлексия : —Не білдік?-Не үйрендік?

ҮІ.Үйге тапсырма: «Көкемнің ақылы » оқу, әңгімелеу. 62-бет, өлеңді жаттау. Менің көкем. 4 сөзден тұратын әңгіме жазу.
ҮІІ.Бағалау.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *