Оңтүстік Қазақстан облысы
Созақ ауданы
Таукент кенті
С.Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі:
Әлімбекова Сағыныш
Сабақтың тақырыбы:Астанаға ақ бата. Бата сөз. Д.Әбілев.
Сабақтың мақсаты:а)Халқымыздың асыл сөзі-бата туралы білетіндерін еске түсіру,бата сөздерінің мағынасын ,идеясын ашуға мүмкіндік жасау.
ә)ой-өрістерін,тіл байлығын дамыту.
б)Отанын,туған жерін сүюге,салт-дәстүрін қастерлеуге,үлкенге- құрмет,кішіге-ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже:бата сөздер халқымыздың ұлттық дәстүрінің жаңарған түрі мен салтының алтын қазығы екеніне сенуіне жетелеу;
Жүйелік әрекеттестік нәтиже:бата сөздерді жинақтауға,асыл сөздерді түсінуге,мәнерлі айтуға жаттығу;
Тұлғалық нәтиже:бата арқылы жақсы сөз,тілек айтуға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:плакат,тақта,маркер, «Шешендік сөздер» жинағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Қызығушылықты ояту.
а)Екі үзінді беріледі.Плакатқа жазылған.
1.Өмір берсең бақытты қып бер, 2.Екі досты айырған
Дәулет берсең,қайырлы қып бер. Түбінде өзі оңбайды,
Ұл берсең, ұнамды қып бер, Көреген болса балаңыз,
Қыз берсең,қылықты қып бер, Қиынды көзбен болжайды,
Ат берсең,жүрісті қып бер, Өзіңнен туған ұл мен қыз,
Бала берсең,ырысты қып бер. Сыйламаса,сол- қайғы.
« Шешендік сөздер» кітабынан Төле би
-Қайсысы бата?
-Неліктен олай ойлайсыңдар?
3-сыныптағы шешендік сөздерді еске түсіру:
-Бұл үзіндіні қайдан оқып едіңдер?
-Бата деген не?
«Топтастыру» стратегиясы
«Бата» сөзінің мәнін ашу
ІІ.Мағынаны тану.
« Бата сөзді» оқу.
Сұрақтар:
-Бата кімге берілген?
-Батада қандай тілек айтылған?
-Бата сөзді қайдан естідің?
Оқушылардың сөздері бойынша қорытынды жасау.
Тақтада жазылған бата мен оқулықтағы «Бата сөздің»ұқсастығы неде?
Бата сөзді құрылысы бойынша талдау.Бата болсын,бол,сақта,бер,ет,қыл,т.б.сөздермен аяқталады.Өлеңмен жазылған.
-Балалар,енді жазушы Диқан Әбілевтің «Астанаға ақ бата»өлеңін оқиық.
Диқан Әбілев(1907-2003)ақын,Қазақстанның халық жазушысы.Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.Жазушының кең тынысты сыршыл шығармаларында қарапайым ауыл азаматтарының өсу жолы суреттеледі.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолы туралы үш кітаптан тұратын көркем шығарманың авторы.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
-Ақынның қандай сезімдері байқалады?
-Батаның қандай ерекшелігі,айырмашылығы бар?
Алғашқы нұсқаларымен қайта салыстыру.Мысалы ,Астананы сипаттағаны,қарасөзбен берілгені.
Тағы да бұл батаның 1,2 батадан айырмашылығы неде?
-Адамға емес,қалаға берілген бата-тілек.
-Астана қаласы туралы не білесіңдер?
Оқушыларға Астана қаласының суреттерін көрсету.
Астана – еліміздің бас қаласы.Отанымыздың астанасы.Ол бұрын Ақмола,кейіннен Целинноград деп аталып,1992 жылдан бастап Ақмола,1998 жылдан Астана деп тағайындалды.
Дәптермен жұмыс
Ақынның Астана қаласына берген батасынан қаланы дәріптеген сөздерді теріп жазу.
Топпен жұмыс
1-топ Астана тобы Батаның түрлері
2-топ Ақ қала тобы Батада қандай тілек айтылған?
3-топ Жас қала тобы Ақынның қандай сезімдері байқалады?
-Бұл батаның басқа батадан айырмашылығы неде?
-Адамға емес,қалаға берілген тілек – бата.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар өздері салып әкелген суреттерден шағын көрме ұйымдастыру.
ІІІ.Ойтолғау.
Өздері білетін батаны жатқа оқыту.
Оқушыларға стикерлер таратып,Астанаға тілек – бата жаздыру.
Қорытынды:
Кеше,бүгін,болашақта.
«Болашақ Астана» шағын бейнеролик көрсету.
Рефлексия: Не білемін? Нені білдім?Не білгім келеді?
-Батаның тәрбиелік мәні қандай?
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Жақсы сөз- жарым ырыс.
Қазақта үлкендердің батасын алу деген ырым бар.Мұны қалай түсінесіңдер?
-Бата әдебиеттің қай түріне жатады?
Бағалау.
Үйге тапсырма:Отбасында үлкендердің бата сөзін жазып келу.
[bws_related_posts]