Басы » Cыныптан тыс » Ұстазым менің

Ұстазым менің

                                                      Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы,

Сүттіқұдық ауылы,

№52 Б.Аралбаев атындағы орта  мектеп

Захарова Мөлдір Нұртазақызы

Ұстазым менің

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мұғалімдерге деген құрметін оятып, қызығушылығын арттырып, білімге деген ынтасын арттырып, оқушыларды дарынды болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар, шарлар, гүлдер, интербелсенді тақта.

1-оқушы:

Кел, балалар,

Ойын ойнайық!

Мектебімізде «Ұстаздар күнін»

Біз де тойлайық!

2-оқушы:

Кел, балалар,

Ән де салайық.

Ұстаздар күнін қуанышпен,

Қарсы алайық!

3-оқушы:

Кел, балалар,

Кімде өнер бар,

Ортаға сал өнеріңді.

4-оқушы:

Үйретіп алғаш бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой арманы мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

5-оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен ары өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Бәрі: Ұстаздарға мың алғыс!

 

6-оқушы:

«Ел сенімін ақтайды»-

Деп ұстазым мақтайды.

Ұстазымның әр сөзін

Көкейімде сақтаймын.

Өз ісімнің маманы,

Болам іскер саналы.

7-оқушы:

Ақыл, білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім.

Сенде өсіп көктедім,

Сенсің өмір, көктемім.

Көзге ыстық партасы

Оқу қызық болғаны

Мұғалімнің арқасы.

Бәрі: Ән: «Мектебім – айтар әнім»

8-оқушы:

Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып, пән атаулыны зер салып оқып, үйреніп жүреміз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыздың шегі жоқ.

9-оқушы:

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл, білім үйреткен.

Ана тілін оқимын,

Ерекше зор құрметпен.

10-оқушы:

Математика сабағын

Жақсылап ұғып аламын.

Сәулесі де сананың,

Мәнінен ой табамын.

11-оқушы:

Ұлтын сүйген баламын,

Ұлтым — тілі анамның.

Қазақ тілі – ортақ тіл,

Тілімнен ой табамын.

12-оқушы:

Шыдап күнде мен енді,

Шынықтырам денемді.

Сүйемін ән-күй сабағын,

Суретті сәндеп саламын.

Білім берген біздерге

Бәрі: Рахмет сіздерге!

Би: Қазақтың биі «Қара жорға»

13-оқушы: Ұстаздың өнегесімен оқу-ағарту ісінің озаты атанған ұстаздарға, аға мұғалімдерге зор құрметпен бас иеміз!

14-оқушы: Құрметті, ұстаз ағайлар мен апайлар! Біз сіздерден үлгі аламыз. Сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз, сіздер туралы өзегімізден шыққан алғыс сөзімізді жеткіземіз!

Сөз сөйлесе жарқын-ақ,

Күнімізідей жарқырап.

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі,

Қасымызда қашанда,

Қамқор болып жүреді.

15-оқушы:

Кемшілікті кезінде,

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңілінің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Ақ ниетті, кең пейіл

….., ….. апайлар.

Мектебіміздегі басқа ұстаздарға да өлеңдерімізді арнаймын.

16-оқушы:

Үйретіп өмір «ұстазын»,

Үлгілі іске нұсқадың.

Ақкөңіл, іскер қашан да,

Ақылшым менің – ұстазым.

Ән: «Ұстазым» хор.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *